Екінші аралық бақылау
|
Тақырыптар
|
Бақылау түрі
|
16
|
Шығыс Еуропа жазығы
| Консультатация |
18
|
Шығыс Еуропа жазығын оңтүстік- батыстан және оңтүстіктен қоршап тұрған таулар белдеуі
|
Реферат
|
20
|
Орал тауы
|
Үй жұмысы
|
22
|
Батыс Сібір жазығы
|
Тест
|
24
|
Шығыс және Солтүстік Шығыс Сібір
|
Глоссарий
|
26
|
Оңтүстік Сібірдің тау белдеуі
|
Тест
|
28
|
Қиыр Шығыс
|
Коллоквиум
|
30
|
Қазақстан және Орта Азия
|
Коллоквиум
|
Консультатация
8 – апта. Бағалау балы -2,0.
Тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы
-
Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны, шекаралары Геологиялық құрылысы және жер бедері. Бұл территорияның беткі жазық сипаты оның платформалық геологиялық құрылысына байланысты.
-
Пайдалы қазбалары. Шығыс Еуропа жазығының территориясы негізінен қоңыржай континенттік климат жағдайында орналасқан.
3.Ірі өзендері: Волга, Днепр, Дон, Днестр, Неман, қысқа, бірақ суы мол Нева және басқалары ежелгі террасалары бар кең аңғарлармен ағады, өзендер аңғарларының беткейлері көптеген жыралармен және сайлармен тілімденген, олардың ұлғаюына көктемгі судың жылдам және мол ағыны мен нөсер жаңбырлар себеп болған.
Волга – орыстың ұлы өзені. Бұл Еуропадағы ең ұзын және суы мол өзен.
Шығыс Еуропа жазығындағы үлкендігі жағынан екінші өзен –
Днепр, ол Белоруссия мен Украинаның негізгі су жолы.
4. Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-батысын алып жатқан Карелияны мың көл елі деп атайды (олар 40 мыңнан астам). Көптеген көлдер өзендер арқылы өзара өзен жүйелерімен байланысқан. Кейбір көлдер көлемі жағынан ерекше көзге түседі, мысалы, суық, бұрқанды Ладога көлі – Еуропадағы ең үлкен көл.
Көлемі жағынан Онега көлі шағын келеді. Сондықтан олардың оңтүстік жағасын бойлап кеме жүретін каналдар қазылған. Чуд және Ильмень – көлемі үлкен және суы мол көлдер.
Шығыс Еуропа жазығының көлемі үлкен болғандықтан және ол солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқандықтан оның территориясында табиғат жағдайлары әр түрлі болады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылудың көбейіп, ылғалдың азаюы дәл сол бағытта табиғатта зоналарының тундрадан далаға дейін алмасуына себеп болса, ал батыстан шығысқа қарай климат континенттігінің артуы тап сол бағытта дала зонасының тарылуына, сондай-ақ Каспий теңізінің жағаларына қарай шөлейт пен шөлдің тарауына себеп болады.
Реферат
9- апта. Бағалау балы -2,0.
Тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығын оңтүстік- батыстан және оңтүстіктен қоршап тұрған таулар белдеуі
-
Шығыс Еуропа жазығының жер бедері
-
Шығыс Еуропа жазығының платформалық геологиялық құрылысы
-
Шығыс Еуропа жазығы жер бедерінің қазіргі ірі формалары
-
Шығыс Еуропа жазығының пайдалы қазбалары
-
Шығыс Еуропа жазығының климаты
-
Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері
-
Шығыс Еуропа жазығының көлдерінің пайда болу ерекшеліктері
-
Шығыс Еуропа жазығының солтүстік бөлігіндегі жер бедерінің қалыптасуына төрттік мұз басудың үлкен ролі
-
Шығыс Еуропа жазығы платформасының қалқандары
-
Шығыс Еуропа жазығының топырағының жату ерекшеліктері
-
Шығыс Еуропа жазығының өсімдіктері жамылғысы
-
Шығыс Еуропа жазығының жануарлар дүниесі
-
Шығыс Еуропа жазығының табиғат комплекстері
-
Шығыс Еуропа жазығындағы Карпат тауы
-
Шығыс Еуропа жазығыдағы Қырым тауы
-
Шығыс Еуропа жазығындағы Кавказ тауы
-
Үлкен Кавказ және Закавказье тауларының табиғат ресурстары
Үй жұмысы
10- апта. Бағалау балы- 2,0.
Тақырыбы: Орал тауы
1.Орал таулары арктикалық теңіздерден Қазақстанның аптапты далаларына дейін меридиан бағытымен 2000 км-ден астам енсіз алапта созылып жатырғандығын. Бұл тау жүйесінің орны солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғат зоналарынын әр түрлі болып, ауысып отыруына, сондай-ақ оның батыс және шығыс беткейлеріндегі табиғат жағдайларының түрліше болып келуіне әсер етуі.
2.Орал — геологиялық құрылысы және жер бедері жағынан күрделі тау жүйесі. Ол біршама меридиан бағытымен және көпшілік белігінде бір-біріне параллель болып жүздеген километрге созылып жатқан көптеген тау тізбектерінен тұрады. Оралдың қатпарлы құрылысы палеозой эрасының екінші жартысында герцин тау жасалу кезінде қалыптасқан. Орал таулары сыртқы күштердің әсерінен бірнеше рет тегістеліп, қайтадан биіктеп
көтерілген. Мезозой эрасының соңында әбден тегістелген таулар неоген дәуірінің аяғында, алъпі тау түзілісінде қайтадан әр жері әр түрлі дәрежеде және біртіндеп көтерілді, соның нәтижееінде олардың құрылымы үйінді кесек тас бедерлі болды.Сөйтіп оның беті ағын судың жасаған терең аңғарлардан күшті тілімденді. Соның өзінде Орта Оралдың көтерілуі де, тілімденуі де азырақ бол себептері.
-
Орал климатының іргелес жазықтардың климатынан айырмашылығы шамалы. Бұл тау жүйесінің ені мен биіктігінің шамалылығынан болатындығы туралы.
4.Басты суайрық, жотадан су батысқа — Печора мен Камага, шығысқа — Обь Ертіс жүйелерінің өзендеріне қарай ағады. Тек қана Жайық өзені және оның салалары Алдыңғыорал жоғары ағысында су жинап, оны Каспий маңы ойпатына апарды.
Орал өзендерінің су жинауында еріген қар суы мен жауын-шашын суы негізгі роль атқаратындығы.
5.Орал тауындағы көлдердің түрлері.
6.Табиғат комплекстеріні қандай топтарға бөлініу ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |