Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу


Банктің есеп айырысу формаларын реттеу



бет8/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#141952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Банктің есеп айырысу формаларын реттеу

Реферат

9 апта 4 балл



Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Банктің есеп айырысу формаларын реттеу







2




Есеп айырысу формалары және есеп айырысу инструменттерi







3




Төлем құжаттарын есепке алу және картотека 2







4




Банкаралық есеп айырысу







5




Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтерi







6




Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі







7




Кассалық операциялар







8




Есеп айырысу формалары мен құралдары







9




Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары







10




Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтер







11




Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау







12




CAMEL жүйесі







15-тақырып. Банктің есеп айырысу құралдарындағы құжаттар

Жоспар:


  1. Есеп айырысу құралдары

2.Чек- төлем құралы

Теориялық мәліметтер

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім соммасы аударушыны шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттын келесі беті не жартылай төленді деген белгі қойылуңа тиіс. Қалған сомма қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімін келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат соммасы жеткілікті болѓан жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банк тік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мүндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушығың банктік шотынан, оның келісімсіз ақшаны алуға құқық беретін заңды актіге сілтеме көрсетіледі.

Чек заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сома көлемінде көптеген чектер толтырылуына құқы бар.

Чектер бірнеше түрге бөлінеді:


  • Атаулы чек тер. Оны чек Беруні белгілі бір адамның аты-жөні көрсетіліп толтырады. Ондай чектерді екінші кісіге индоссментпен беруге болады.

  • Ордерлі чек тер. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті басқа кісіге индоссаментпен беруге болады.

  • Иесі ұсынушы чек тер. Олар бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен көрсетпей-ақ бір кісіден екіншіге беруге болады.

Вексель дер сияқты, 1931 жылы Жене вада чек бойынша Халықаралық конвенція құжатқа қол қойды. Оның талабы бойынша чек те алты міндетті элементтер болуы шарт. Олар:

  • Чекті белгі яғни құжат текістісінде чек деген белгі болуы шарт;

  • Ордерлер чек тер. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға тапсырылады. Ордерлер чекті басқа кісіге индоссаменьпен теруге болады.

  • Исі ұынушы чек тер. Олар бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен көрсетпей-ақ бір кісіден екіншіге беруге болады.

Вексель дер сияқты 1931 жыл Жене вада чек бойынша Халықаралық ковенция құжатқа қол қойды. Оның талабы бойынша чек те алты міндетті элементтер болуы шарт. Олар:

  • Чекті белгі яғни құжат текістісінде чек деген белгі болуы шрат.

  • Чекті өтейтін төлеуші яғни банктің аты;

  • Төлем оны яғни банктің оналасқан жері;

  • Чек те көрсетілген соманы төлеу жөнінде жарлық;

  • Чек берген уақыт және орны;

  • Чек берушінің қолы.

Чек айналымында көптеген мемлекеттерде кейбір ұлттық заңдылықтар қолданылады. АҚШ-та және Ұлыбританияда, мысалы, чекті белгі қойылмайды.

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:



  • егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепі бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

  • сатушы белгісіз болван жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен №266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чек тер төмендегідей түрлерге бөлінеді:



  • Кепілденген чек – чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чек те көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек;

  • Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;

  • Қамтамасыз етілген чек – банкке алдан ала салған депозит пен қамтамасыз етілген чек;

  • Қамтамасыз етілмеген чек – депозит пен қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісім-шарт негізінде чек те көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері болады:



  1. «чек» деген атауы;

  2. чек номері мен сериясы;

  3. Чектің қызмет ету мерзімі;

  4. Чек берушінің СТТН-і;

  5. чек берушінің аты-жөні;

  6. Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;

  7. Чек ұстаушының аты-жөні;

  8. Чек ұстаушының СТТН-і;

  9. Чек төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;

10.Чек беруші банктің жеке банктік коды;

11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;

12. «Төлемнің тағайындалу» кестесі:

13. Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орыны;

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чек пен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чек тік кітапша алуға өтінішін жасайды.

Бақылау сұрақтары.

Есеп айырысу құралдары

Чек- төлем құралы

Чектiң түрлерi

Домицилиант және аккредитив

Студенттердің үй тапсырмалары.

Төлем тапсырмалары


Банкаралық есеп айырысу құжаттары

Глоссарий

10 апта 2 балл
1. Корреспонденттік шот
2. Корреспонденттік шот ашу құжаттары

3. Банкаралық есеп айырысу

4. Банкаралық заемдар

5. Депозиттер

6. Бағалы қағаздар

7. Лицензия

8. Депозиттік шоттар

16-тақырып. Кассалық операцияларды ұйымдастыру жолдары

Жоспар:


Касса жұмысын ұйымдастыру

Кассирдің міндеті



Теориялық мәліметтер

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма- қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуы тиіс:

Кіріс кассасы;

Шығыс кассасы;

Кіріс – шығыс кассалары;

Қайта санау кассасы;

Кешкі касса;

Сыртқа шығатын касса.

Банк кассасына клиенттерден қолма – қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шотт ар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

Қолма- ақшаны салатындығының хабарламасы;

кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

ҚР – ғы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бектілген «ҚР екінші деңгейдегі ббанктерде кассалық операцияларды жүргізу» ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, байта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорт тау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардығ номиналдарын, санын сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасы санымен және жазбаша түрде көрсетіледі.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тек середі де құжаттарды бақылаушы-бухғалтерге тапсырады.Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.

Бақылаушы-бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда, банктегі бұйрыққа байланысты, оның міндеті кассирге жүктеледі.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады.

Қабылдау барысында касирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаны тапсырушының ақшалары болуға тиіс.

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке «Кіріс кассасы» деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.

Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасымен кіріс кассалық құжатындағы сомасы арасында сәйкессіздік анықталса, сондай-ақ күмәнді ақша белгілерінің барлығы айқындалса, онда кассир бастапқы құжатты сызып тастап, оның келесі беті не ұсынылған соманы көрсетіп, жазады да өзінің қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал, кіріс кассалық құжаттар операциондық жұмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген қолма-қол ақша сомасына байта рәсімделіп, бақылаушы бухгалтерге қайтарылады, ол кассалық журналдағы көрсетілген соманы сызып тастап, қайтадан жаңа соманы жазады.

Күмәнді ақша белгілерін кассир, касса меңгерушісінің және клиенттің қатынасуымен ақша белгілерін сараптамаға қабылдау туралы екі данада акті жасайды. Актіде: күні, сондай ақшаны анықтаған кассирдің аты- жөні, клиенттің аты-жөні, банкноталардың номиналдары, серияларымен нөмірлері, сондай- ақ ақша белгілерінің жарамсыздық сипатының белгілері көрсетіледі және бұл актіге кассир, касса меңгерушісі және бас бухгалтер қолдарын қойып банктің мөрі басылады. Актінің бірінші данасы банкте қалдырылып, екіншісі клиентке беріледі. Алынған күмәнді ақша белгілері Ұлттық банктің тиісті бөлімшелеріне сараптамаға жіберіліп, олардың жарамдылығы анықталған жағдайда, клиентке басқа ақша белгілері айырбасталып бері леді.

Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

ақшалай чек пен;

шығыс кассалық ордермен.

Басқа да құндылықтарды беруде баланстан тыс ордерлер рәсімделеді.

Бақылау сұрақтары.

Банктегi кассалық қызмет

Кассалық операцияларды ұйымдастыру

Касса жұмысын ұйымдастыру

Кассирдің міндеті

Студенттердің үй тапсырмалары.

Кассалық жұмыстың орындалуы


Банк және сақтандыру қызметіндегі маркетинг ролі

Жазбаша бақылау

10 апта 2 балл

1. Банк қызметіндегі маркетинг

2. Банк жүйесінде маркетингтің ролі

3. Сақтандыру қызметі

4. Сақтандыру қызметіндегі маркетинг

5. Сақтандыру қызметі бойынша маркетингтің мәні

6. Банк маркетингінің айырмашылықтары

7.Сақтандыру маркетингінің айырмашылықтары



Банк және сақтандыру ќызметіндегі маркетинг ролі

Тест

10 апта 2 балл

1.Банктік қызметтің маркетингі қандай процестерді жүзеге асырады.

А) Б және В

Б) жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз ету, іскерлік байланысты дамыту

В) жаңа операциялар мен банктік қызметті енгізу, нарықтың коньюктураны зерттейді

Г) А және Б

2.Банк табысы- бұл:

А) пайыз ставкасының айырмашылығының несиемен депозиттің;

Б) банктің кірісімен шығысының айырмашылығы;

В) банктің несие беру арқылы пайызы;

Г) банктің депозит арқылы пайызы.

3.Қандай операциялар ақша айналымының санын өсіреді:

А) Ор банктің мемлекеттік облигацияларды халыққа сату;

Б) Ор банктің ставкасын есепке алу арқылы көтеру;

В) халықтың нақты ақшаларын банкке салу;

Г) бір коммерциялық банкке ссуда беру;

Д) келтірілген операциялардың бәрі де дұрыс емес.

4.Облигацияның нарықтық бағадан төмен сатылуы

А) тратта;

Б) ажио;


В) дижазио;

Г) бәрі де дұрыс емес

5.Табыстың неше түрі бар:

А) 3;


Б) 6;

В) 9;


Г) 12;

6.Жеке тұлғаның мүліктік табысы нешеу;

А) 4;

Б) 2;


В) 6;

Г) 3;


7. Жекеменшік ќ±ралыныњ ќоры:

А) ‡ндеу капиталы, ќосымша резервтік капитал, инвестициялыќ валюталыќ ќорлар,т.б.

Б) Тек ‰ндеу капиталы;

В) Тек лизинг;

Г) Бєрі де д±рыс емес;

8.Заемдыќ ќ±ралдар ќоры:

А) Ќосымша резервтік капитал;

Б) Банктік несие, коммерциялыќ несие, лизинг, факторинг несиелер

В) Банктік несие;

Г) Лизинг;

9. Операциялардыњ т‰рлеріне ќарай банктің бөлінуі:

А) Ємбебап, маманданѓан;

Б) Ємбебап, халыќаралыќ;

В) Аймаќтыќ, ±жымдыќ;

Г) ¦лттыќ жєне жеке;

10.Саќтандыру компаниясыныњ т‰лері:

А) Жинаќтау жєне ќысќа мерзімді саќтандыру компаниясы;

Б) ¦заќ жєне ќысќа мерзімді саќтандыру компаниясы;

В) Топтау жєне жинаќтау саќтандыцру компаниясы;

Г) ¦заќ жєне орта мерзімді саќтандыру компаниясы;



11. Банктiк емес ұйымға жатпайтындар:

А) қор биржалары;

В) ломбардтар;

С) несиелiк серiктестiктер;

D) сақтандыру ұйымдары;

Е) инвестициялық компаниялар.


17-тақырып. Банктің несиелік саясатының маңыздылығы

Жоспар:


1.Несиелік саясат

2.Несиелік саясаттың элементтері.



Теориялық мәліметтер

Несиені беретін негізгі бағыттар - экономикалық жэне элеуметтік инфрақүрылымдар, агроөнеркэсіп объектілері, ауыл шаруашылығын өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп. Банктің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне -сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістері, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асыралады.

Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелік сясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс.



  • Нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

  • Несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік берді;

  • Нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

  • Оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып, жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

    • Несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын обьективтік стандарттар мен критерийлерін;

    • Несиелеу облысындағы стартегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;

    • Сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;

    • Ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс - әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы. Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Бақылау сұрақтары.

Банктің несиелік саясатының маңыздылығы

Несиелік саясат

Несиелік саясаттың элементтері

Студенттердің үй тапсырмалары.

Банктегi несие түрлерi



Несиелік механизмнің экономикадағы ролi

Реферат

11 апта 2 балл



Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм







2




Несиелік механизмнің экономикадағы ролi







3




Несиелеу механизмі және несиелік процесс







4




Банктік несиенің түрлері







5




Несиелеуді ұйымдастыру принциптері







6




Несиелік тәуекелдерді басқару







7




Заңды тұлғаларға несие берудi ұйымдастыру







8




Банктiк несиелеу жүйесi және оның элементтерi








18-тақырып. Несиелеуді ұйымдастыру ерекшелiктерi

Жоспар:


1.Несиелеу принциптері

2.Кепілге берілетін ссуда.



Теориялық мәліметтер

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады.:


  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

  • несиенің кепіл- хаттар және кепілдемелерін қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

  • қарыз алушның несиелік қабілетін талдау тәртібі;

  • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немес тұтыну несиелері бойынша).

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелерлің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несилік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі прициптер:



  • несиенің мақсаттылығы;

  • несиенің дифференциалдығы.

II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

  • несиенің мерзіміділігі;

  • несиенің қайтарымдылығы;

  • несиенің төлемділігі;

  • несиенің қамтамасыз етілуі;

Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жеткшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белігісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық прицинпі туындайды.

Несиенің қайтарымдлығы оның экономикалық катергория ретінде басқа да тауарлы – ақшала қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелегімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық- несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтмасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтмасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары.

Несиелеуді ұйымдастыру ерекшелiктерi

Несиелеу принциптері

Кепілге берілетін ссуда

Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер

Студенттердің үй тапсырмалары.

Несиенің қайтарымдылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет