Сабақ және оның құрылымы


Тігіс тігістерінің түрлері және оларды орындау техникасы (инемен алға)



бет71/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Көркем еңбек

Тігіс тігістерінің түрлері және оларды орындау техникасы (инемен алға)
Қазіргідей тігін машинасы жоқ кезде қазақ әйелдері киім-кешек пен көрпе-жастық, тұскиіз бен дастархан, тағы да басқа бұйымдардың барлығын қолмен тіккен. Әсіресе, қолөнер бұйымдарын жасауда қазақ әйелдерінің тігін-тігіс өнері ерекше болды. Киіз үйдің іші-сырты түгел әйелдің қолымен тігіліп әдіптелген.
Сондықтан болса керек, халқымызда тігістің түрлері көп. Оларды қарапайым және көркем тігіс деп екіге бөлуге болады.
Қарапайым тігістерге жөрмеу, көктеу, тепшу, бүрме тігіс, қайып тігу, қабу тігіс, қусыра сызу, өбістіру, тұмаршалап тігу, қосбасарлап тігу, шарбақтап тігу, жара тігу, топшылау тігіс, шалып тігу, бұзау тігіс, шанша тігу, жапсыра тігу, тебе тігу, т.б. түрлерін жатқызуға болады. Және олардың кейбіреулері өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Бұл тігістерді көркем тігіске негіз болатын тігістер десе де болады.
Көркем тігістерге айқас тігіс, қусыру, бастырып тігу, маржан тігіс, бедерлеп тігу, шаршылау, өткермелеп тігу, сыру, бүгіс тігіс, тышқан із, таңдайлау, қабырға тігіс, керегекөз тігіс, ілмелеп тігу, шалу, торлау деп аталатын және көркем тігіс түрінің алақұрт, сағат бау, шытыра, су тару, ирек түсіру, керегекөз сияқты күрделі тігіс түрлері жатады.
Ескерту! Ине мен жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.

  • Инені арнайы қыстырғышта сақта;

  • Қайшыны,инені біреуге ұсынғанда ұшын өзіңе қаратып ұста;

  • Инені аузыңа салма;

  • Қайшымен қиған кесде, сол қолыңды жаралап алма!

«Инені алға» тігіс әдісн тігу технологиясы.



«Инені алға» - тігістің ең кеңінен таралған түрі. Ол инені соңғы инешаншымнан үнемі алға жылжыта отырып, матаны тесіп өткенде пайда болатын инешаншымдардың үзік – үзік сызығы болып келеді. Инешаншымдардың ұзындығы мен аралығы бірдей болуы керек.


Тігістерді тігу (шетінен).
Шет тігістері: жиектеп тігу, бүгіп тігу және жөрмеп тігуге бөлінеді.
Жиектеп тігу: астар матасының қырқындысымен немесе ызбамен орындайды, ол үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты, ызбамен жиектеу. Ашық қиықты жиектеп тігуде матаның негізгі жібіне 45 бұрышпен пішілген 20-25мм ендегі астарлық матамен өңдейді. Жолақша матаның қиындысын пішілген бөлшектің қиығына теңестіреді, негізгі бөлшекке 4мм тігіс енімен біріктіреді. Одан кейін бөлшектің қиығын астармен көмкеріп, екінші тігісті үлгісіне қарай жүргізеді. Бұл тігістер жағаның, өңір қайырмасының ішкі қиығында және ерлер пальтосының төменгі қиықтарын өңдеуге қолданылады.
Жабық қиықты жиектеп тігуде қосымша пішілген ені 30-35мм астарлық мата қолданылады. Бұл тігістің айырмашылығы, ортасынан бүктелген жолақша мен бөлшек қиықтарын теңестіріп, негізгі бөлшекпен 4мм тігіс енімен біріктіреді. Жолақшаны бөлшек қиығын орап көмкергеннен кейін, екінші тігісті жүргізеді. Жабық қиықты жиектеу тігісі жұқа болу үшін жалаң қабат жолақшамен орындауға болады. Жабық қиықты жиектеп тігу әйелдер мен балалар киімдерінде, ақжайма қиықтарын өңдеуде кеңінен қолданады. Ызбамен жиектеп тігу ызба және таспаның көмегімен орындалады. Ызбаның ені 11мм, тігістің дайын күйіндегі ені 5мм. Осы тігістерді әмбебап тігін машинасында орындау үшін арнайы тетік қолданады. Ызбамен жиектеуді өңір қайырмасының ішкі қиығын, әйел жакетінің етегін өңдеуге қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет