Сабақ және оның құрылымы


Мүсіндеудің техникалық тәсілдері



бет51/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Көркем еңбек

Мүсіндеудің техникалық тәсілдері.
Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жасауы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғашқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиялын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке –жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі біздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштерімен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х. Наурызбаев, Е. Сергебаев, Ш. Уәлиханов, Б. Әбішевтердің , Е. Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларындағы мүсіндік туындыларының атауларын , тақырыптың мазмұнын талдап, көркемдік идеяларын ашады.


Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнауцлы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктері, тақтайшалар, қалақшалар /стека / , су құятын ыдыстар , оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдері болғаны жөн.
Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып , өз мақсат-міндеттеріне жетуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бейнені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.
Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап созбалау және құрастырмалы /конструктивті / сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі. Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып орындауға болады. Мысалы, «Наурыз тойы» тақырыбына топтық композиция құрастыру тапсырылады. Ол композцияда Қазақстанды мекендеген ұлт өкілдерін сомдап, ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып , ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелейді.Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып, өз мақсат-мндеттеріне жатуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бей нені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет