Сабақ Біз қалай пайда болдық?



Дата13.06.2016
өлшемі54.03 Kb.
#133911
Зерттеушілер клубы

1-ші курс

3-ші сабақ
Біз қалай пайда болдық?

Қымбатты дос!

Алғашқы екі сабақта Құдай туралы көптеген кереметтер білдік. Ал осы сабақта біз Құдайдың құдіретті Жаратушы екенін оқимыз.
Сен түнде аспандағы жұлдыздарға қарап, олардың қайдан пайда болғаны туралы ойланып көрдің бе? Киелі кітапта: “Оларды Құдай жаратты!” – деп жазылған.
Киелі кітаптың бірінші аятында былай деп жазылған: “Әуел баста Құдай көк пен жерді жаратты” (Жаратылыстың басталуы 1:1).
Жарату деген сөздің мәні – жоқтан бір нәрсе жасау. Жарату тек Құдайдың қолынан келетін іс.
Әуел баста Құдай көк пен жерді жаратты
Күн мен айды, түнгі жарқыраған жұлдыздарды, біз өмір сүріп жүрген жерді Құдай жаратты.
“Жаратқан Иенің айтқан сөзімен аспан пайда болды, ондағы жұлдыздар тобыры Оның аузынан шыққан сөзімен жаратылды” (Зәбүр 32:6).
Құдай: “Пайда болсын!” – деді.

Сонда әлем пайда болды.


“Жаратқан Иенің айтқан сөзімен аспан пайда болды, ондағы жұлдыздар тобыры Оның аузынан шыққан сөзімен жаратылды” (Зәбүр 32:6).
Кейбір жұлдыздардың үлкендігі соншалық, олардың ішіне күн мен жер сыйып, тіпті орын артылып та қалар еді.
Құдай көк пен жерді қашан жаратты?

Құдай көк пен жерді қай кезде жаратқанын адам баласы білмейді. Оны қашан істегенін Құдай бізге айтқан жоқ. Ғалымдар бұл туралы болжам ғана жасай алады. Киелі кітапта тек былай айтылған: “Әуел баста Құдай көк пен жерді жаратты”.

Құдай көк пен жерді қалай жаратты? Құдай оларды Өзінің сөзімен жаратты!

Күн мен айдың, жер мен жұлдыздардың пайда болуы үшін Құдайдың сөз айтуы ғана жеткілікті болды. Киелі кітапта былай делінген: “Өйткені Ол айтқанда әлем жаратылды. Ол бұйырғанда бәрі пайда болды” (Зәбүр 11:3).


Жаратқан Иенің сөзі құдіретті!

Ол тек айтса ғана болды, бәрі де жоқтан пайда болады. Осының шындық екенін қайдан білеміз? Оны Киелі кітаптан оқимыз: “Әлемнің Құдайдың сөзімен жаратылғанын сенім арқылы түсінеміз” (Евр. 11:3).


Құдай жерді жаратты

Біз өмір сүріп жүрген жер шарын және ондағы барлық тіршілікті Құдай жаратты. Ол асқар таулар мен шеті көрінбейтін теңіздерді, сылдырап аққан өзендер мен тынық көлдерді жаратқан. Аспандағы бұлттар жерге жаңбыр жаудырады. Бұл да Құдайдың ісі! Жер бетінде өсетін әсем әрі нәзік гүлдер қандай керемет, көз тартатын! Тіпті біздің жүрегімізді қуантады. Ал теңіздерде балықтардың қаншама түрлері бар десеңші? Ең үлкені – кит, ал ең майдаларының бірі – тіп-титтей алтын балық.


Аспанда ұшып жүрген құстардың қанашама түрлері бар! Ең зор құстардың бірі – ұзын тырнақты бүркіт. Сонымен қатар, көгершін секілді өте нәзік құстар да бар.

Жабайы хайуандар мен үй жануарларының түрлері қаншама көп! Мысалы: ақырған арыстандар мен ұзын мойынды жирафтар және пілдерден бастап, жүгірген қояндар мен секірген тиіндерге дейін. Міне, осылардың барлығын Құдай жаратты! Құдай өте құдіретті!


Құдай жаратқандардың ең кереметі
Құдай тағала жаратқандардың ең кереметі адам болды.
Құдай тағаланың ең ғажап жаратқаны адам болды. Адам өзінен-өзі пайда болған жоқ, оны Құдай жаратты. Адам жануарлардан ерекше: Құдай адамды Өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратты.

Құдай алдымен еркекті жаратты. Оның аты Адам болатын, біз Адам ата дейміз. Содан кейін Құдай адамға көмекші болсын деп сұлу әйелді жаратты. Оның аты Хауа болған, біз Хауа ана дейміз.


Құдай Адам мен Хауаны Өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратты.
Адамдардан басқа ештеңені Құдай өзіне ұқсас етіп жаратқан жоқ. Сондықтан Құдай бізді ерекше етіп жаратты!

Құдай олар үшін пейіш бағын орнатты. Ол жер жаннат, жұмақ немесе Едем бағы деп те аталады. Сен екеуіміз ондай ғажап, әдемі бақты ешқашан көрген емеспіз.


Құдай дүниені асқан әсемдікпен жаратты.
Сол бақта неше түрлі әсем ағаштар өсетін, олардың жемістері де өте дәмді болған. Бақтың ортасында суы мөп-мөлдір өзен ағып жататын. Адам ата мен Хауа ана қайғының және өлімнің не екенін білмей, керемет өмір сүрді.
Жаратқан Ие Адам ата мен Хауа анаға бақтағы барлық ағаштың жемісін жеуге рұқсат етті. Ол тек бір ағаштың жемісін жеуге тиым салды. Бұл – жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш болатын. Құдай тағала бұл ағаштың жемісін жегендер өледі деп айтты.
Адам ата мен Хауа ана сол кезде өте бақытты еді, себебі олар Құдаймен тығыз байланыста болды. Құдай Ие олармен жаннатта жиі-жиі сөйлесіп тұратын.
Құдай дүниені тамаша етіп жаратты

Құдай істеген істеріне риза болды. Ол Өзінің жасағанына қарап, оның өте жақсы екенін көрді. Киелі кітапта: “Ол бәрін тамаша етіп жасады”, - деп жазылған (Уағыздаушы 3:11).


Құдайдың дүниені тамаша етіп жаратуынан біз Оның ұлылығын көреміз.
Киелі кітапта былай жазылған:

“Құдай Иеміз! Сен ұлылыққа, құрметке, билікке лайықсың. Өйткені бәрін жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен олар жаратылып, өмір сүреді” (Аян 4:11).

Сенің ойыңа мынадай сұрақ келуі мүмкін: “Егер Құдай әуел баста бәрін дұрыс жаратқан болса, неліктен қазір дүниеде сонша көп жамандық бар?” Оның себебі мынау: Құдай жаратқан таза, тамаша дүниеге дұшпан арқылы күнә келді. Келесі сабақта біз сол дұшпанның кім екенін және Оның не істегенін оқып үйренеміз.
Біз Құдай үшін ерекше маңыздымыз!

Енді саған бір сұрақ қоюға рұқсат ет. Сенің ойыңша күллі әлемде Құдай кімді өте жақсы көреді? Құдай адамдарды жақсы көреді! Яғни, Ол екеуімізді де сүйеді.

Құдай үшін біз ерекшеміз!
Біздің ерекшелігіміздің үш дәлелі бар:


  1. Құдай бізді Өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратты. Басқа еш нәрсе Құдайға ұқсас емес.

  2. Біз Құдайды танып, Оны біле аламыз. Жануарлар Құдайды тани алмайды, ал адамдар Оны біліп, сүйіп, Онымен дұға арқылы тілдесе алады.

  3. Құдай бізбен тығыз қарым-қатынаста бола алады.

Ең ғажап қасиетіміз – Құдай біздің жүрегімізден орын алып, әрдайым бізбен тығыз қарым-қатынаста бола алады.
Ал, сен Құдайға өз жүрегіңнен орын бергің келе ме? Онда Иемізге осы тілегіңді айт. Исаның сенің күнәларың үшін жанын қиғанына Құдайға ризашылығыңды білдір. Сені құтқаруға Исаны жібергені үшін Құдайға әрдайым шүкіршілік ет.
Алтын аят

Әуел баста Құдай көк пен жерді жаратты

(Жар. баст. 1:1).
Қазынаны тап

А Г Д Е Ж Й Қ Л М

Н Р Ұ Ү

Ы І


Табылған қазына
Қазақша аудармасы және көркемделуі “Ізгі хабар” баспасы, Стамбул 1996 ж.

Түпнұсқасы ТМСІ, 1990 ж.


“Зерттеушілер” клубы, 1-ші курстың 3-ші сабағына арналған сұрақтар

Нұсқау: Дұрыс жауапты (а немесе ә әріптерінің біреуін) таңдап, төртбұрыштың ішіне жаз.



  1. Аспан мен жер қалай пайда болды?

а) Олар өзінен-өзі пайда болды;

ә) Оларды Құдай жаратты.



  1. Құдай көк пен жерді қалай жаратты?

а) Құдай оларды Өзінің қолымен жасады;

ә) Құдай оларды Өзінің сөзімен жаратты.



  1. Адам туралы айтылған осы екі ойдың дұрысын тап:

а) Құдай адамды Өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратты;

ә) Адам өзінен-өзі пайда болған.



  1. Барлық әлемде Құдайдың ең жақсы көретіні не?

а) Әсем жұлдыздар мен планеталар;

ә) Адамдар.



  1. Біздің ең ғажап қасиетіміз қандай?

а) Біз компьютерлер мен космос кемелері сияқты неше түрлі күрделі нәрселер жасай аламыз;

ә) Құдай біздің жүрегімізден орын алып, әрдайым бізбен бірге бола алады.

Осы жауаптар парағын сызықшалар бойымен қиып алып, конвертке сал.
Мына жерге алтын аятты жаз-------------------------------------------------

Мына жерге табылған қазынаны жаз---------------------------------------

Баспа әрпімен жазуыңды сұраймыз!

Аты-жөнің -------------------------------------------------

Туған күнің----------жасың---------------сынып----------

Мекен-жайың---------------------------------------------------


Осындай сабақтарды сенің достарыңа да жіберуге дайынбыз. Достарыңның аты-жөндерін, мекен-жайларын және мүмкін болса, олардың ата-аналарының да аты-жөндерін бір қағазға анықтап жазып, өзіңнің сабағыңмен бірге бізге жібер. Бізде барлық жастағы адамдарға арналған сабақтар бар.
Өзіңнің мекен-жайың мен біздің мекен-жайымызды жазуды ұмытпа! Поштаға салардан бұрын мұқият тексеріп шық! Бізге тек жауаптар парағын жібер!
Егер бізден екі ай уақыт мерзімінде жауап келмесе, хабарлас. Себебі сол жағдайда сенің хатың немесе біздің жауабымыз поштада жоғалып кеткен шығар.
050031 Қазақстан

Алматы


п\ж 68

“ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ”

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет