Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.
Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.
Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.
Қосымша:
Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
Ескерту:
Студенттердің білімін бақылау, бағалау – СӨЖ – тапсырмалары, баяндамалар, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), глоссарий (Г), коллоквиум (К), үй жұмысы (Ү.ж)– оқытушыға тапсыру кестесі: әр аптада: Дүйсенбі: 1130 – 1230 –44 ауд
Сейсенбі: – 1130 – 1230 –44 ауд
Сенбі: - 1030 – 1130 – 44 ауд
Бірінші аралық бақылау
№
|
Тақырыптар
|
Апталар реті
|
Ұпайлар
|
Бақылау түрі
|
1
|
Кіріспе
|
|
|
Консульт
|
2
|
Кіріспе
|
1 апта
|
1,0 балл
|
Ауызша сауалнама,Тест
|
3
|
Арилер
|
|
|
Консульт
|
4
|
Арилер
|
1 апта
|
1,0 балл
|
Реферат,Тест
|
5
|
Ғұндар
|
|
|
Консульт
|
6
|
Ғұндар
|
2-апта
|
1,0 балл
|
Тест
|
7
|
Қыпшақтар
|
|
|
Консульт
|
8
|
Алтын Орда мемлекеті
|
3 апта
|
1,0 балл
|
Тест
|
9
|
Алтын Орда мемлекеті
|
|
|
Консульт
|
10
|
14-15. ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
|
3 апта
|
1,0 балл
|
Реферат,Тест
|
11
|
14-15. ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
|
|
|
Консульт
|
12
|
Қазақстанның сыртқы саясаты.
|
4-апта
|
1 балл
|
Ауызша сауалнама
|
13
|
Жоңғарлармен күресі.
|
|
|
Консульт
|
14
|
Әбілхайыр хандығы.
|
5 апта
|
2 балл
|
Реферат
|
15
|
Әбілхайыр хандығы.
|
|
|
Консульт
|
16
|
18.ғ. саяси эканомикалық дамуы, тарихы.
|
5 апта
|
2 балл
|
Реферат,Тест
|
17
|
18.ғ. саяси эканомикалық дамуы, тарихы.
|
|
|
Консульт
|
18
|
Абылай хан.
|
6-апта
|
1,5 балл
|
Ауызша сауалнама,Тест
|
19
|
Пугачев бастаған көтеріліс.
|
|
|
Консульт
|
20
|
20.ғ. Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс.
|
|
1,5 балл
|
Тест
|
21
|
20.ғ. Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс.
|
7-апта
|
|
Консульт
|
22
|
20.ғ. Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс.
|
|
2,0 балл
|
Ауызша
сауалнама,Тест
|
23
|
20.ғ. Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс.
|
|
|
Консульт
|
|
1-Аралық бақылау 15 балл
| 1 апта.
№1. Кіріспе.
Жоспары:
-
Қазақ халқының шығу тегі тарихының кеибір ақтаңдақтары.
-
Адамзаттың паида болу тарихы. Қазақстан териториясында табылған алғашқы адамдардың іздері.
-
Европа мен Азиядағы қола дәуіріндегі мәдениеттердің бірі Андронов мәдениеті.
Мәтіні:
Қазақ халқының шығу тегі тарихымен, Қазақстандағы қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қоғамдық және мәдени өміріндегі ірі өзгерістерді қарастыру.
“Қазақ” атауының төркіні, қай кезде қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздегі зерттеушілердің бұл жөніндегі болжам пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады. Қазақ деген атау XV ғасырда жарыққа шықты. Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалар XV ғасырдың 60 жылдарында Әбілхайыр ханның үстемдігінен қарсы шығып Шығыс Дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ” деп аталған. Мұның мағынасы “өз ұлысынан бөлініп шыққан қашақтар” деген сөз еді. Бұл кейін келе қазақтардың атына айналған деседі. “Қазақ” атауы “таң патшалығы тарихында қаса (VІІ- VІІІ ғ.ғ.)” хаса түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы тым ерте деп есептейді. Қазақ атауы ерте кезде қазақтармен қарым- қатынас жасаған , жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде атап айтқанда Ханзу, Араб ,парсы, византия, орыс , монғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдеріндің тіл ерекшелігі мән жазу-сызудағы дағды дәстүрлерінен сай, қазақ атауы әр алуан формада хаса, қаса, хайсақ, қасақ, көсек, гасук, гасак, хасық т.б. болып жазылып келген. Қазақ атауының мән мағынасы туралы айтылған пікірлердің бір сыпырасы қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерде сабақтаудан туған. Қазақ аңыздары мен шежірелері “қазақ, “алаш” және “жүз” (үш жүз) деген атауларды бір-бірімен байланыстыра баяндайды. Қазақ арасына таралған тарихи аңызда ерте заманда Қалшы Қадыр деген батыр қолбасшы болады, ол шеру тартып қол бастап, талай- талай жорықтармен соғыс шайқастарын бастан өткізеді. Бір олғы жорықтағы шайқаста ауыр жараланған Қалша Қадыр елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан қиналып шөлден бұрлығып әбден болдырған қолдбасшы қанша қиналсада жүруге шамасы келмей жығылады. өлім халінде жанталасып жатқанк езде аспаннан бір ақ қаз (аққу) ұшып келіп ауызына су тамызып , оны шөлден құтқарып алады да айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу болып құбылып келген перизат - аққыз екен, үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап ару қызға айналып Қалша Қадырдың жарасын емдеп жазады. Қалшы Қадыр осы аққызға үйленеді, бұдан туған ұл “қазақ атанады”. Қазақтан: Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс үш ұл туады. Ақарыстан – ұлы жүз, Бекарыстан – орта жүз,Жанарыстан –кіші жүз тарайды дейді. Қазақ жалпы халықтың аты үйсін қазақтың құрамында ұлы жүз болысының аты, қазіргі қазақтар бұл екі ұғымды екі басқа түсінеді. Қазақ атауы “таң патшалығы” тарихында (VII-VIII ғ.) хаса, түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді.
Атақты ғалым В.В.Радлов “қазақ” деген атауды тәуелсіз, еркін ерікті адам деп қалыптасты. Қазақ халқы - еліміздің ежелгі ұл ттарының бірі. Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мұң мәлімет бар. Мұндпй деректер ежелгі парсы және грек тарихында да ұшырайды.
Қазақ халқы ерте заманда еліміздіңм батыс өңірін Алтай, Тянь-шянь тауларымен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірімен Сырдария алабы және Дешті Қыпшақ даласын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайплардың, атап айтқанда сақ, үйсін, қаңлы , алан, қимақ, қыпшақ, дулат, түркеш, қарлұқ, оғыз, арғын, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын т.б. тайпалардың түрліше тарихи даму дәуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте, және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасты. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақың байырғы шежіресінде мол мәлімет сақталған. Қазқ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың аттары тайпалық таңбалары , ұрандары және осы ру тайпалардың шығу тегімен таралу мән жайын баяндайтын шежіре деректері талай дәуірді басып өтіп біздің заманымызға жетті.
Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәденитеке – Андорнов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин рйпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Ерте қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда Феодоров, ал Орталық Қазақстанда Нура кезеңі деп аталды. (б.з.д. XVIII-XVII ғ.ғ) Орта қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда алакөл, ал Орта Қазақстанда атасу кезеңі деп аталған (б.з.д. XV-ХІІ ғ.ғ ) б.з.д. ХІІ ғ, бастап Андронов мәдениеті көшпелі мәдени қауымдастықтармен ауысып, Батыс Қазақстанда қима, Орта
Қазақстанда Беғазы – Дәндібай мәдениеті деп аталды(б.з.д. ХІІ-VІІІғ.ғ)
Андронов тайпаларының шаруашылығы. Андронов мдениетіне өзендердің арналары мен көлдердің жағалауында, кешенді жер және мал шаруашылықтары тән. Андронов тайпалары жартылай жер кепелерде тұрды. Олардың төбесі бұталармен, аң терілерімен, сабанмен жабылды. Мал шаруашылығы негізінен отырықшы, бақташы болды. негізінен ешкі, сиыр, түйе өсірді. өзендердің аңғарында Андронов тайпалары кетпенді жер шаруашылығы мен айналысты.
Андронов тайпаларының шаруашылығының ерекше саласы ретінде таукен мен металлургиясы дамыды. Қола ғасыры кезінде Қазақтан дүниеде алғашқы қола өндірушілердің бірі болды. Қорытылған металл көлемі өте үлкен болды. тек Жезқазған өңірінде 100 мың т, мыс балқытылды.
1 апта Ауызша сауалнама,Тест 1,0 балл
№2. Кіріспе.
Ауызша сауалнама.
-
Андроновтық дәстүрлер.
-
Андронов мәдениеті.
-
Андронов мәдениетінің ерекшелігі.
-
Андроновшылардың әлеуметтік құрылысы.
-
Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары.
-
Қола дәуіріндегі рулық қатынас.
-
Қола дәуірінің негізгі шаруашылық түрі.
-
Қолөнері.
-
Андронов мәдениетін зерттеуші археологтар.
-
Қола дәуіріндегі экономикалық басты бағыттар.
№2. Кіріспе.
Тест.
-
Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады.
А) Ерте тас дәуірі
В) Орта тас дәуірі
С) Кейінгі тас дәуірі
Д) Мезолит дәуірі
Е) Неолит дәуірі
2. Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта.
А) Қозыбай
В) Тегіскен
С) Құдайкөл
Д) Өніжек
Е) Сексеуіл
3. Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан.
А) Ортақ меншік
В) Жеке меншік
С) Мемлекеттік меншік
Д) Ақсүйектер меншігі
Е) Меншік болмаған
4. «Қытай адамы» қалай аталды.
А) Неандертальдық
В) Австролопитек
С) Синантроп
Д) Кроманьондық
Е) Питекантроп
5. Кейінгі полеолит дәуірінің ескерткіші – Шақпақата тұрағы Қазазақстаннның қай аймағынан табылды.
А) Оңтүстік Қазақстан
В) Солтүстік Қазақстан
С) Орталық Қазақстан
Д) Батыс Қазақстан
Е) Шығыс Қазақстан
6.Қазақстан территориясынан қанша неолиттік және эниолиттік ескерткіштер табылды.
А) 1500
В) 1000
С) 950
Д) 700
Е) 600
7. Неолит тұрағының Ботай тұрағынан не табылды.
А) Әйел- ана бейнесі
В) Қыш ыдыстар
С) Пышақ тіліктер
Д) Жертөледен жылқы сүйектері
Е) Гемма
8. Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді.
А) Мәйітті өртеу
В) Мәйітке қызыл бояу жағу
С) Мәйіттің аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызу
Д) Еңбек құралдарын біурге көму
Е) Діни сенім болған жоқ
9. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген.
А) Ежелгі палеолит
В) Мезолит
С) Мустьер
Д) Неолит
Е) Кейінгі палеолит
10. Адам баласы жер бетінде қашан пайда болды.
А) Б.з.б. 1 млн. ж.
В) Б.з.б. 2 млн. ж.
С) Б.з.б. 3 млн. ж.
Д) Б.з.б. 4 млн. ж.
Е) Б.з.б. 5 млн. ж.
11. Тас өңдеу әдістері қай дәуірде жоғары нәтижеге жетті.
А) Палеолит
В) Мезолит
С) Неолит
Д) Энеолит
Е) Қола
12. Қазақстанның қай аймағынан ежелгі палеолит кезеңіне жататын ескерткіштер табылды.
А) Батыс Қазақстан
В) Шығыс Қазақстан
С) Орталық Қазақстан
Д) Оңтүстік Қазақстан
Е) Солтүстік Қазақстан
13. Питекантроп қашан табылды.
А) 1690 ж
В) 1780 ж
С) 1891 ж
Д) 1901 ж
Е) 1914 ж
14. Туыстық қауымдастықты не алмастырды.
А) Жекелеген отбасы
В) Көршілік қауым
С) Діни қауымдастық
Д) Тайпалық бірлестік
Е) Мемлекет
15. Алғашқы еңбек құралдарының атауы-
А) Чоппер
В) Нуклеус
С) Ретушь
Д) Болас
Е) Гарпун
1 апта.
№3 Арилер.
Жоспары:
-
Ерта темір дәуірінде Қазақстанда мекендеген тайпа арийлер.
-
Арий тайпаларының шаруашылығы.
-
Мекен тұрақтар.
Мәтіні.
Қазақ халқының түп төркіні адамзат тарихындағы өз орны туған жұртымның Ұлттық мәдениетке қосқан үлесі жайлы жазылған үлкен кішілі ғылыми туындылар үздік болса да жарық көруде. Бірақ халқымның арғы бергі тарихынан баяндайтын туындыға сүйене қарасақ қазақ халқы еліміздің ежелгі тұрғындары болып табылады.
Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мол мәліметтер бар. Мұндай деректер ежелгі парсы және грек тарихында көбірек ұшырайды. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтардың байырға шежіреде мол мәліметтер сақтайтын. Қазақ халқының этникалық құрамына енген ұрулар мен тайпаларының аттары ұрандары және осы ру тайпаларының шығу тегі мен таралу деректері талай дәуірді өтіп біздің заманымызға жетті. Жаңа тас дәуірінде (б.з.д. V-мың жылдық) Қазақстан топырағындағы адам қауымдастары одан әрі дамыды бірақ олардың негізгі өндіруші құралы әлі малта тас еді. Алайда олар тасты енді домбалауды қойып, әдемілеп үшкірлеуді, сыртын егіп тегістеуді үйренеді. Аңшылықтың дамуы жебеу оғын найза сүңісіп ойлап табуға мәжбүр етті, үй тұрмысында балталар, кашаулар, пышақтар, қасқаштар қырғыштар молайды. Қазақстанда жаңа дәуірін сипаттайтын 500-ге жуық ескерткіштер бар. Олрдың көп жаңдайларда бір-бірін қайталағандай ұқсастығы Қазақстанды нәсілдік тұрғыдан бірегеи халық мекендегенін айғақтайды. Тек 4-мыңжылдықтан бастап Орта Азия қосөзеннің аңғарын мекендеген Келтимар мәдениеті ошғынан тұрғындары Қазақстанның Оңтүстігімен Батысына жылыстп Батыс сібір айамағына ұзаған. Қазақ топырағында өмір ағымы осылай өтіп жатқанда, Евразия жотасының Батысында яки Шығыс Еуропада Үнді еуропада нәсілінің бірлестігі пайда болып б.з.д. 3 мж. Ыдыраушылық сатысына енген олардаың қатарынан Үнді Иран тайпалары бөлініп шығады. Оңтүстік орыс даласында, еділ бойы, Орал туының Оңтүстік аймағында жүргізілген архологиялық қазбалар Үнді Иран қауымның мал шаруашылығымен айналысқн дамыған экономикасы болғаннан сенімді айғақтар келтіреді. Әсіресе жылқы өсіру биік сатыда болға. Жылқы бұл қауымның күнделікті тірлігіенің тірегіде, өлгенде бірге көметін киесіне де айналған. Үнді иран тайпалары мекендеген аймағы оңтүстік орыс даласы. Еділ, Орал аймақтар . бұл қауымның іргелі тайпаларының бірі – Ар яки Арийлер. Арий этнониміне түбір болған Ар тайпасының ізі жер- су аттарында сайрап жатыр. Сол кездерде еділ өзені Ар акс атанған. Қазақ даласының іргесінде тарихи Ар даласы жатыр, оңтүстік Оралда Аркайм қаласы Арийлердің діни орталығы деп есептелінеді. Қзақ топырағы Орал тауы етегінен Оңтүстікке ауғанда Арий қауымы екіге бөлінген – ді. Бірі –“Регведалық” арийлер, екіншісі “Авесталық” арийлер. Үндістнға барып маңдай тіреген “регведалық” арийлер ол өлкенің байрығы жұрты дравидтерді теңіз жағалауларын қарай ысырады. Олар өздерінің байрығы сенім – нанымдарын “Регведа” діни эпосына жазып қалдырған. Ал “Авеста” діни үрдісін жасаушылар өздерінің байрығы отанын “Арианам ваиджа” деп (Арий жазығы) атап, онда 10 ай қыс, 2 ай жаз болатынын ол елдегі басты кіндік өзенді Рах деп атағаны туралы мәлімет бар. әсілі Раха – Еділ болса керек, өйткен Птоламей өз еңбектерінде еділді Ра деп көрсеткен. “Авеста” жорағысын туғызушы. Зоастр арасыда туды деп есептесе, екіншілері оның отанын Орта Азия оипатына апарады. Жоғарыда “Авеста” жазбасына қарағанда, арийлердің қазақ топырағы не оған жоспарлас өңірлердін себебін күн райынын қаталдығына сайғанмен аударыла көшудің жалғыз себебі ол болмаған сынды. “Авестада” көшпенділермен отырықшылар қақтығысы суиреттелсе үнді арийлерінің байрағы жазба мұраларына жататын “Регведа”, “Махабхараталарда” олардың жауларыда ад, дай, данов тайпалары екені айтылған. Қауымдардың бауыр басқан байырғы отандарын тастап, басқа бөтен топыраққа жылыстауы бекер емес, жаугнршілік салдары болса керек. Осы жазбаларда Даха әулетінен тараған байырғы көне жазба шежірелері, алғашқы шежірелері мен абыздардың да аттары хатталған.”Авеста” – зоростризмнің кітабына қасиетті кітаптардың жинағы. Діни ұғымдардан, дұғалардан, мифтік аңыздардан т.б. тұрады. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі “Авестаны” б.з.б. 1м.ж.бірінші жартысында Орта Азия да немесе Солтүстік Батыс Ауғанстан мен Солтүстік шығыс Иранға көрші аймақтардың бірінде пайда болды деп есептейді. Ежелгі заманда не ертедегі орта ғасырда “Авеств “Иранда, Орта Азияда, Азербайжанда Ауғанстанда кең тарраған. Парсылар арасындағы дін қызметінде күні бүгінге дейін пайдаланып келеді. “Авеста” қол жазбасы ¼ бөлігінде ғана.
“Авестаның екі нұсқасы бар. Кейіннен “Авестаға” Иран халықтары тұрған көптеген аймақтарда өзгерістер енгізіліп толықтырылды. Сондықтан “Авеста” – көптеген халықтардың ортақ ескертткіші, олардың тарихын, әлеуметтік – саяси құрылысын, тұрмыс-салтын, салт –санасын, мәдениетін, діннін, әдеби дәстүрлерін зерттеуі маңызды материал. Арилер – ғылыми әдебиетте әртүрлі ұғымда қолданфылпатын термин. ХІХғ ортасында –ақ “А” не “Априліктер” ұғымы Үнді Еуропа тілде сөйлейтін халықтарға қолданылады. Нәсілшіл әдебиетте, әсіресе фашистік германия әдебиетінде “А” термині нәсілшілдік тұрғыдан ғылымға қарсы мағнада қолданылады. Қазір “А” термині үнді –иран тілінде сөйлеген тайпалар мен халықтарға қолданылады. Бұл бірден- бір ғылымға дұрыс сінген ұғым. Үнді –Иран халықтарының ең ежелгі ескерткіштерінде олар өздерін “А” деп атаған. Мұның өзі көрші немесе бағындырылған халықтарға қарағанда, толық праволы адамдар деген мағнаны білдіреді. “А” деген сөзден бірқатар географфиялық және этникалық атаулар шыққан; үндіше- Арьяванта, Ависташы Арьяна ваиджа қазіргі Иран аты (“Арупат”-“А” елі) т.б.
1 апта Реферат, Тест 1,0 балл
№4. Арилер.
Реферат тақырыптары:
-
Арианам Вайджа.
-
Андрон мәдениетін жасаушылар
-
Ари тайпаларының ұлы қоныс аудару дәуірі.
-
Арилердің негізгі мекендері.
-
Ари тайпаларының мәдениеті.
-
Ари тайпаларының шаруашылығы.
-
Ари тайпаларының діни- нанымдары.
-
Ари тайпаларының қоғамдық құрылысы.
-
Арилердің сақ, скиф, сармат тайпаларымен қарым-қатынасы.
-
Ұлы қоныс аударудың тайпалар үшін маңызы.
№4. Арилер.
Тест.
-
Андроновтықтар үшін ең қасиетті орын не болып есептеледі.
А) Төр
В) Босаға
С) Ошақ
Д) Діңгек
Е) Шаңырақ
2. Қола дәуірінде Қаратау жартастарына ненің 49 суреті салынған.
А) Бұқаның
В) Соғыс арбаларының
С) Қос өркешті түйенің
Д) Соқаның
Е) Жауынгенрлердің
3. Беғазы қонысы Қазақстанның қай аймағынан табылды.
А) Орталық Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан
С) Сырдария бойы
Д) Жетісу
Е) Шығыс Қазақстан
4. Андроновтықтар қоғамында негізгі топ кімдер болып есептелді.
А) Ақсүйектер
В) Малшылар
С) Қолөнершілер
Д) Жауынгерлер
Е) Егіншілер
5. Андроновтықтар қай нәсілге жатады.
А) Еуропалық нәсіл
В) Моғолойдтық нәсіл
С) Негірлік нәсіл
Д) Түркілік нәсіл
Е) Еуропалық-монғолдық нәсіл
6. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу дәстүрі қай дәуірге тән болған.
А) Палеолит
В) Мезолит
С) Неолит
Д) Қола
Е) Темір
7. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған археологиялық ескерткішін ата.
А) Тегіскен
В) Шірік-Рабат
С) Үсіктас
Д) Ақсу-аюлы
Е) Қосқұдық
8. Андроновтықтар кейінгі қола дәуірінде неге табынған.
А) Жерге
В) Аспанға
С) Ата-баба аруағына
Д) Найзағайға
Е) Ай және жұлдызға
9. Теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды.
А) Палеолит
В) Мезолит
С) Неолит
Д) Қола
Е) Энеолит
10. Отпен уату арқылы кен өндіру әдісі қай дәуірде қолданылған.
А) Тас дәуірі
В) Қола дәуірі
С) Темір дәуірі
Д) Мысты-тас дәуірі
Е) Палеолит
11. Андроновтықтарда адамдарды көкпен жалғастырушы белгі болып не есептеледі.
А) Шаңырақ
В) Ошақ
С) Киіз үйдің тіреуіш діңгегі
Д) Биік тау шатқалы
Е) Қорған
12. Тасқа салынған суреттердің ғылыми атауы:
А) Руника
В) Иероглиф
С) Петроглиф
Д) Кескіндеу
Е) Архитектура
13. Андроновтықтарда «өлікті матаушы» ажал құдайы қалай аталады.
А) Яма
В) Агния
С) Митра
Д) Индра
Е) Зевс
14. Қыш ыдыстарға тек әскмдік үшін ғана емес, тіл-көзден сақтау үшін салынған нәрсе –
А) Сурет
В) Әріп
С) Өрнек
Д) Мөр
Е) Таңба
15. Қос өркешті түйе бейнесі арқылы андроновтықтар қандай құдайға табынған.
А) Соғыс құдайы
В) Күн құдайы
С) Әлем құдайы
Д) Күн күркіреу құдайы
Е) От құдайы.
2 апта.
№5. Ғұндар.
Жоспар:
-
Ѓ±ндар, олардыњ Европаѓа ќоныс аударуы.
-
Ќазаќстан жерін ѓ±ндардыњ ќоныстана бастауы.Халќаралыќ ±лы ќоныс аударудыњ басталуы.
3. Еділ батыр.
Мәтіні:
Хунну мемлекетініњ ќ±рылуы. Ѓ±ндар жазба деректерде алѓаш рет б.з.д.822ж. аталады, ол кезде олар Ќытайѓа ‰лкен жорыќ жасаѓан. Сондыќтан да Ќытай императоры ¦лы Ќорѓан салдырды. Б±л кезде ѓ±ндар туысќан рулардыњ одаѓы ретінде ќалыптасып, оны сайлаѓан кµсем басќарды. Б.з.д. 209ж. Туман атты кµсемніњ баласы Моде µзін “сенгир” деп жариялады (сенгир-±лы).
Ѓ±н мемлекетін ќ±ру барысында ќызметете бастады. Алдымен Ѓ±ндардыњ шыѓыстаѓы кµршілері дунхулар талќандалды. Одан кейін ѓ±ндар µздеріне батыста юечже мен ‰йсіндердіњ, оњт‰стікте лоуфень мен байян тайпаларын баѓындырды. Ѓ±ндардыњ к‰шеюі Ќытайдыњ назарынан тыс ќалмады, ол кезде Ќытайда жањаХань єулеті биікке келген болатын. Ќытай императоры Гаоди µз єскерімен Байден тауында ќоршауѓа т‰сті. Императорды Мµденіњ мейрімділігі ѓана ќ±тќарып ќалды. Кµп ±замай Ќытай мен Ѓ±ндар арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Ќытай ѓ±ндарѓа жыл сайын салыќ тµлеуге тиіс еді. Мµде µлгеннен кейін бейбіт µмір бірнеше ондаѓан жылдарѓа созылды. Оны император Уди б±зды. Соѓыс б.з.д. 129ж. Басталып, екі жаќ алма кезек жењіске жетіп отырды. Ќытайлар ѓ±ндарды Ордостан ыѓыстырса, б.з.д. 90ж. Яньшан тауыныњ жанында к‰йрей жењілді. Сенгйр Хулагу µз бітімініњ шарттарын талап етті. Біраќ бейбітшілік ±заќќа бармады. Б.з.д. 59ж. Ѓ±н мемлекетінде µзара ырќысулар басталды. Сенгйрлердіњ билікке таласына Қытай депламатиясы өршіп отырды. б.з.д. 47 ж ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылар Қытай билі гін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай (билігін ) басқыншыларының қарсыласа отырып, Камгер еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, б.з.д. шегінде ғұндар ғн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшу бастады. Б.з.д. 93ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асырауымен тарбағатайға одан кейін орталық Қазақстанға, Сырдария жағалауына дейін жетті.
Ғұн мемлекеті артилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. 1 ғ. Қазақстан терреториясына енді. Көп замай олар Волга дон, арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хонну, алаң және Кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп Иран Рим сияқты көмек мемлекеттермен саяси қатынаста (бибітте соғыста) түсті осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерімен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимилияцияға түсті. Содан жаңа етнос пайда болды. Енді біз оны Хунну емес ғұн дейміз. Оларда осылай батыс деректеріде атайды.
375ж. төменгі Поволжеда көшіп жүрген Баланбера бастаған ңұндар боннанөтіп остготтардың тайпалық одағына соққы берді. Остгорттардың батысқа қарай тұрған империясына жеріндегі фракцияға тұрақтайды. Сүйтіп халықаралық ұлы күш басталды. Біртіндеп ғұндар әрі қарай батысқа ене берді. Шығыс Рим империясының жеріне де жиі жиі ене отырған 305 ж. ғұндар Константинопольдің дуалдарына дейін жетті. Сол жылы олар Мессепатаниямен Закавказияға жорық жасады ұйымдаспаған ложа үшін жүргізілген шапқыншылықтардың енді олар Ірі жаулап алуларға көшті әсіресе ғұндардың Римжеріне Ругиле патшаның тұсында күшейіп, (5ғ.1ширегі) Римнің байдунай провинцияларын басып алды. Осыдан Панония (қазіргі Венгрияның жері) ғұн мемлекетінің орталығына айналды. Шығыс рим император Ругилеге жылында 350 фунт алтын төлеуге міндетті болды. Римдіктермен жүргізілген соғыстардың сәттілігі ғұнмен құлдар көбейді.
Рубила өлгеннен кейін, 434 ж. билік оның жиендеріне ағасы Монзонаның балаларын Блеземен Атиллаға (Еділ) µтті. 437ж. Ѓ±ндар Тургунд корольдыѓын талќандады, осы оќиѓаныњ “Песни о Небелунгах” жырында орын алды. 445ж. Атилла µзініњ аѓасы Блезуды µлтіріп, дара билейді. Оныњ билігі ќысќа болѓанымен оќиѓаларѓа толы еді.
Атилла µзініњ алѓашќы соќќыларын Шыѓыс Рим империясына баѓыттады да, 448ж. Оѓан жыл сайын салыќ тµлетті. Сосын Герул, Остгот пен Гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына ќарсы соѓыс бастады. Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одаќтас болды. 451ж екі єскер арасындаѓы шайќас Атилланыњ жењілуімен аяќталды. Алайда келесі жолы оныњ єскері Римге жаќын императорды ќашуѓа мєжб‰р етті.
453ж. Атилла µлген соњ оныњ мемлекеті ыдырап кетті. Оныњ балалары арасында ќырќыс басталды. Ал б±л жаѓдайды ќол астындаѓы баѓынышты тайпалар пайдаланып кетті. Алдымен Панони мен Карпатта т±ратын Ипидтер бас кµтерді. Недар µзені бойында ѓ±ндар жењіліс тапты, Атилланыњ ‰лкен ±лы Элак µлді. Кіші ±лы Ирнак ќалѓан ѓ±ндармен Карпаттан батысќа кетіп, Ќара тењіз жаѓалауына келді. Осы жерде ѓ±н мемлекеті бµлек-бµлек иеліктерге бµлініп кетті. Хазар, утургур, кутургур, сібір Дунайдан Волгаѓа дейін ќоныстанѓан б±л тайпалар µзара жиі ќаќтыѓысып отырды.
Ѓ±ндардыњ Ќазаќстан жеріне жаппай енуінен жєне ѓ±н, кангар тайпаларыныњ ары ќарай батысќа µтіп кетуінен жергілікті халыќтыњ антропологиялыќ типініњ µзгеруі жєне т‰рік тілініњ протоќыпшаќ диалектісініњ таралуына байланысты болды.
2 апта 1,0 балл
№6. Ғұндар.
Тест.
-
Ғұндар туралы тарихи деректер қытай тілінің мамандары кімнің еңбектерінде берілген.
А) Н.Я.Бичурин б) А.Н.Бернштам
ә) К.М.Байпаков в) Л.Н.Гумилев г) Н.И.Конрад
2. Ғұндардың бір одаққа бірігуі қай батырдың есімімен байланысты.
А) Атилла б) Шанюй
ә) Мөде в) Сюбашы г) Хан-төре
3. Қай жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік болып бөлінді.
А) б.з.б.37ж б) б.з.б.47ж
ә) б.з.б.57ж в) б.з.б.67ж г) б.з.б.97ж
4. Оңтүстіктегі ғұндар Қытайдың қай империясына бағынды.
А) Тянь б) Сиеь
ә) Ян в) Хань г) Чжоу
5. Ғұндар неше руға бөлінген.
А) 8 б)12
ә) 10 в) 5 г) 24
6. Ғұндардың өміріндегі негізгі шаруашылық
а) мал б) өнеркәсіп
ә) егін в) тоқыма г) шикізат
7. Ғұндарды кім басқарды.
А) Сюбашы б) елтебер
ә) Шаньюй в) хан г) қаған
8. Рим империясына қауіп төндірген тұста ғұндарды кім басқарды.
А) Мөде б) Атилла
ә) Едіге в) Бумын г) Юебань
9. Шаньюйден кейін билік кімдердің қолында болды.
А) Елтебер б) Хан
ә) Сюбашы в) Түмен басы г) Қаған
10. Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен тайпа.
А) сақ б) үйсін
ә) қаңлы в) найман г) ғұн
2 апта.
№7. Қыпшақтар.
Жоспары:
-
Қазақстандағы қыпшақтар билігі.
-
Дешті Қыпшақтың алып жатқан географиялық аумағы.Қыпшақтардың саяси тарихы.
Мәтіні:
Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып. Мұсылман авторлары шығармаларында кифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гердизи IX ғ. М.Қашғари IX ғ. Ибн Асир XIII, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамкаларында оларды половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, визянтиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук XIIIғ.) командар (құмандар деп) атаған.
VIIIғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.
XI ғ. басыцнда Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыцздарды ығыстырып, XI ғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, Xiғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Вмзантия шекараларына дейін жетті. XII Ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Баиыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.
Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.
ХІ-VІІ ғғ. Шығыс қыпшақ мемлекеті екі қанатқа бөлінді. Оң қанатқа Торғай даласы, Жем, Жайық, Еділ өзені жағалары, Маңғыстау жарты аралы, Елбөрі хандарымен басқарылды. Торғай ауданында үлкен ханның ордасы болды. Сол қанатқа Орталық және Шығыс Қазақстан жерлері, Сырдариядан, Ертіс, Есілге дейін созылды. Астанасы Сығанақ қаласы болып, ел билеу қаны-ұран тайпасының билігінде еді. Сырдария бойындағы қалалардың қыпшақтарға өтуі, осы жерлер үшін Орта Азия мемлекеттерінен соғысуға алып келді. Хорезм шахымен арадағы соғыстар Сыр аймағындағы қыпшақтар Хорезмшахқа жартылай бағынып, тақпен құда-жекжаттық қарым-қатынастар орантып, оның қызметіне өтеді. Қыпшақтар қала басшылығы, әскер басы смекілді қызмет атқарды. Хорезмшахтардың әскери күші қыпшақ орнағанға дейін өмір сүрді. 1223 ж. Калка өзені бойында біріккен орыс князьдықтары әскері монғолдардан жеңіліс тапты. Тарихта аты әйгілі Мысыр билеушісі Мұхаммед Бейбарс көрнекті ғалым Алладин әл-Қыпшақи (ХІІ-ХІІІғ.) қыпшақ тайпаларынан шыққан.
Л.Гумилевтің ХІ ғасырда түріктердің ірі этнос ретінде тарих сахнасынан шығып қалғандығы жөніндегі тұжырымдамасы мәлім. Дәл осы тұста олардың орнын қыпшақтар басады. Бұл турасында Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің шежіресінде былай деп жазады; «Батыста – Сырдария, Шығыста – Ертіс, Оңтүстікте –Жетісу, Солтүстікте – Еділ. Осынау төрт өзеннің аралығындағы кеңістікте қыпшақтардың 92 руы орын тепкен Дешті – Қыпшақ деп аталады». Қыпшақтар тарих сахнасынан «түрік» құрама этнонимін тайдырып, енді өздері өзге түрік тпайларына өзек болған ірі этносқа айналды.
Атақты парсы ақыны, саяхатшы һәм уағыздаушы Насыри Хосроу 1045 жылы Адтай мен Еділ арасындағы ұлан – ғайыр жерді алғаш рет «Дешті - Қыпшақ» - «Қыпшақтар даласы» деп атады және бұл атау кейін, ғасырларға кетті. Бұдан соң жарты ғ,асыр өтті, орыс жылнамалары Қара теңіз маңайындағы далаларды поплвецтер далсы депи атады. Ал XIV ғасырдың басында парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини бұрындары Хазар даласы делініп келген деп аталып келе жатқанына түсінік берді.
Қыпшақтар ХІІ ғасырда бүкіл, араб, парсы, славян., роман-герман әлемін тітіреткен қаһарлы күшке айналады.
Жаңа далалық тайпалардың көшіп-қону дүбірі Русьтің шекараларына да жетеді. Бірақ бұл жаңа мекендерде “қыпшақ” деген этноаяси термин сіңген жоқ, Русьте “сары ”деген сөз славяншаға аударғанда
“желтый”, “половый” болып өзгерді. Сөйтіп жаңа келімсектерге “половцы” деген ат қойылды, ал дала
“Половецтер өлкесі” деп атала бастады. Кейін олар Еділ, Дон, Днепр және днестр өзендеріне дейін жетті.
№7. Қыпшақтар.
Тест.
-
Қыпшақтар туралы алғашқы хабар кімдердің деректерінде кездеседі.
А) қытай б) парсы
ә) иран в) грек г) араб
2. Қазақстан жерінде қыпшақтардың этникалық қауымдасуын неше кезеңге бөліп қарайды.
А) 2 б) 4
ә) 3 в) 5 г) 6
3. Қыпшақ тайпаларының басында кім тұрды
а) би б) қаған
ә) хан в) шаньюй г) елтебер
4. Қыпшақтарда қандай мал басты байлық болып саналды.
А) түйе б) сиыр
ә) қой в) жылқы г) ешкі
5. Қыпшақтардың басты шаруашылығы
а) егіншілік б) қолөнер
ә) балық аулау в) шикізат г) мал өсіру
6. Қыпшақтардың орталығы
а) Сығанақ б) Жент
ә) Баласағұн в) Яссы г) Сауран
7. Қыпшақтар Қазақстан жеріне қай ғасырда келді.
А) У ғ. Б) УІ ғ.
ә) УІІ ғ. В) УІІІ ғ. Г) Х ғ.
8. Қыпшақтар Қазақстан жеріне УІІ ғасырда Алтайдағы қай тайпаның құрамында келеді.
А) қаңлы б) телэ
ә) боржиген в) арғын г) селжұқ
9. Этникалық қауымдастықтың қай кезеңінде қыпшақ хандарының мәртебесі өседі.
А) 5 б) 6
ә) 2 в) 3 г) 1
10. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер қалай аталды.
А) «Үлкен ұлыс» б) «Кіші ұлыс»
ә) «Байтақ дала» в) «Қимақ даласы» г) «Дешті Қыпшақ»
№7. Қыпшақтар.
Бақылау сұрақтары:
-
Қыпшақтар туралы алғашқы жазба деректер.
-
Қыпшақтардың этникалық қауымдасуының кезеңдері.
-
Бірінші кезеңі
-
Екінші кезеңі
-
Үшінші кезеңі
-
Қыпшақ хандарының Орта Азия мемлекеттерімен күресі.
-
Қыпшақтардың Хорезм шахтарымен соғысы.
-
Қыпшақтардың мал шаруашылығы.
9. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы.
10. Қыпшақтардың негізгі кәсіптері.
3 Апта 1,0 балл
№8. Алтын Орда мемлекеті.
Тест.
-
1235 жылы болған құрылтайда қай жерге жаңа жорық жасауға шешім қабылдады.
А) Шығыс Европа б) Қытай
ә) Батыс в) Отырар г) Солтүстік
2. Алтын Орданың негізін қалаушы.
А) Жошы б) Шыңғыс хан
ә) Батый в) Берке г) Өзбек
3. Алтын Орда қай ханның тұсында дербес мемлекет болды.
А) Батый б) Берке
ә) Жәнібек в) Өзбек г) Орыс
4. Алтын Орданың Батый хан тұсындағы орталығы
а) Сарай-Берке б) Яссы
ә) Сығанақ в) Сарай-Бату г) Баласағұн
5.Алтын Ордада ислам діні қай хан тұсында келді.
А) Берке б) Орыс
ә) Батый в) Богра хан г) Өзбек
6. Қарулы күштері қалай бөлінді.
А) Оң қол, сол қол б) Жақсы, жаман
ә) теріс, оң в) күшті, әлсіз г) үлкен, кіші
7. Батыйдың ағасы Орда Ежен құрған мемлекет
а) Көк Орда б) Алтын Орда
ә) Ақ Орда в) Моғолстан г) Қырым
8. Алтын Орда хандары кімнің ұрпақтары еді.
А) Ақсақ Темір б) Шыңғыс хан
ә) Шағатай в) Орыс хан г) Бумын
9. Алтын Орда кімнің шабуылынан құлады.
А) Хорезмшах б) Едіге
Ә) Иран шахы в) Әмір Темір г) Мүбарак
10. Мемлекет құрылысы қандай негізде болды.
А) Саяси б) қоғамдық
ә) әлеуметтік в) жиынтық г) әскери
№9. Алтын Орда мемлекеті
Жоспар:
-
Алтын Орда мемлекетінің құрылу ,Батыйдың елді билеуі.
-
Алтын Орданың гүлденуі
Мәтіні:
Моңғол шапқыншылығынан соң Казақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді. Жетісудың Солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерлерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиеді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Мәуеренахрды мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан – ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілерінің мүддесі империяның, жеке мемелекеттерге айналуына алып келді. Жошының мирасқоры Батый 1236 - 1242 жылы ұлыстың шекерасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVI ғасырдың соңына “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстық жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемелекет орталығы болып орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік Шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезіндегі кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батыйде кеінірек Сарай Беркеде орналасты.
Берке ханның (1257-1263) тұсында Империя орталығының, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болсада тәуелділік пен толық дербестікке қол жеткізді.Шаманизмнен бір құдайшылыққа Ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемелекеттің ғылымын дамытуға күш салды. Моңғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда Мемелекеті Мұхаммед өзбек ханының билігі тұсында ширақтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттің дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.
Мемлекеттік құрылысы моңғол империясы жеріндегі билік шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық үкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға халықтан салық жинауға араласа алмайтын. Хан мемлекеттік иегері ретінде мемлекет басшысы әскери заң шығару және әкімшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер бегі басқарды. Ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар, басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.
Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, түменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.
Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ержелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі моңғол өмірінің нормаларын ғана реттестірі. Отырықшы қоғамның дәстүріне, әдет – ғұрпына қайшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан ұшыр - мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төледі.
Алтын Орда Мемелекеттің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрады.
Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.
Қазақ мемелекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігі көрсетеді.
Алтын Орда Жәнібек Ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. 23 жылда (13571380) жиырмадан астам хандар бірін – бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасы Мамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзінде билеушілерге айналды. Едіге 15 жыл билікті өз қолында ұстады.
Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды. 15 ғасыр ортасына қарай оның аумағында Астарахань – Қазан, Қырым хандықтары құрылды. Жошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласын Алтын орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ Орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданың негізгі аумағы қазақ халқының атамекені Ақ Орданың билігіне күшті.
№9. Алтын Орда.
Ауызша сауалнама.
-
Алтын Орданың құрылуы.
-
Алтын Орданың негізін қалаушы
-
Алтын Орданың этникалық құрамы.
-
Алтын Орданың дербес мемлекет болып қалыптасуы.
-
Алтын Орда хандары.
-
Алтын Ордаға ислам дінінің келуі.
-
Алтын Орданың ХУІ ғасырдағы жағдайы.
-
Мемлекеттің қоғамдық құрылысы.
-
Алтын Ордадан Қырым, Еділ бұлғарларының бөлінуі.
-
Алтын Орданың ыдырауы.
-
Апта Реферат, Тест 1,0 балл
№10. 14-15 ғас. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Реферат.
-
Ақ Орда хандығының пайда болуы
-
Ақ Орданың негізін қалаушы хан
-
Ақ Орданың гүлденген кезеңі
-
Ақ Ордаға кірген жерлер
-
Ақ Орда хандарының жорықтары
-
Мемлекеттің қоғамдық құрылысы.
-
Мемлекеттің шаруашылығы
-
Мемлекеттің сыртқы саясаты
-
Мемлекеттің мәдениеті
-
Мемлекеттің тарихтағы орны.
№10. 14-15 ғас. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Тест.
-
Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде ХІІІ-ХҮ ғасырдың басында өмір сүрген мемлекетті атаңыз
А) Алтын Орда
В) Моғолстан
С) Әбілқайыр хандығы
Д) Ақ Орда
Е) Ноғай Ордасы
2. Әмір Темір өз өкіметінің тірегі ретінде қандай дінді қолданды.
А) Несториан дінін
В) Католик дінін
С) Будда дінін
Д) Христиан дінін
Е) Ислам дінін
3. Моғолстан мемлекетінің астанасы :
А) Баласағұн
В) Алмалық
С) Сауіран
Д) Сайрам
Е) Екіоғыз
4. Моғполстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа:
А) Дулат
В) Арғын
С) Керей
Д) Үйсін
Е) Қаңлы
5. Ноғай Ордасының ең үолкен тайпасын атаңыз:
А) Арғын
В) Қарлұқ
С) Маңғыт
Д) Алшын
Е) Тама
6. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлініп, дербес мемлекеттігін қай ханның тұсында алды.
А) Едіге хан
В) Мұхаммед хан
С) Нұраддин хан
Д) Тоқтамыс хан
Е) Иштерек хан
7. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылымында ұлысты кім басқарды.
А) Әмір
В) Хан
С) Князь
Д) Мырза
Е) Патша
8. Моғолстакн қашан құлады.
А) ХІҮ ғ.
В) ХІҮ ғ. Ортасы
С) ХҮ ғ.
Д) ХҮІ ғ. Басы
Е) ХҮІ ғ. Ортасы
9. Ноғай Ордасында мұрагерлік билікті кім иеленді.
А) Хан
В) Мырза
С) Князь
Д) Тұмақ
Е) Халық
10. Сығанақ қай хандықтың астанасы
А) Ақ Орда
В) Моғолстан
С) Ноғай Ордасы
Д) Сібір хандығы
Е) Алтын Орда
11. Ноғай Ордасының астанасын атаңыз
А) Сығанақ
В) Алмалық
С) Сарайшық
Д) Тұра
Е) Сарай-Берке
12. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы қашан басталды.
А) 1336-1337 ж.ж.
В) 1370-1371 ж.ж.
С) 1371-1372 ж.ж.
Д) 1404-1405 ж.ж.
Е) 1405-1406 ж.ж.
13. Ақ Орданың негізін қалаушы кім
А) Орда Ежен
В) Сасы Бұқа
С) Ерзен
Д) Орыс
Е) Барақ
14. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі кімнің әміуроімен салынды.
А) Әбілқайыр
В) Едіге
С) Әмір Темір
Д) Шыңғыс хан
Е) Орыс хан
15. Моғолстандағы ұлысбектер қай тайпаның өкілдерінен сайланған.
А) Дулат
В) Моңғол
С) Ашина
Д) Керей
Е) Маңғыт
3 апта.
№11. XIV-XV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Жоспары:
-
Ақ орда
-
Ноғай ордасы.Өзбек хандығы.
Мәтіні:
Ортағасырлық саяхатшылар қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак)
аталған жердiң шығыс бөлiгiнде ХIV-XV ғасырдың алғашқы ширегi аралығында Ақ орда атты мемлекеттiң болғанын хабарлайды.
Рашид ад-диннiң (ХIV ғ.) айтуына қарағанда Жошы ұлысының шығыс бөлiгiн (сол қанатын) Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Иген) әкесiнiң тiрi кезiнде еншiге алған. Әбiлғазының (ХVII ғ.) көрсетуi бойынша Ордаға бұл жердi кiшi iнiсi Батый хан ХIII ғ. орта тұсында бөлген. Орданың мұрагерлерi Батый ханның тұқымына сырттай тәуелдi көрiнгенiмен, iс жүзiнде олар өз ұлысының дербес билеушiлерi болды.
Ақ орда жерi Алтын Ордадан алған тәуелсiздiгiнiң нығаюы барысында ХIV ғ. екiншi жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетiсудың солтүстiк шығыс бөлiгi, Ертiс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендерi аралығы, Арал теңiзi төңiрегi мен Сырдарияның төменгi сағасы Жошының тағы бiр ұлы Шайбан ұлысына қарады.
ХIII ғ. орта тұсында Орда Еженнiң ел басқарған ордасы Ертiстiң бойында және Алакөл көлiнде болған. ХIV ғ. Орда Еженнiң мұрагерлерiнiң билiгi Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгiнгi Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетiсу өңiрi ғана бұл кезде шағатайлық ұлысына, соңынан Мағұлстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюiне байланысты оның орталығы ендi Қазақстанның оңтүстiгiне, Сығанақ қаласына ауысады.
ХIV ғ. бас кезiнен Орда Еженнiң мұрагерлерi Шағатайлықтармен Сыр бойы қалалары және Жетiсу үшiн күрес жүргiзе бастайды. Ертiстен Сырдарияға шейiн, Алтайдан Ұлытау және Аралға шейiнгi аралықта қалыптасқан дәстүрлi мал шарушылығына қуат бере отырып, Ақ Орда билеушiлерi сыр бойы, Талас, Шу, және Ұлытау өңiрлерiнде отырықшы егiншiлiк пен мәдениетттiң қайта жандануына ден қойды. Сығанақ, Отырар, Сауран және Жентте бiрақ жаңа құрылыстар өмiрге келдi, Ақ орда хандары өз аттарынан теңге құйғызды.
Орта Азия мен Хорезмнiң қала, егiншiлiк және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары бiртiндеп Алтын Орда билiгiнен алыстай бастайды да, ХIV ғ . алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320-1344жж.) хандар тұсында бiржола дербестiкке өтедi. Ақ Орданың күшеюi Ұрыс ханның билiгiне тұс келедi (ХIVғ. 60-70жж.). Тарихшы Қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеушi ретiнде сипаттайды. Осы ханның тұсында қысқа мерзiмге болса да Ақ Орданың билiгi жерiне де тарайды.
ХIV ғ. соңғы ширегiнде және ХV ғ. алғашқы ширегiнде Ақ Орда Әмiр Темiрдiң, оның мұрагерлерiнiң, ең ақыры шайбандықтардың шабуылдарына ұшырады. Тынымсыз әскери қақтығысулар нәтижесiнде әлсiреген Ақ Орда жерiнiң үлкен бөлiгiн ХV ғ. 20-шы жылдарының соңына қарай шайбандықтар өздерiне бағындырды.
Мұсылман деректерi Ақ Орданы билеген хандар шежiресiн шамамен мынадай жүйеде бередi: Орда Ежен, Сартақтай Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.
Ақ Орда – Қазақстан жерiнде манғолдар шабуылынан соң жергiлiктi этникалық негiзде қалыптасқан алғашқы мемлекеттiк құрылым.
Бұл жер ерте замандардан түркi тiлi мен мәдениетiндегi, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негiзiн құраған үйсiн, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердiң, сондай-ақ басым бөлiгi Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға iргелес оңтүстiк-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа iрi тайпалық одақтардың атамекенi болды.
Ақ Орда мемлекетiнде феодалдық меншiк түрi отырықшы-егiншiлiк және көшпелi мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрiнде көрiндi. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың iнджеу, мильк, сүйiрғал сияқты жер иелiгi, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлерi болғандығын айтады. Елдегi билiк жүйесiнiң басында орда Ежен ханның үрiм бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергiлiктi аймақтарды билейтiн оғландар мен бек, әмiр, батырлар бағынды.
Ноғай Ордасы.
Алтын Орданың ыдырау барысында өмiрге келген iрi мемлекеттiк құрылымдардың бiрi Ноғай Ордасы. ХIV – ХV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерiнiң бөлiгiн қамтыды. ХIV ғ. соңына қарай Жайық пен Едiлдiң арасындағы тайпаларды бiрiктiрген қауым өзiн маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы”деген атаулар деректерде ХVI ғ. бас кезiнде пайда болды. Ноғай Ордасының мемлекеттiк құрылым ретiнде оқшаулануы Едiге бидiң алтын Орданы билеген кезеңiне түс келедi (1396 – 1411жж.). “Беклар-бегi” атанған би iс жүзiнде бұл құрылымның негiзiн қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмiрiнде шешушi роль атқарған Едiге би өз елi маңғыттар ұлысын күшейтуге бiраз күш жұмсайды. Едiге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушiлерi шығыс жағындағы көршiлерiмен жақын қатынаста болуға ұмтылды. Әбiлқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестiкке бiржола Едiгенiң ұлы Нұр ад-Дин билiгi (1426 – 1440жж.) тұсында қол жеткiзедi.
№11. 14-15 ғас. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Бақылау сұрақтары:
-
Әбілқайыр хандығының құрылуы.
-
Хандықтың Қазақстандағы территориялары
-
Этникалық құрамы.
-
Хандықтың мәдениеті.
-
Хандықтың шаруашылығы.
-
Хандықтың қоғамдық, саяси өмірі.
-
Хандықтың жаулап алу саясаты.
-
Хандықтың әлеуметтік-экономикалық қайшылықтары.
-
Хандықтың ішкі және сыртқы саясаты.
-
Мемлекеттің хандары.
4 апта 1,0 балл
№12. Қазақстанның сыртқы саясаты.
Тест.
-
ХУІІІ ғас. Алтайдан Атырауға дейінгі жерлер жағрафиялық жағдайына қарай қалай бөлінеді.
А) үш жүз б) территорияға
ә) үш руға в) сол мен оңға г) округ пен ауылға
2. Кіші жүз ханы
а) Сәмеке б) Жолбарыс
ә) Әбілқайыр в) Тәуке г) Абылай
3. Орта жүздің ханы
а) Әбілқайыр б) Сәмеке
ә) Жолбарыс в) Тәуке г) Мөде
4. Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы –
а) Сәмеке б) Әбілқайыр
ә) Жолбарыс в) Тәуке г) Едіге
5. Үлкен Орданың сарай ақыны, жырау –
а) Доспамбет б) Шал ақын
ә) Әйтеке в) Шалкиіз г) Бұхар
6. ХУІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақтар мен кімдердің арасында әскери қақтығыстар жиілей түсті.
А) ойрат б) монғол
ә) қытай в) татар г) албан
7. ХУІ ғасырда ойраттар неше тайпалық бірлестіктен құралды.
А) 3 б) 2
ә) 4 в) 5 г) 6
8. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен қандай хандық құрылды.
А) Батый б) Жоңғар
ә) Ақ Орда в) Моғолстан г) Ноғай
9. 1723 жылы қазақтарға қарсы жорыққа шыққан қалмақ бахадүрі
а) Иоганн б) Амурсана
ә) Ренат в) Шуно Дабо г) Жәпек
10. Шуно Дабоның тактикалық жоспары бойынша неше стратегиялық бағыт болды.
А) 3 б) 7
ә) 5 в) 8 г) 2
4 апта.
№13. Қазақтардың жоңғарлармен күресі.
Жоспары:
1. Ойраттар (жоңғарлар), оның қазақ хандығымен қатынастары. Жоңғар мемлекеттің құрылуы, оның қазақ жеріне шапқыншылығының күшею.
-
ХІІІғ. (шир-2) Қазақстанның саяси – эконогмикалық жағдайы. Ақтабан шұюырынды Алқакөл сұлама.
3.Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл халықтық күрес қазақ жасақтарының ұлы жеңістері
4.Абылай ханның отанымызды жаудан азат етудегі, Қазақ мемлекеттің нығайтудағы тарих еңбегі. Абылай хан – ұлы қолбасшы батыр, Ұлы саяси қайраткер.
Мәтіні:
Қазақ жоңғар соғыстары - сипати жағынан халқымыздың үшін өз Отаның жерін жат жерлік басқарушыдан қорғау жолындағы Отан соғысы болып табылады. 200 жылдан астам уақытқа созылған бұл соғысты қазақ халқы небір қанды қырғын шайқастарды басынан өткеріп, жанқиярлықпен ерліктер көрсетіп, Отан, жерін қорғап қалды.
Жоңғарлар дегеніміз – тарихи батыс моңғолдар деп. аталатын ойрот тайпалық одағыныңы кейінгі аты еді. 1206ж Шыңғысхан әскерінің сол қанатын құрап, соғысқандықтан жоңғар деп. атаған. Ойраттар торғауыт Дүрбіт, Қошеуіт, Шорыс деп. аталатын 4 ірі тайпалық бірлестіктен тұрған.
Ойраттан қазақ жер інде алған көрінуі. 1457 – қазақ хандығының құрылар қорсаңы. Бұл жолы Үз – Темір тойшы бас ойраттар көшпелі өзбектер мемлекеттің ханы Әбілхайыр әскери талқандайды. Ойраттар бұюдан кейнігі кездерде моңғолстарда шапқыншылықтар жасап тұрады. Ал, олардың қазақ хандығымен соғысының басталған кезі XVIғ. 20 ж. Бұл кездегі қазақтың Ұлы ханы Қасым қазақ мемлекеттің барынша күшейтіп, өзге иеліктегі қазақтармен қоса Моғолстандағы қазақ хандығын қосып алады.Моғолстан кішірейіп қазіргі Қашқар жер інде ғана қалады. Ееді қазақ пен ойрот шекарасы түйіседі. Осы кезден бастап ойраттар Қазақтарға шабуыл жасап, арада соғыс басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |