Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтер
Тест
4 апта 2-балл
1.Қазақстан Республикасы бойынша заңды ақшаны қай мекеме эмиссиялайды?
А)Ұлттық банк.
Б)Орталық банк.
С)Халық Банк
2. Банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгіленуі қалай аталады?
А) Банктік несие
Б) Комерциялық несие
С) Ұлттық банктік несие
-
Банктік несиенің комерциялық несиеден айырмашылығы
А) Ақша түрінде берілетін несие
Б) Тауар түрінде берілетін несие
С) Заттай және ақшалай түрінде берілетін несие
-
Қай жылы Ұлттық банк бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылды?
А) 1998 ж.
Б) 1999 ж.
С) 2000 ж.
-
Ұлттық банктік несие қанша топқа бөлінуін ата?
А) Аукциондық, ломбардтық, бюджеттік
Б) Аукциондық, бюджеттік
С) Аукциондық, ломбардтық
-
Аукциондық Ұлттық банктік несие қанша мерзімге берілді?
А) 1 айдан 3 айға дейін
Б) 3 айдан 1 жылға дейін
С) 1 жылдан 4 жылға дейін
7. Несие жүйесінің негізгі буыны және нарықтық экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
А) банк жүйесі
Б) несие жүйесі
В) кредит жүйесі
Г) ақша жүйесі
8.Басқарылатын жүйе ...
А) банк жүйесі
Б) несие жүйесі
В) кредит жүйесі
Г) ақша жүйесі
9.Банк қызметі қандай шамада реттелетіне қарай банк ісін ұйымдастырудың неше типі көрсетілген...
А) 2 типі
Б) 3 типі
В) 4 типі
Г) 5 типі
10.Банктер өздері атқаратын қызметтердің ерекшелігіне байланысты бөлінуі.
А) Эмиссиялық, эмиссиялық емес
Б) Банктік, банктік емес
В) Тауарлы және ақшалай
Г) Эмиссиялық және банктік
11.Банктердің резервтік қорларының көлемін қай орган белгілейді?
А) Қ.Р.Ұлттық банкі
Б) Банк инвестициясы
В) Қ.Р.Үкіметі
Г) Қ.Р.Агенті
12.Қай жылы Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті тиімді банктік қадағалаудың принциптерін жасады?
А)1997ж
Б)1990ж
В)1975ж
Г)2003ж
13.Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі Қ.Р. Агентігі нені жүзеге асырады?
А) Банктік қадағалауды
Б) Қаржылық реттеуді
В)Инспекциялық қадағалауды.
Г)Банк ресурстарын.
14.Ақшалай формада орындалуға тиісті банк міндеттемесі не деп аталады?
А)Банктік кепілхат.
Б)Банк құқығы.
В)Валюта.
Г)Бенефициар.
15.1994ж қарашада Қ.Р.банктік клиринг туралы Қ.Р.Ұлттық банкінің уақытша ережесіне сәйкес не құрылды?
А)Қазақстан клирингтік палатасы.
Б)Қ.Р.төлем жүйесі.
В)Қ.Р.Ұлттық банкке ақпарат беру.
Г)Қазақстанның банкаралық есеп айырысу.
16.Экономикалық тұрақсыздық нәтижесінде банк жүйесінің күйреуі не деп аталады?
А)Банктік дағдарыс.
Б)Банкомат
В)Аваль
Г)Акция.
17. Банктің қызметін қадағалаудың әдістері
А) инспекциялық әдісі, қашықтан қадағалау әдісі
Б) нормотивтік құқықтық актілер әдісі
В) пруденциялық нормативтер әдісі
Г) инспекциялық әдісі, пруденциялық әдісі
18. Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайымен нәтижесіне қатысты қандай мәселелерді қамтиды?
А) капитал, активтердің сапасы, пайдалылық пен рентабельділік,өтімділік
Б) қаражат, бағалы қағаздар
В) капитал, мешікті қаражат, пайдалылық пен рентабелділік
Г) өтімділік, рентабелділік, бағалы қағаздар сапасы
19. Банктің шығындарын талдауда қарастырылатын мәселелер.....
А) шығындардыңқұрылымы, пайыздық шығындардың көлемі, кәімшілік шығындар
Б)пайыздың көлемі , шығындардың құралы, пайыздық емес шығындар
В) өтімділік, шығындардың құрылымы , рентабельділік
Г)табыстардың құрылымы,бағалы қағаздардың сапасы
20. Банктердің ең төменгі резервтік талаптардың орындаудың екі әдісі?
А) баламалы әдіс, баламасыз әдіс
Б) қашықтан қадағалау әдісі ,инспекциялық әдіс
В) инспекциялық әдіс, пруденциялық әдіс
Г) қайтарымды әдіс, қайтарымсыз әдіс
21. Қашықтықтан қадағалау әдісі дегеніміз не?
А) банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру арқылы жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі
Б) банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі
В) ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру әдісі
Г)барлығы дұрыс
22. Қашықтан қадағалаудың артықшылығы
А) банктердің жағдайы туралы мәліметтер, өтімділігі, табыстылығы жиі жаңартылып тұрады.
Б) банктердің қаржылық жағдайы, табыстылығы өзгеріп отырады.
В)банктердің құрылымы, банктердің жағдайы туралы мәліметтер
Г) банктердің капиталы, банктердің жағдайы туралы мәліметтер
23. Банктің негізгі көрсеткіштерін, табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын құжат.
А) статус-Репорт
Б)CAMEL
В) САЕL
Г) рейтинг
24.”Банк” сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді:
А)айырбас столы
Б) есеп айырысу
В) несиелік мекеме
Г)барлық жауап дұрыс
25.Алғашқы банктер қай ғасырларда пайда болған?
А)XIV-XV ғғ
Б)XIV-XVI ғғ
В)XVI-XVII ғғ
Г)дұрысы жоқ.
7-тақырып. Банк қызметіне пруденциялық реттеу жүргізу
Жоспар:
1. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері
2.Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффиценті
Теориялық мәліметтер
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы ¥лттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы" ережегс сәйкес оларға мыналар жатады;
-
жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
-
меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
-
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары
мөлшері;
-
өтімділік коэффициенті;
-
ашық валюталық позиция лимиті;
6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге
жүмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің
коэффициенті
Бір қарыз алушы - ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.
Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:
-
банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға
қатысты банк талабы;
-
соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген,
қарыз алушыға қатысты банк талаптары
-
ҚР заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негіздс қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуеклге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар;
қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:
- банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР Үкіметі және Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары құйма бағалы металдары, Standard & Роогs және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ІІА" рейтингін иеленетін банк кепіл- хаттары;
-
ҚР Үкіметі Ұлттық банкіне қатысты талаптары;
-
Standard & Роогs және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің “ВВВ” рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы арқылы есептеледі.
Ашық валюталық позиция — оны уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндетгемелерді есепке алғандағы) арасындағы шетсл валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.
Ұзын валюталық позиция — белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.
Қысқа валюталық позиция — белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен баланстан тыс міндетгемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы. Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді.
Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен анықталады:
-
банктің ағымдагы өтімділік коэффициенті
-
банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффиценті
Ағымдағы өтімділік коэффицентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.
Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге мыналар жатады:
• қолма-қол ақшалар;
• мемлекеттің бағалы қағаздары жәнс Қазақстан
ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары,
сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
• құйма қымбат бағалы металдар;
Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналар есептеледі:
• клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап
етуге дейінгі депозиттері;
• "овернайт" банкаралық несиелері;
• есеп айрысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге
дейінгі міндеттемелер.
Бақылау сұрақтары.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Банк ресурстарын қалыптастыруға байланысты тәуекелдердi басқару
Бір қарыз алушы
Өтімділік коэффициенті
Студенттердің үй тапсырмалары.
Коммерциялық банктердiң қызметтерiн ұйымдастыру барысында кездесетiн тәуекел
Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері
Банктік қадағалаудың әдістері мен талдау
Жазбаша бақылау
5 апта 2 балл
1.Банктің қызметін реттеу
2.Банктің қадағалау әдістері
3.Қашықтан қадағалау әдісі
4. Қаржылық талдаудың мақсаты
5. Ақпараттық есеп базасы
6. Қаржылық талдаудың мақсаты
8-тақырып. Банк шығындарының құрылымы мен көлемі
Жоспар:
1.Шығындардың құрылымы
2. Пайыздық шығындардың көлемі
Теориялық мәліметтер
Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:
-
шығындардың құрылымы;
-
пайыздық шығындардың көлемі;
-
пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың
көлемі;
-
әкімшілік шығындар .
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы-несие институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгереді.
Еліміздегі банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшуі барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы өте зор. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді. Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен кадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің кұрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша обьективті көрсеткіштерге көңіл аударылады.
Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің электронды жүйесінің (ВОSS) Ұлттық Банк алдында мынадай міндеттері болады:
-
банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыта болу ;
-
өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау депортаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру;
-
банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жоспарын Ұлттық банктің басшылығына қарастыруға беру ;
-
өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау .
Банктер мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді, мемлекет те олардың міндеттемелеріне жауапты болмайды.“Банк пен банк қызметі туралы” заңда Қазақстан Республикасында банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі бар:
1) Баламалы - ай сайын қаражаттардың резервтік
активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа
айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік
міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде
есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық
көлемінен кем болмауы керек.
2) Баламасыз - қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік
шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші
жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз
түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік
талаптарға тең болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық кадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.
Бақылау сұрақтары.
Банк қызметіндегі шығындарының құрылымы мен көлемі
Банктің қаржылық нәтижелерiн талдау
Өтімділікті талдау
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың әдістері
CAMEL жүйесінiң көрсеткіші мен рейтингi
Глоссарий
6 апта 2 балл
-
CAMEL жүйесі
-
Қаржылық жағдай
-
Басқару сапасын бағалау
-
Активтер
-
Санкциялар
6.CAMEL рейтинг жүйесі
7.Капиталдың жеткіліктілігі
8. Активтердің сапасы
9. Менеджмент
10. Табыстылық
11. Өтімділік
9-тақырып. CAMEL жүйесі бойынша пайдалылық
Жоспар:
1.Активтердің сапасы
2.Пайдалылықты талдау
Теориялық мәліметтер
САМЕL рейтинг жүйесі - қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың әдісі.
Рейтинг жүйесінің САМEL атауы талданатын компоненттердің алғашқы әріптернен құрылған :
С - (саріtаl аdеqиасу) — капиталдың жеткіліктігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капиталдың жеткіліктілігі, яғни меншікті капиталының көлемі бағаланады.
А — (аssеt qиаlіtу) — активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі.
М — (mаnаgеmеnt) менеджмент - банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен заңды және нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкті басқару әдістері бағаланады.
Е — (Еаrnіngs) — табыстылығы (пайдалылыгы) - банктік қызметтерді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағаланады.
L — (Liqиіdіtу) - өтімділік, банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтерінің жеткіліктілігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.
Активтердің сапасын талдау барлық активтердің түрлерін сондай-ақ баланстан тыс активтер мен несие портфеліндегі проблемалы активтердің негізгі бөлігін қамтиды. Сондықтан несие портфелінің сапасын талдауға көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдаудың негізгі принципі несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып табылады. Біріншіден инспектор келесі жақтарына көңіл аударуы керек:
- несиені өтеу келісім-шартқа сәйкес жүргізіліп жатыр ма, әлде төлемдер кешіктірілген бе?
- қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты ма, әлде қаржылық жағдайы нашарлап қалды ма?
- қарыз алушы несиені қайтара алмаған жағдайда банктің несиенің орнын жабу үшін косымша қамтамасыз ету қаражаттары немесе несиені қайтарудың басқа түрлері бар ма?
Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсатты көздері жағынан жедел жәрдем жасау талап етілсді.Қаржылық және болып банктің есеп беруінде олардың сүру қабілеттілігі мен құны дұрыс көрсетілгенін анықтау.Тәуекел деңгейін анықтауда активтердің әр деңгейдегі тәуекелінің бар екенін ескеру қажет. Белгілі бір активтердің түрлері тәуекелмен ешбір байланыссыз болады. Мысалға, кассадағы қолма-қол ақша немесе Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қалдық. Бұл активтерге қарама-қарсы 100 % тәуекелі бар активтер бар. Мысалы, оларға банктен берілетін несиелер жатады.
Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса, онда құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелінуіне дейінгі сомасынан алыньш тасталынады.
Активтердің сапасын талдау жіктелінген активтердңі орташа құны мен банк капиталының қатынасына негізделеді
Өтімділікті талдау үшін кез келген көрсеткішті қолдану мүмкін емес және САМЕL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін инспекторға бірнеше факторларды ескере отырып, өзінңд жеке ойын басшылыққа алуы қажет:
1) салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің
қанша бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ
мерзімге қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз
шоттардан алынуы мүмкін салымдар бөлігімен салыстыруды
(талап еткенге дейінгі депозиттер);
2) активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі
активтерге тез айналатын активтердің болуы (өтімді түрде
активтср көп болған сайын өтімділік деңгейі жоғары болады);
3} банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар немесе Ұлттық банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына мазасыздық туғызады);
4) банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен принциптерін сақтауы.
1-рейтинг (тұрақты). Мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтердің саны аз, несиенің нашар орналастырылуына қарсы тұру үшін ішкі бақылау жүйесі мен басқару механизмдері жеткілікті банктер.
Бұл рейтингтегі банктердің диверсификацияланған несиелік портфелі болуы жәнс бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптардың орындауы керек.
2-рейтинг — (қанағаттанарлық). 1-рейтингке жатқызылған банктерге қарағанда, бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтсрінің мөлшері үлкен болады, бірақ проблемалы активтердің көлемі орташа ал, жалпы активтердің сапасы қанағаттандырарлық болады.
Несие саясаты мен ішкі бақылау жүйесінің саясаты жалпыға сәйкес деп бағаланады, сондай-ақ кез келген айқындалған шығындарды жұмыс тәртібінде түзеуге болады.
Бүл рейтингтегі банктердің де диверсификацияланған несиелік портфелі болуы жәнс бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптарды орындауы
керек.
3-рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемінің жоғары болып келуі қауіп төндіреді. Жалпы жіктелінген активтердің деңгейі әзірше банктің капитализациялануын қажет етпейді, бірақ жағдайдың нашарлап кету мүмкіндігі бар. Мұндай банктер берілген несиелердің қайтарылуын талап етуді жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеген.
Банктің жағдайын жақсарту үшін ішкі бакылау әдістерін жетілдіру қажет.
4-рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемі шығынды және активтердің сапасы нашар деп бағаланады. Жағдайды түзетуге байланысты жедел түрде шаралар қолданбаса, проблемалы активтердің деңгейі мен ауыртпалығы болашақта банктің төлем қабілетіне қауіп төндіруі мүмкін.
Мұндай банктердің несиелерді басқаруы нашар, несие саясаты мен ішкі бақылау механизмі әлсіз болады және басқару мен иемдену мәселелері бойынша заңсыз іс-әрекеттердің де болуы мүмкін. Бұл банктердің несиелік портфелі банкпен ерекше қатынастағы тұлгалардың белгілі бір санымен ғана шектеледі.
Банктермен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптардың орындалмауын сипаттайды.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелген активтер көлемінің нашар жағдайы және банктің төлем қаблеттілігіне нақты қауіп туғызады.
Сауықтыру бойынша бірнеше механизмдерді іске қосып және ағымдағы шығындарды қысқартуға байланысты жақын арада шаралар қолданбаса банктің банкротқа ұшырау қауіпі бар.
Бақылау сұрақтары.
САМЕL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісі
Еншiлес банктердi құру
Банктердің қызметін ұйымдастыру
Студенттердің үй тапсырмалары.
Банктiк операциялардың түрлерi
Банк өкiлдiгi
Банк ресурстарындағы меншiктi капитал
Реферат
6апта 3,5 балл
№
|
Тапсырма алған студенттің аты жөні
|
Тақырып атаулары
|
Орындалу мерзімі
|
Жұмыстың бағалануы
|
1
|
|
Коммерциялық банктер және және олардың бүгiнгi таңдағы экономикалық жағдайы
|
|
|
2
|
|
Коммерциялық банктер жүйесінің элементі
|
|
|
3
|
|
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң әр түрлi ұйымдық –құқықтық формаларының қалыптасуы
|
|
|
4
|
|
Қаржылық қадағалау агенттiгiнiң банктi ашуға рұқсат беру және банктiк операцияларды лицензиялау тәртiбi
|
|
|
5
|
|
Банктiң филиалдарын, өкiлеттiгiн ашу тәртiбi, еншiлес банктердi құру
|
|
|
6
|
|
Банк ісін ұйымдастыру мен ашу
|
|
|
7
|
|
Банктiк несиелеу жүйесi және оның элементтерi
|
|
|
8
|
|
Банктің меншікті капиталын басқару
|
|
|
9
|
|
CAMEL жүйесінiң көрсеткіші мен рейтингi
|
|
|
10
|
|
Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтер
|
|
|
11
|
|
Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау
|
|
|
12
|
|
CAMEL жүйесі
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |