Сабақ №7 Сабақ өткізу мерзімі: топСабақты қортындылау
Оқытушы: Макишев Д.Н. қолы:__________________ Лекция №7. Тақырып 1.7: Сұйықтықтың қозғалыс режимдері және гидравликалық кедергілер (1 бөлімі) Ламинарлы – арын үлкен емес, ағыстың жылдамдығы да үлкен емес, судың ағыны грунттың бөлшектерін тегіс ағызады. Бұл жағдайды сызықтық деп те атайды. Жанармай және мұнай жүретін құбырларда кездеседі және қарапайым ортада кездесетін жер асты суларында кездеседі. Турбулентті - арынын көлемі үлкен болған кезде, жылдамдық өседі, су ағындары грунттың бөлшектерін ағыза отырып, қыйындау мен қосымша гидравликалык қарсылықты тудырады. Бұл жағдайда сүзілудің режімі сызықтық емес деп аталады, мұндай қозғалыс карсты суларда байқаланады, осындай ағындарды зерттеу өте күрделі болады. Тәжірибеде көп жағдайда кездесетін бұл сызықтық қозғалыс. Рейнольдс санын анықтайтын формула: , мұнда Re – Рейнольдс саны v – сұйықтықтың жылдамдығы, м/с, см/с d – құбырдың диаметрі, м, см ν – кинематикалық тұтқырлық коэффициенті, м2/с, см2/с Рейнольдс сыни саны – ламинарлы қозғалыстан турбулентті қозғалысқа ауысу саны. Rе сс=2300 Егер Re>2300, онда қозғалыс турбулентті болады, ал егер бул саннан аз болған жағдайда қозғалыс ламинарлы болып табылады. Сыни жылдамдық vс – орташа жылдамдық Рейнольдс сыни санына сәйкес болып келетін шама. Ашық арналарда кездесетін сұйықтықтың жылдамдығы Reсс=300. Сұйықтық құбырлар арқылы жүргенде және диаметрді гидравликалық радиусқа ауыстырған кездегі формула: Егер сұйықтықтың арналар арқылы қозғалу барсында, арнаның ені 20 есе тереңдігінен жоғары болса, онда Рейнольдс сыни саны келесі формуланы қабылдайды: жүктеу/скачать 91.39 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |