ОБСӨЖ Бірінші аралық бақылау
№
|
ОБСӨЖ №
|
Тақырыптар
|
Бақылау түрі
|
Апта реті
|
Ұпай саны
|
1
|
№2
|
Ландшафттану пәніне кіріспе.
|
Консультатция
Тест
|
1
|
2,0
|
2
|
№4
|
Ландшафттану территориялық табиғат кешені туралы ілім.
|
Номенклатура
Тест
|
2
|
2,0
|
3
|
№6
|
Ландшафт территориялық кешенінің құрылымы.
|
Коллоквиум
Тест
|
3
|
2,0
|
4
|
№8
|
Ландшафт компоненттері және ландшафт қалыптастырушы факторлар.
|
Картамен жұмыс
Тест
|
4
|
2,0
|
5
|
№10
|
Ландшафт геохимиясы.
|
Номенклатуры
Тест
|
5
|
2,0
|
6
|
№12
|
Ландшафт геофизикасы.
|
Глоссарий
Тест
|
6
|
3,0
|
7
|
№14
|
Ландшафт экологиясы.
|
Үй жұмысы
Тест
|
7
|
|
|
Барлығы:15 15семинар
|
|
|
15
|
Консультатция.
1-апта. Бағалау балы -2,0
Тақырыбы: Ландшафттану пәніне кіріспе.
Жоспары:
1.Алғашқы ландшафт тану туралы қалыптастырушы оқымыстылар.
2.20 ғ. Ландшафт ілімінің қалыптасуы.
3. Зерттеу методикасы.
Табиғатта шыңдарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтар мен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлеттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В.В.Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территорияладың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесуге заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898- 1900 жылдары жазған көптеген мақалалар осы ғылымға негіз қалады.
Бұдан кейінгі кезде “ландшафт” ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақтарын да (Сарыарқа, Бетбақдала, т.б.) ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, ХХ ғасырдың 30-жылдығынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.
Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар мен қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.
Ландшафтылы аймақты жеке –дара территориялық табиғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.
Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабы ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландшафт туралы теорияның терең талқылануы ландшафтану ғылымы ауқымының кеңеюіне жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |