Сабақ әнұранды тыңдаумен аяқталады. ҮІІ. Мадақтау. Динамикалық үзіліс ойын «Орамал тастамақ»


Білімділік: Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту. Тәрбиелік



бет6/6
Дата30.06.2016
өлшемі1.41 Mb.
#168192
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Білімділік: Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әліпби бейнеленген плакат.

Оқу үрдісінің тәртібі:

I.Бағдарлау- мотивациялық кезең.

Ертеде бір хандық болыпты. Онда көптеген әріптер бірге тату тәтті өмір сүріпті. Бұл хандықта А әрпінен Я әрпіне дейінгі тәртіппен жүретін әріптер тұрады. Оларды бүкіл ел біледі. Ал сендер ол хандықтың атын білгілерің келе ме?Онда жасырынған жұмбақтарды шешейік. Жұмбақтардың жауаптарындағы бірінші әріптерді қоссақ, хандықтың аты белгілі болады.

Шұқшитқан кеп әуелі Мен кетемін, ол қалар.( Із)

Сені әрбір әріпке.

Суреттерді әдемі, Күндіз түні күрсінеді,

Бұл қай кітап? ( Әліппе) Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)


Тастан тасқа секіреді, Жазу жазып жалықпаған,

Қалқиып қос құлағы. Жаза жаза арықтаған. (Бор)

Ойын болып көкірегі

Аула оның тұрағы. (Лақ ) Адамға серік, күзетке берік. (Ит)

Жұмбақтардың шешуіндегі алғашқы әріптерді біріктіріп, әліпби деген сөзді шығару.

Сергіту сәті:

Әріптердің ретпен орналасуы әліпби деп аталады.

Қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады. Қане, бәріміз әріптерді ретпен оқып шығайық.
II. Операционалдық – орындаушылық кезең.

а) Дәптермен жұмыс. Әріптерді көркем жазу.

б) Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. А

в) Өлеңді оқушылардың оқуы.

-Өлеңде не туралы айтылған?

- А әрпі неліктен бар әріптің алдында тұрады ?

- А әрпі бар сөздерді ата.
Сергіту сәті.

Бас бармақ бастық екен,

Сұқ саусақ сақтық екен,

Ортан қол ойшыл екен,

Аты жоқ саусақ тойшыл екен,

Ал шынашақ еңбекшіл қойшы екен.

Бастық басқар, сақтық сақтар,

Ойшыл ойла, тойшыл тойла.

Саусақтарды бүгеміз,

Саусақтарды бүреміз.

Бүгіп , бүріп саусақты,

Сергіп қалдық, міне, біз.

г) Әріп сөзіне әрбір әрпіне сөз құра.

Ә- әдептілік, әдеп,

Р-раушан,

І-ізеттілік,

П-парасат, пікір, піл,

д) Шығармашылық диктант.

Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастырып, оларды әліпби ретімен орналастыр.

1. л, ү, г;

2. ә, і, р, п;

3. л, і, ә, п, и, б;


III. Қорытынды:
Толықтыру тесті. Төменде берілген сөздерді тиісті әріптермен толықтыр.

К ... тап, ж...зу, оқ...лық, дәпт...р, к...гершін.


- Әліпби деген не?

- Онда қанша әріп бар?

- Әліпбиде әріптер қалай орналасқан?

- Әліпбидің әріптер кезегіндегі екінші әріп қандай? (Ә)

- Әліпбидегі ең бірінші дауыссыз дыбыс қандай? (Б)

Мадақтау:

Динамикалық үзіліс: Ойын

Тақырыбы. Сандар қатарының қасиеті. Алдыңғы және кейінгі сан. +1,  - 1


Мақсаты: сандар қатарының негізгі қасиеттерімен таныстыру, сан сәулесі негізінде бірліктерді азайту, қосу дағдыларын бекіту, алдыңғы, кейінгі ұғымдарымен таныстырып, оларды ауызекі сөйлеуде қолдануға үйрету.

Оқу үрдісінің тәртібі


I.Тірек білімдерін жетілдіру.
Математикалық баспалдақ ойыны.
II. Жаңа материалды меңгеру.

Сан сәулесімен жұмыс. 5 санының оң жағында қандай сан тұр? Сол жағында ше?Оқушылар оң жақта 5-тен артық, сол жақта 5-тен кем сан тұратындығына көздерін жеткізу. Алдыңғы және кейінгі ұғымдары түсіндіріледі.

1 тапсырма орындалады.



Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс.

№ 2. Кесте толтыру. Тапсырма алдын ала тақтаға жазылады. Оқушылар бір бірден шығып, алдыңғы және кейінгі сандарды түсіндіре отырып жазады: Егер бірге артса немесе тағы бірді қоссақ, онда келесі сан шығады. Егер бірге кемітсек немесе бір бірлікке азайтсақ, онда алдыңғы сан шығады.
№ 3. сандар тізбегін ( оқулықтағы немесе дәптердегі ) қолдану.

Оқушы жауаптары мынадай болады: 5 саны 4-ке қарағанда артық, өйткені сан сәулесінде 4 саны 5-тен бұрын тұр.

№ 4. Өрнек құрастырып қана қоймай, сурет бойынша әңгімелеу.Суретке байланысты сұрақ ойлайды.

№ 5. ойлау қабілеттерін дамыту.Бірдей карточканы тап.


Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 2 . Сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру. Екі санды салыстырумен қатар, сан мен өрнекті, екі өрнекті салыстыру.
№ 4. Суретті қайталап сал.

Көру диктанты.

Суреттерді естеріңе сақтап алыңдар. Енді дәл осындай фигураларды дәптерлеріңе салу.

Графикалық диктант.

Нүкте қойыңдар, оңға қарай екі торкөз бойымен сызық жүргізіңдер, біреуін төмен, біреуін солға, екеуін төмен, - деп тапсырма беру.
III. Сабақты қорытындылау.
III. Мадақтау:

IV. Динамикалық үзіліс


Дүниетану.



Тақырыбы: Өсімдіктер. Өсімдік мүшелері. (2 сағат).

Мақсаты: Өсімдіктер түрі көп болғанмен, негізінен бүкіл өсімдік үш топқа бөлінетінін оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсіндіру; өлкетану материалдарына сүйене отырып, оқушылардың өсімдік туралы білімдерін кеңейту; өсімдіктердің пайдасы және оны қорғау туралы ұғымдар беру; эстетикалық тәрбиеге негіз салу; оқушылардың жыл мезгілдеріне байланысты өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерісті бақылауына жағдай жасау; оқушылардың қоршаған орта туралы ұғымдарын дамыту.
Сабақтың жабдығы: өсімдіктер топтарын бейнелейтін суреттер, шөптесін өсімдіктерінің жиынтығы, биологиялық лото.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып


1. Оқушылардың өсімдіктер туралы білім деңгейін анықтау.

- Қандай өсімдіктерді білесіңдер?

- Өсімдіктің өсуі үшін нелер қажет екенін ата.

- Өз жеріңде қандай өсімдіктер өседі?


2.Өсімдіктер тобы туралы мұғалімнің беретін түсінігі.

Өсімдіктер түрлері өте көп, оны сендер күнделікті өмірде үйлеріңнің маңайынан, табиғаттан байқап, көріп жүрсіңдер. Сол өсімдіктер ағаш, бұта, шөп болып үш топқа бөлінеді.


3.Оқулықпен жұмыс.
Суреттерді пайдалана отырып, өсімдіктер тобын салыстыру. Ағаштың ең басты ерекшеліктері ( биік, діңі бар, бұтақтары, сабақтары мықты, жуан, т.б.) бұтаның басты ерекшеліктерін (ортақ діңі жоқ, бойы аласа, сабақтары жіңішке, т.б.) шөп тектес өсімдіктердің басты ерекшеліктері (бұтақтары болмайды, сабақтары жұмсақ,) олардың кез келген жерде кездесетіні айтылады.

4.Биологиялық лото бойынша ойын ұйымдастыру. Өсімдіктерді атап, оны лото бойынша табу.



Сергіту сәті
5. Өсімдіктер жиынтығымен жұмыс. Қолдарына жергілікті шөп тектес өсімдіктердің бір екі түрін таратып беріп, сол бойынша шөп тектес өсімдіктерді сипаттауға жағдай жасау.

6. Берілген сурет, сұрақтар мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасап, оқушыларға өсімдік мүшелері туралы ұғым беру. Олар сурет бойынша өсімдіктер мүшелерін ажыратады. Оны өздері көріп жүрген өсімдіктерімен салыстыру.

7. Табиғи көрнекілікпен жұмыс.Бөлме өсімдіктерін көріп, қолдарымен ұстап отырып, оның мүшелерін ажыратып айтып беру.

8. Дәптермен жұмыс. Әр жемісті тұқыммен сызық арқылы қосады.


III .Сабақты қорытындылау.

Таратып берілген шөп тектес өсімдіктердің жиынтығы арқылы олардың мүшелерін тауып, аттарын атау.


IV . Мадақтау:

Динамикалық үзіліс ойын



Тақырыбы: Балалар мен мұғалім. Мақалдар. Көкөніс. Сөз.

Мақсаты:

Білімділік: Ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Әдептілікке,достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқу үрдісінің тәртібі:

I.Бағдарлау- мотивациялық кезең.



Оқушыларды суретжұмбақ әлеміне шақыру.
: 1 і- ұ ,,,,,,,,,



л – ш; е – а



,,



,,,,,, п:



ыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет