Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: «жбб №5 орта мектебі»



Дата12.02.2020
өлшемі99.1 Kb.
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: «ЖББ №5 орта мектебі» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Адамбаева Б.Т.

Сынып: 7


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Ұлт бірлігінің басты факторы

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:тыңдалым мазмұнын түсінеді, талқылайды.

Көптеген оқушылар:сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Кейбір оқушылар:проблемалық сұрақтар құрастырады, өмірмен байланысты нақты мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

  • Сұрақтарға толық, дәлелді жауап береді.

  • Мәтіннен деректер келтіреді.

  • Өз жауабын басқа жауаптармен салыстырады.

  • Сұрақтарды талқылайды

Тілдік міндеттер

Ел ішіндегі бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық, бір шаңырақ астында, ұлттар мен ұлыстар, ассамблея, бірегей институт

Құндылықтар

Ұлтаралық татулық, достық.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ұлт бірлігінің басты факторы




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Сәлемдесу.


Дерек

көздер

Сабақтың басы
5 мин

Қызығушылықты ояту.


Слайд №1,2,3





Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

20 мин


6 мин

5 мин



Тыңдалым алды сұрақтар:
1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

3.Олардың арасындағы қарым-қатынас қандай?
https://www.youtube.com/watch?v=LKpLzxcROgY

Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы (1,49)



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз. Өз жауабыңызды өмірмен байланыстырыңыз:

  1. Алғашқы этномәдени орталықтар қашан және не үшін пайда болды?

  2. 1992 жылы барлық этнотоптардың орталығынқұру мақсатында қандай шешім қабылданды?

  3. Бірегей институт қалай аталады?

  4. Қанша конфессия, ұлт өкілдерін біріктіреді?

  5. Бүгінде бұл қандай орган?

  6. Ұйымның сессиясы қаншалықты жиі өткізіледі?

  7. Өз сессияларында ұйым қандай мәселелерді қарастырады?

  8. Еліміздегі бұл ұйымның қызметі қаншалықты маңызды?

  9. Халықтар арасындағы достастықты сақтауға қосқан үлесі қандай?

  10. Осы ұйымнан басқа елімізде ұлттардың мәдениетін сақтауға қандай істер атқарылады?

2-тапсырма.Тақырып бойынша өз пікіріңізді жазыңыз.

Талқылау сұрақтары:

1.Еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынас туралы не ойлайсыз?

2.Елдіктің бастауы – бірлікте» дегенді қалай түсінесіз?

3.Неліктен Қазақстанды бірлік пен татулықтың мекені деп атаймыз?


«ПОПС» формуласы бойынша талдау.

П (Менің ойымша,…)

О (Өйткені…)

П (Мысалы, …)

С (Қорытындылай келе, …)



Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы арқылы және оқушылардыңөзара комментарий беруі арқылы жүзеге асады.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі



  1. Қазақстан-..................., ................., ................. мемлекет.

  2. Елімізде ...................................ұлт өкілі тұрады.

  3. Қазақстанда тұратын халықтар арасында ..................................., ......................қарым-қатынас орнатылған.

  4. Әр облыста этномәдени топтардың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға арналған ........................ үйлері бар.

  5. Қазақстан халқы Ассамблеясы -

........................................................................................................................................................................... ұйым.

Слайд №4


Слайд№5

Слайд№6




Сабақтың соңы

2 мин




Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар:

Кері байланыс



«3-2-1»әдісімен

3 маңызды мәселе

2 жаңа ақпарат

1 қорытынды түйін жасайды.
Рефлексия: «+ - қызықты»

Үйге тапсырма: Жергілікті «Достық» үйі туралы 2 минуттық ақпарат дайындап келу.

Слайд№7


Слайд №5



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.
Оқушының барлығытыңдалым мазмұнын түсінеді, талқылайды.

Оқушылардың көбісі сұрақтарға дәлелді жауап береді.

Кейбіреулері

Проблемалық сұрақтар құрастыра алады, өмірмен байланысты нақты мысалдар келтіреді.



Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі өзара кері байланыс арқылы бағаланады.



Пәнаралық байланыс – тарих, әдебиет, әлеуметтану, саясат.
Құндылықтар: ұлтаралық достық, өзара құрмет, толеранттылық.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.
Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы әженің рөлін көрсету үшін жағдаяттық сахналық көрініс қоя алады.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:таңдалған ресурс көздері



2:жеке және топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет