Сабақ барысындағы сабақтан кейінгі мұғалім рефлексиясы


Сабақ барысындағы рефлексия (Іс-әрекет барысындағы рефлексия)



бет3/3
Дата19.02.2023
өлшемі26.84 Kb.
#469776
түріСабақ
1   2   3
Мұғалім рефлексиясы

Сабақ барысындағы рефлексия (Іс-әрекет барысындағы рефлексия):

  • Сабақтың өту қарқыны қандай? Сабақта уақытты қалай басқарамын?

  • Барлық оқушылар оқу процесіне қатыса ма? Оқушылардың қайсысына көмек керек?

  • Мен жақсы оқитын оқушылармен қалай жұмыс істеймін?

  • Оқушылардың әрекет ету формасын өзгерту керек пе?

  • Оқушылар материалды жақсы түсінеді ме?

  • Олар қандай қиындықтарға тап болады? Бұл немен байланысты?

  • Оқушылар менің нұсқауларым мен тапсырмаларымды толық түсіне ме? Егер түсінбесе, неліктен түсінбейді?

  • Оқушылардың қиындықтарды жеңуіне көмектесу үшін не істеуім керек?

...


Сабақтан кейінгі рефлексия (Іс-әрекеттен кейінгі рефлексия):

  • Бұл сабақта не нәрсе жақсы болды? Неліктен?

  • Менің оқушыларым сабақта бір нәрсе үйренді ме? Үйренген болса, бұл ненің арқасында жүзеге асты? Егер үйренбеген болмаса, оның себебі неде?

  • Не нәрсе дұрыс жүзеге аспады? Мен қандай проблемаларға тап болдым? Неліктен?

  • Оқушылар сабаққа қаншалықты қызығушылық танытты және белсенді болды?

  • Менің сабақ өткізу стратегияларым сәтті болды ма? Сабақты тиімді ету үшін оны қалай басқаша құрылымдауға болар еді?

  • Сабақта ерекше бір нәрсе болды ма? Егер болса, нақты не болды және неліктен болды?

  • Менің сабағым оқушылардың біліміне, тәжірибесіне және қызығушылықтарына қаншалықты сәйкес болды? Оны қалай жетілдіруге болады?

  • Сабақ барысын оқушылардың жауаптары мен мінез-құлқына қаншалықты бейімдей алдым?

  • Менің оқушыларым сабақта бірлесіп әрекет еткенімізге қалай қарады? Олар сабақтан қандай сезімдермен шықты? Олар сабақта өздерін жайлы сезінді ме?

  • Мен сыныпты тәртіпке бағындыра алдым ба? Менің сабақта тәртіпті қадағалау тәсілдерімнің қайсысы жақсы, қайсысы нашар жұмыс істеді? Неліктен? Нені басқаша істеу керек еді?

  • Маған нені басқаша істеу керек еді?

  • Сабақ барысында мен өзімнің эмоционалдық жай-күйімді басқара алдым ба? Егер басқара алмасаңыз, неліктен? Мен келешекте нені ескеруім керек?

  • Сабақта маған ең қиын болған не? Не нәрсе ерекше күш-жігер жұмсауымды қажет етті? Неліктен олай болды? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеу керек?

  • Менің оқыту тәсілдерім тиімді болды ма? Балалар дәл мен үйреткендей меңгерді ме? Келешекте нені ескеруім керек?

  • Бұл сабақты басқаша өткізуге болар ма еді? Егер солай болса, дәл қалай өткізу керек еді? Сабақтың қай тұсына көбірек мән беру керек: мазмұндық, әдістемелік, эмоционалдық?

  • Сабақта оқушылардың қандай мотивацияларына сүйендім? Мен олардың ішкі мотивациясын ескердім бе немесе көбіне сырттай ынталандыру әрекеттерін қолдандым ба? Оларды оқуға және табысқа жетуге тағы қалай ынталандыруға болар еді?

  • Оқушыларға оқу іс-әрекетін өз бетінше басқаруға мүмкіндік бердім бе? Егер мүмкіндік берген болсам, нақты қандай мүмкіндік болды? Егер бермеген болсам, неліктен олай болды және қалай жасау керек еді?

  • Сабаққа дайындалу және өткізу барысында белгілі бір оқыту теориясына сүйендім бе? Өткізілген сабақ таңдалған оқыту теориясына қаншалықты сәйкес келеді?

  • Осы сабақты өткізу нәтижесінде оқыту өнері бойынша қандай жаңа нәрсені түсіндім және ұғындым? Өткізілген сабақты және өзімнің іс-әрекетімді талдай отырып, өзім үшін қандай пайдалы тәжірибе жинақтадым? Табысты мұғалім болу үшін не істеуім керек?

  • Осы тәжірибеден келешектегі сабақтарымда көмектесетін қандай пайдалы нәрсе үйрендім?

...

Пайдаланылған материалдарға сілтеме:


https://www.cambridge-community.org.uk/professional-development/gswrp/index.html
А.А. Бизяева. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия (Ойланатын мұғалім психологиясы: педагогикалық рефлексия) - Псков: ПГПИ им.С.М.Кирова, 2004. - 216 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет