Сабақ барысы: Бүгінгі біздің «Әдебиет әлемінде»



Дата03.05.2024
өлшемі18.43 Kb.
#500460
түріСабақ
Әдебиет әлемінде


«Әдебиет әлемінде» зияткерлік ойыны
Мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысы:
- Бүгінгі біздің «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сабағымызға қош келіпсіздер! Сендердің қазақ әдебиетінен қаншалықты білімді екендеріңді осы сабақта көрсетесіңдер. Сабақ сайыс болғандықтан 3 топқа бөліндіңіздер. Сайысты бастамастан бұрын қазылар алқасымен таныcтырып өтейін...
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең 1-5 ұпай аралығында бағаланады.
І кезең: Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
ІІ кезең: «Ойлан, тап». Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі. Үзінді қай шығармадан, авторы кім екенін көрсету.
І топ: Әлқисса, Шекті деген елінде Сарыбай деген бай бар еді, онда да перзент жоқ еді, Байбөрімен екеуі сөйлескенде арман қылар еді. «Біреуімізде ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен баланы кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-ау» деп жылайтын еді.( Қозы Көрпеш Баян сұлу)
ІІ топ: ...Қазанның бұл хабарын төмендегі қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы Қараман батыр естіп, атадан ер болып туғасын, «Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе?» деп, елінен аттанып шығады.(Қобыланды батыр)
ІІІ топ: Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.(Абайдың 31 қара сөзі)
ІІІ кезең: «Кітап әлемінде». Минутқа оқу
ІҮ кезең: «Кино әлемі». Бұл кезеңде қазақ киноларынан үзінді көрсетіледі, бұл қай шығармадан және авторы кім екенін көрсету.
Ү кезең: «Сен білесің бе?» Оқылған өлеңнің тақырыбын, авторын табу.
А.Байтұрсынұлы «Қара бұлт»
Даланың күнге күйіп аптабы өткен,
Үстінен бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар: «Я, құдайлап»...
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пірменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге.
Не қайыр сенің қазір жауғаныңнан
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде...»
Жиылып, кеңес тыңдап отырғандар,
Мұнда да ғибрат бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орнына мал, өнерін,
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
........
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің...
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып,
Қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ,
Мәігілік өлмейсің!
ҮІ кезең: «Білімді мыңды жығады». Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1.«Егер тілім ертең болса құрымақ Мен дайынмын өлуге де бүгін – ақ » деген қай ақын екенін атаңыз.


2. «-Ей! –Кімсің? Тірісің бе? Аққуды неге атасың, арың барма? Бұл қай шығармадан алынған және бұл сөзді кім айтты?
3. Шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр – тұлғасын суреттеу не деп аталады?
4. Қазақ хрестоматиясын кім жазды?
5. Табиғат көркін суреттеу не деп аталады?
6. Махамбеттің айнымас серігі, «Қабағын шытпас ер еді» дегені кім?
7. Әнет баба кай поэма кейіпкері?
8. Жайлы қоныс, Жерұйық іздеуші жан кім?
9. Отан-туған жер тақырыбында мақал – мәтел айт.
10. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
11.Шалқұйрық ат қай кейіпкердің аты еді?
12. Абайдың қайсы қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек өз өнерлерін айтып таласады?
13. Аналық пен Тоқтарбай – қай батырдың ата-анасы?
14. Қазақтың төл лиро – эпостық жырын атаңыз.
15.Абайдың табиғатты адам бейнесінде суреттеген өлеңі.
16. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы қандай өлеңмен ашылған?
17. Сахна үшін арналған шығарманы не деп атайды?
18. Абайдың аяқталмаған поэмасын табыңыз.
19. Үш арыс
20. Екі немесе бірнеше адамның сөйлескен сөзі.
21. «Қара қазан, сары бала, қамы үшін қылыш сермедік» деген кімнің өлеңі?
22. «Қараш – қараш» оқиғасындағы Бақтығұлдың інісінің аты кім?
23. Мына өлең жолдары қай шығармадан алынған және авторы кім?: «Сауып ішер сүті жоқ , Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты.»
24. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарын жазған ақынды ата.

ҮІІ кезең. «Кітап сыйлау» кезеңі. Кітаптарды жарнамалау. «Үздік жарнамалаушы» номинациясы тағайындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет