Күтілетін нәтижелер
Өмірлік ұстаным – тұлғаның ішкі болмысы, оның дүниетанымдық, моральдік және психологиялық сапаларын, білімі мен қоғамға деген субъективті қатынасын көрсететін бағдар. Бұл айқындаманың белсенді танымдық қызметінде қалыптасатын практикалық бағыты болуы керек. Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оны оқыту ғана емес, сонымен қатар тәжірибеде білімін қолдануға үйрету мұғалімнің басты міндеті және оның жүзеге асырылуы үшін әр баланың жеке білім траекториясын құруы қажет. Бұл тиімді педагогикалық технологияларды, стандарттан тыс жаңа әдістерді таңдау кезінде іске асуы мүмкін.
«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасын іске асыру нәтижесінде мұғалім қашықтан оқытатын технологияларды толық меңгереді және өз білімін үздіксіз көтеру, кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік алады, әдістемелік идеялардың электронды қоры, тәжірибе алмасуға, шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізу үшін виртуалды алаң құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |