Сабақ. «Атмосфералық қысым»


Атмосфераның төменгі қабаттары



бет3/3
Дата05.09.2022
өлшемі64.87 Kb.
#460242
түріСабақ
1   2   3
1-зертхана Агрометеорология

Атмосфераның төменгі қабаттары

Атмосфераның төменгі қабаттары

Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера деп аталады. Онда ауаның барлық массасының 80%-ы шоғырланған. Тропосферада бұлт, тұман түзіліп, жауын-шашын, найзағай сияқты ауа райы құбылыстары болып отырады. Өйткені, судың бәрі осы тропосфераға жинақталған. Мұнда әрбір 100 м биіктікке көтерілген сайын ауаның температурасы, орта есеппен, 0,6°С-қа төмендеп отырады. 10 км биіктікте ауаның температурасы -50°С, ал қысымы 28000 Па болады (Жер бетіндегі атмосфералық қысым шамамен 100000 Па). Ал тропосфераның ең жоғарғы шекарасында температура -70°С-қа дейін төмендейді. Тропосферадан жоғары стратосфера орналасқан. Ондағы ауаның қысымы мен тығыздығы елеусіз ғана. Ал одан жоғарғы қабаттарда атмосфера мүлдем сирек. Планетадағы тіршілік үшін атмосфераның маңызы орасан зор. Атмосфера Жер бетін қатты ысып немесе суып кетуден сақтайды. Атмосфера арқылы байланыс құралдары жұмыс істейді. Ауа райы құбылыстары да атмосферада бақыланады. Жер бетінде 5 - 6 км биіктікте ауаның жартысы, ал 10-11 км биіктікте 1/4 бөлігі ғана бар. Адам 4 - 5 километрге дейінгі биіктікте өмір сүре алады. Одан әрі көтерілгенде оттегімен тыныс алуға мүмкіндік беретін арнайы құрал колданылады. Әсіресе, ұшақтарда мұның маңызы зор. Қазіргі кездегі стратостаттар мен ұшақтар көтеріліп жүрген биіктікте адам организмін оттегімен жасанды түрде қамтамасыз ету көпшілік жағдайда мүмкін болмай қалады. Мұндай биіктіктерде адам тек сыртқы сиреген ауаны жеткілікті қысымға дейін айдап, сонымен толтырылған герметикалық жабық кабинада ғана тіршілік ете алады. Ал атмосфера мүлдем жок биіктікте зымырандардың жабық кабиналарын сығылған ауа немесе оттегі қорын ала жүріп, сол арқылы ауамен қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет