Сабақ барысындағы сабақтан кейінгі мұғалім рефлексиясы


Іс-әрекеттен кейінгі рефлексия –



бет2/3
Дата19.02.2023
өлшемі26.84 Kb.
#469776
түріСабақ
1   2   3
Мұғалім рефлексиясы

Іс-әрекеттен кейінгі рефлексия – іс-әрекетті жүзеге асырғаннан кейін оны ретроспективтік талдау; оны тағы бір рет қарастырып, өзінің қол жеткен жетістіктері мен қателіктеріне талдау жасай отырып, өз тәжірибесінен сабақ алуға мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттен кейінгі рефлексия келешекте нені өзгерту керек екендігі туралы идеяларды ынталандырады.
Мұндай рефлексия терең түсінуді қажет етеді, мысалы, оқушылардың тақырыпты неліктен түсінбегенінің себебін айқындау. Бұл мұғалімді зерттеу нәтижесінде алынған деректердің негізінде себептер мен нұсқаларды қарастыруға ынталандырады.

Мұғалім қызметінде рефлексияның барлық түрлері кездеседі, бірақ оның жұмыс тәжірибесімен бірге олардың маңыздылығы да өзгереді.


Мысалы, қызметін жаңадан бастаған мұғалім үшін іс-әрекетке дейінгі рефлексия және іс-әрекеттен кейінгі рефлексия жасаған жақсы, өйткені өзінің жоспарлау іс-әрекетін рефлексиялық бақылау және жүзеге асырылған іс-әрекет бойынша қорытынды рефлексия оған тұтас қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Іс-әрекет барысындағы рефлексия – рефлексиялық талдаудың басқа түрлерін игерген тәжірибелі мұғалімге тән, оның сабақта болып жатқан барлық іс-әрекетке қатысу қабілетін көрсетеді және мұғалімнің кәсіби шеберлігін көрсетеді.


Сабаққа дейінгі рефлексия (іс-әрекетке дейінгі рефлексия):

  • Менің сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әр бөлігі оқушылардың осы мақсатқа жетуін қолдай ма?

  • Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға нені орындау керек екенін және олар қандай нәтижелерге қол жеткізуі керек екендігін қалай түсіндіремін?

  • Мен табысты оқу болғанын қалай біле аламын?

  • Сабақ барысында оқушы болу нені білдіреді? Оқушы көмек және/ немесе қолдау ала ала ма? Олар қосымша материалдарға қол жеткізе ала ма?

  • Жоспар қаншалықты икемді? Ол егжей-тегжейлі түсіндіруді қажет ететін оқушының қызықты сұрағы, аудиобейне құралдарға қатысты проблемалар, басқа тұлғалардың қысқа кері байланысы сияқты күтпеген оқиғаларды еңсеруге мүмкіндік бере ме?

  • Оқушылардан қандай кері байланыс алуды болжаймын? Мен бұл мәселені қалай ұйымдастырамын, қалай жазып аламын және талқылаймын?

...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет