Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



жүктеу 1.46 Mb.
бет9/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Несиелеу механизміндегi несиелік процесс, тәуекел

Тест

11 апта 2 балл

1.Несиенің негізгі 2 формасы бар

А) аймақтық және акционерлік

Б) коммерциялық және банктік

В) аймақтық және ұжымдық

Г) ұжымдық және халықаралық

2.Берілу мерзіміне байланысты несиенің жетілуі

А) орта мерзімді

Б) Бәрі дұрыс

В) ұзақ мерзімді

Г) қысқа мерзімді

3.Мемлекеттік несие экономикалық категория негізінде қандай функцияларды атқарады:

А) реттеу, бақылау және бөліп тарату;

Б) реттеу және бақылау;

В) бөліп тарату және реттеу

Г) А және Б

4.Мемелкеттік несиенің басқару процесінде қандай мәселелерді қарастырады.

А) несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету, қаржылық саясат

Б) борыштар құнын төмендету, бөлінген несиелерді мақсатты бағыттарға қолдану

В) ұлттық табысты есептеу, қорларды қалыптастыру

Г) қаржылық құрылымдарды қамтамасыз ету

5. Ипотекалық несие:

А) товарлы материалдық бағалықтарды кепiлге ала отырып берiлген несие;

В) бағалы қағазды кепiлге ала отырып берiлген несие;

C) жылжымайтын мүлiктi кепiлге ала отырып берiлетiн несие;

D) ұзақ мерзiмге жылжыйтын мүлiктi кепiлге ала отырып берiлген несие;

Е) тұтыну товарларын кепiлге ала отырып берiлген несие.

6. Ломбардтық несие:

А) бұл жылжымайтын мүлiктi кепiлге ала отырып берiлетiн несие;

В) бұл бағалылықтарды кепiлге ала отырып берiлетiн несие;

C) бұл банкаралық несие түрi;

D) бұл қысқа мерзiмдi тұтыну несиесi;

Е) бұл тек банктiк емес мекемелердiң беретiн несиесi

7.Несие формалары:

А) қысқамерзімді, ортамерзімді, ұзақмерзімді;

В) тауарлы, ақшалай, банктік, коммерциялық;

С) банктік, коммерциялық, мемлекеттік, халықаралық тұтыну;

D) банктік, қысқамерзімді, ұзақмерзімді, коммерциялық, халықаралық;

Е) коммерциялық, банктік, тауарлы, ақшалай,тұтыну.

8. Тұтыну несиесі бойынша несиелік қатынастарының субъектілері:

А) банктер және кәсіпорындар;

В) бөлшек саудасы және коммерциялық банктер;

С) банктер, бөлшек саудасы және тұрғындар;

D) кредиторлар және қарыз алушылар;

Е) жинақ банктер және тұрғындар.

9. Несиелік қатынастар мынадай деңгейде қалыптасады:

А) өндіріс;

В) айырбас;

С) тұтыну;

D) бөлу;

Е) ұдайы өндіріс деңгейінде.

10. Несие құрылымы келесiден тұрады:

А) кредитор,жабдықтаушы,кепiлберушi;

В) кредитор,несие алушы,құн;

С) кредитор,делдал,несие алушы;

D) банк,сақтандырушы,жабдықтаушы;

Е) ссуда,пайыз.

11. Несиелік жүйенің институционалды құрылымы қандай мекемемен берілген:

А) банктік және арнайы несиелік –қаржы мекемесі;

В) эмиссиялық, инвестициялық, ипотекалық;

С) дұрыс жауап жоқ;

D) инвестициялық және арнайы несиелік-қаржы мекемесі;

Е) банктік, инвестициялық және ипотекалық.

12. Кең мағынада несиелік жүйенің дұрыс анықтамасын таңдаңыз:

А) несиелік мекемелердің жиынтығы;

В) несиелік қатынастардың жиынтығы;

С) несиелік мекемелердің, несиелердің формаларының, несиелік қатынастардың жиынтығы;

D) несиелік қатынастардың мемлекеттік органдардың басқаруы және несиелік мекемелердің, несиенің формаларының жиынтығы;

Е) несиелік қатынастар және несиелік формаларының жиынтығы.

13. Несие берілу шарттары:

А) төлемділік, қамтамасыз етулілік, мерзімділік;

В) қайтарымдылық, кепілділік, төлемділік;

С) қамтамсыз етулілік, кепілділік, мерзімділік;

D) төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық;

Е) төлемділік, кепілділік, қамтамасыз етулілік.



19-тақырып. Несиелік қабілетті бағалау жүйесіндегi қарыз алушының ролi

Жоспар:


Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау

Қарыз алушының мінездемесі



Теориялық мәліметтер

Негiзiнен банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Бүгiнгi таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң, оның iшiндегi несие жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше.

Несиелік операциялардың мақсаты – бұл ұйымдарға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі. Соның нәтижесінде банк өзіде пайда алып отырады.

Несиелік операциялардың халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттары мыналар:



  • Қарыз алушыларды несие қызметі туралы толық және жеткілікті қамтамасыз ету.

  • Банк несие қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:

Біріншіден, кепілге несие берілуі турал шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуыға тиіс.

Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.

Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.

Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушынң несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімдігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әркетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын – ала ықпал ететін факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушның мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті каптиладың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссуадасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды:

Қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барыснда қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Бақылау сұрақтары.

Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау

Қарыз алушының мінездемесі

Қарыз алушының капиталы
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштерінiң сипаты

Глоссарий

12 апта 3 балл

1. Қарыз алушының несиелік қабілеті


2. Банк балансы
3. Қарыз алушының мінездемесі
4. Қарыз алушының капиталы
5. Несиенің қамтамасыз етілуі
6. Несиелік қабілет
7. Тәуекелдер
8. Заңды тұлғаның несиелік қабілеті
20-тақырып. Жеке тұлғаның несиелерi мен төлем қабілеті

Жоспар:


1.Жеке тұлғаларға берілетін несиелер

2.Жеке тұлғаның төлем қабілеті.



Теориялық мәліметтер

Негiзiнен несиелiк операциялар белгілі бір заңға сәйкес және стандартқа сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар несиелiк операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке және пруденциялдық нормативтерге байланысты сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2004 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банк бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздеріде қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды. [10, 296-бет]

Қарыз алушыларға ұсынылған банктің қарыздары көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

Кредиторлар бойынша:

- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктікемес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы:

Қарыз алушылар бойынша:

- қаржылық институттарға,үкіметке (Қаржы министірлігі),бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер:

- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және т.б

- жеке кәсіпкерле (заңды тұлға емес қызметті іске асыру):

Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға долады:

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді

Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті – трамбусты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциялды, дебетті сальдоны жабу несиесі, лизингті, ломбардты, жеңілдікті, анкольді тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфойтинг.

Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер:

Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:

- қамтамасыз етілген: бланкті (сенімді).

Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:


  • автомобилдік несие;

  • ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

  • кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүргілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:



  • жиһаз;

  • сантехника;

  • аудио – видео – және тұрмыстық техникалар;

  • компьютер және оргтехника;

  • басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына; үйдің ішішнде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк Казкомерцбанктің тұтыну несиесін беру шартын 21-кестеден көруге болады.






Несиелеу шарттары

Тұтыну несиенің түрлері

Автомобиль несиесі

Ұзақ мерзімді тауарлар сатып алу несиесі

Жаңа

Ескі (пайдаланылған)

1

Несие мөлшері

Автомобиль құнының 80% дейін

Автомобильді бағалау құнының 80% -на дейін

10 000 АҚШ долларына дейін (немесе эквивалент)

500000 АҚШ долларына дейін (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлік болса)



2

Бастапқы жарна

Автомобиль құнынан 20%

- 3 жылға дейін жүрген шетел көлігін сатып алуда 20%

- 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 30%

- 5 жылдан 10 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 50%

- 3 жылға дейін жүрілгн ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда –30%

- 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда - 50%


20%

3

Несие мерзімі

-шетелдік автокөлік үшін 5 жылға дейін

- ТМД елдерінің автокөлігі үшін 3 жылға дейін



3 жылға дейін

2 жылға дейін

4

Несие валютасы

АҚШ доллары немесе теңге

АҚШ доллары немесе теңге

АҚШ доллары немесе теңге

5

Несие үшін төлем

Айына; 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде)

Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7% (теңгеде)

Айына: 1,5% (АҚШ долларында) және 1,7%

( теңгеде)



6

Қамтамасыз ету түрі

Сатып алатын автомобиль

Егер шетел автокөлігінің жүрілген уақыты 10 жылдан ТМД-кі 5 жылдан аспаса, сол автомобильді

Сатып алатын тауар немесе тұрғын үй

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

  1. қарыз алушының анкетасы

  2. жеке куәлігі (көшірмесі)

  3. СТТН (көшірмесі)

  4. соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.

  5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орынан анықтама.

  6. жнаұя құрамы туралы анықтама (№3 форма).

  7. некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).

  8. кепілге қоятын мүліктің құжаттары.

Келесі бір дамып отырған несиеге - ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:

  • несие мөлшері: жалжымайтын мүліктің бағалау құнының 85% дейін.

  • Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15% дейін.

  • Несие үшін төлем: айына 1,3% (АҚШ долл), 1,7% ( теңгеде).

  • Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгеде (егер 1 жылдан аспаса).

  • Несие мерзімі: 10 жылға дейін

  • Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.

Жеке тұлғаның төлем қабілеттігін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлғына бірдей ортақ әдістеме жоқ.

Бақылау сұрақтары.

Тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар

Жеке тұлғаларға берілетін несиелер

Жеке тұлғаның төлем қабілеті

Студенттердің үй тапсырмалары.



Жеке тұлғаларға берілетін несиенiң әлеуметтiк маңызы

Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел

тәжірибесінiң қажеттiгi

Жазбаша бақылау

13 апта 3 балл

  1. Шетелдердегі клиенттердің несиелік қабілеті

  2. Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

  3. Несиелерді тәуекел кластарына жіктеу

  4. Несиелік тәуекелдерді төмендетудің тәсілдері

  5. Шетел банктерінің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістері

  6. Американдық алты си ережесі

  7. Қарыз алушының қаржылық жағдайы

  8. Несиелік тәуекелді басқару әдістері


Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел

тәжірибесінiң қажеттiгi

Реферат

13 апта 3 балл



Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм







2




Несиелік механизмнің экономикадағы ролi







3




Несиелеу механизмі және несиелік процесс







4




Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел тәжірибесі







5




Несиелеуді ұйымдастыру принциптері







6




Несиелік тәуекелдерді басқару







7




Заңды тұлғаларға несие берудi ұйымдастыру







8




Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері









21-тақырып. Банктегі лизинг

Жоспар:


1. Лизинг операциясы

2.Лизинг мәмілелердің түрлері



Теориялық мәліметтер

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМғ ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан –Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМБХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан беру еуропа лизинг нарығы дамып келеді.

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы жалға беруде екі тарап қатысса; жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы; лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.


  1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

  2. Қаржы лизингі бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде толық амортизациялық құнын төлеп шығумен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен сипатталады.

Халықаралық лизинг бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг экспорттық және мипорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Лизинг операцияларының техникасы келесі беттегі 11-12 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.



  1. Құрал – жабдыққа тапсырыс беру;

  2. Құрал жабдық үшін төлем;

  3. Құрал жабдықты жеткізу;

  4. Лизингтік төлемдер.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілерлердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Бақылау сұрақтары.

Лизинг туралы түсiнiк және оның экономикалық мазмұны

Лизинг операцияларының элементтерi

Лизинг операциясы

Лизинг мәмілелердің түрлері

Студенттердің үй тапсырмалары.

Қосымша қаражат тартатын лизингтік операция


Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi

Глоссарий

14 апта 2 балл

  1. Факторинг

  2. Делдалдық қызмет

  3. Қаржылық операция

  4. Факторингтің мақсаты

  5. Делдалдық операция

  6. Факторингтік компания

  7. Клиент

  8. Кәсіпорын

  9. Фактоингтік операциялар

10.Халықаралық факторинг
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет