Сабақ: қазақ тілі Мектеп: Пугачев мбк күні : Мұғалімнің аты-жөні: Э. С. Балымгереева



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі23.25 Kb.
#457733
түріСабақ
1   2   3
ҚМЖ 5 сынып

Тілдік мақсаттар

Мәтіннен сын есімдерді анықтап, сын есімнің түрлерін ажырата алады.

Құндылықтар



Индустияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы оқу



Оқушылар Жер, Күн, Ай , жұлдыздар туралы мағлұматтар біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрі

ресурстар

Басы


Писхологиялық ахуал: Оқушылармен амандасу. Бүгінгі күннің қандай тамаша екенін айтып, күндеріне сәттілік тілей отырып, оқушыларды түгендеу.


Топқа бөлу: Юпитер, Сатурн, Шолпан


Үй тапсырмасын сұрау: «Ашық микрофон» әдісі арқылы.
Бағалау «Екі тілек,бір жұлдыз» әдісі арқылы



Оқулық,
Сурет
АКТ

Ортасы



Тыңдалым тапсырмасы.
(Сатурн)  Оқушыларға бейнежазба ұсынылады.
Сұрақтар:

  1. Сатурн күннен бастап санағанда нешінші ғаламшар?

  2. Сатуран неге суға батпайды?

  3. Атмосфералық температурасы қанша?



Дескриптор:



  1. Бейнежазбаны көрді.

  2. Сатурн туралы мәлімет алады. Сұрақтарға жауап береді.



Оқылым.
Шолпан неліктен жарқырап тұрады?
Шолпан күнге жақын тұрған екінші ғаламшар. Ол-бетінің температурасы 450 С-қа жететін өте ыстық ғаламшар. Сондықтан ғаламшарда тіршілік жоқ. Шолпанның атмосфера қабаты тығыздалған көмірқышқыл газынан және аз мөлшерде азот пен түрлі газдардан тұрады.
Сондай-ақ Шолпанның атмосферасында бірнеше шақырымға ұласатын қалыңдықта күкірт қышқылы қабаты бар. Сондықтан ғаламшарда үнемі күйдіретін қышқыл жаңбырлар жауады. Осындай атмосфералық ерекшеліктері мен қатты ыстық болуынан Шолпанда тіршілік жоқ.
Ғаламшардың диаметрі Жердің диаметріне жақын, көлемі мен тығыздығы жағынан да Жерге көп ұқсайды. Сол себепті де оны «Жерге бауырлас ғаламшар» деп атайды. Шолпан Күнге жақын болғандықтан оны Күн шығардың алдында және Күн батысымен көре аламыз. Соған байланысты Шолпанды «Таңғы жұлдыз» деп те атайды. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың барлығы сағат тілі бойынша айналады. Ал Шолпан сағат тіліне теріс бағытта айналады. Бұл жаңалық 1956 жылы белгілі болды. Айналу жылдамдығы да баяу. Шолпанның беті негізінен ойлы-қырлы. Оны зерттегенде биік таулар мен терең шұңқырлар көзге түскен.
Шолпан күннен келетін сәуленің 76 пайызын айна секілді кері шағылыстарады.Сол себепті ғаламшар ерекше жарқырап көрінеді, бірақ бұл жағдай оның беткі қабатын зерттеуге көп кедергі келтіреді.
Дискриптор:
1.Берілген ақпартты анықтай алды.
2.Жетекші сұрақтарға жауап бере білді.
3.Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.


1-топ. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген ақпарттардың ретін көрсетіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет