Жол жүру белгілері және олардың қолданысы (Тәрбие сағаты. 5 А класс)
МАИ қызметкері: - Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білімдерінді жақсы көрсете білдіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Бүгінгі тамаша сабақ үшін сіздерге алғысым шексіз. Сіздер секілді білімді ұрпақ тұрғанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, сәбилеріміздің жарқын күлкісі мәңгі естіледі деген үміттемін. Сабақта білімімен топта ерекше көзге түскен оқушыларды ортаға шақырамын.
(Көп ұпай жинаған оқушыларға «жас инспектор» куәлігі тапсырылады).
Хор: «Бағдаршам» әні.
1-жүргізуші: «Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға» – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Хормен: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
Қазақ атты елімде,
Бақытты өмір сүрейік!