Сабақ жоспар №15 Демографиялық мәселе және табиғат ресурстарының таусылуы (Сабақтың тақырыбы) Модуль/пән атауы



бет2/3
Дата09.07.2024
өлшемі33.55 Kb.
#502906
түріСабақ
1   2   3
№15 сабақ демографиялық өсу табиғ

Бала туу көрсеткішінің төмендеуі
Әлемде ересектер мен егде тартқан адамдардың саны көбейіп, керісінше балалар саны азаюда. Бір баладан артық бала тәрбиелегісі келмейтін отбасылардың және мүлдем балалы, отбасылы болудан бас тартқан әйел мен еркектердің саны артуда. Дәстүрлі отбасылармен қатар гомосексуалды одақтар да пайда болды. Шын мәнінде гендерлік теңдіктің демографиялық көрсеткішке тікелей әсер етіп отырғанын байқауға болады. Бүгінде ер мен әйел бірдей құқықтарға ие, бірдей киім киіп, бірдей шаш үлгісімен жүре береді. Ердің ер рөлінен, әйелдің өз дәстүрлі рөлінен алшақтауы бала туу көрсеткішін төмендетеді. Кейбір мамандардың айтуынша, дәстүрлі отбасы түсінігі (әке, бала, ана) жиырма жылға жуық уақыттан кейін жойылуы мүмкін. Ал ол өз кезегінде отбасы құрудағы басты мақсат-баланың дүниеге келуіне тосқауыл болмақ. Қазіргі кездегі «өзің үшін өмір сүру» түсінігі көпшіліктің өмірлік ұранына айналғанын да байқаймыз. Осы орайда, адамның түйсік деңгейіндегі басты қажеттілігі- өз ұрпағын жалғастыруды жүзеге асыру проблемаға айналып отыр. Бұл өз кезегінде демографияның төмендеуіне, атап айтқанда қоғамда жастардың, балалардың азаюына алып келеді. Қазіргі таңда Еуропа елдерінің көпшілігі дерлік бала туу көрсеткішінің азаюынан зардап шегіп отыр. Мұндай демографиялық тенденцияның салдары еңбекке жарамды халық санының қысқаруына, адам капиталының төмендеуіне, денсаулық сақтау саласының шығындануы сияқты мәселелерге алып келуі мүмкін.
Бала туу мен адам өлімі бойынша төмен көрсеткіш Болгария, Сербия, Литва, Латвия, Украина, Венгрия, Германия елдерінде байқалады. Еуропа елдері кәрі құрлық атанып жатса, жер шарының Азия құрлығында адам саны толассыз өсіп жатыр.
Секунд сайын әлемде халық саны 3 адамға көбейеді
Демографияның өсуі мен оның жер шарының әр нүктесінде бір қалыптылықта болмауының салдары үлкен проблемаларға алып келеді:
- Қоршаған ортаға салмақ түседі
- Этникалық проблемалар
- Босқындар мәселесінің шиеленісуі
- Урбанизация проблемасы
Демографиялық қысым сауда-саттық және экономикалық жағдайды ушықтырады.
Дамыған және дамушы елдер экономикасы үшін халықтық өмір сүру ұзақтығы жағымды да жағымсыз салдары болуы мүмкін. Мәселен, бірінші жағдайда еңбек қызметін зейнетке шыққаннан кейін де жалғастыруға мүмкіндік болады, ал екінші жағдайда егде жастағы азаматтарды қамтамасыз ету мәселесіндегі проблемалардың туындауы.
Заманауи экономиканың дамуы территориялық және мұнай-шикізат ресурстарды талап етеді. Проблеманың басты қаупі ресурстардың шектеуі ғана емес, оларды қолдану кезіндегі қоршаған ортаға әсер етуі болып отыр.
Экономикасының дамуы төмен мемлекеттерде халық санының өсуі қоршаған ортаға өте үлкен зиянын тигізіп жатқанын көруге болады. Мәселен, қалалардың өсуі мен кеңеюі, жер мен су ресурстарының деградацияға ұшырауы, климаттық өзгерістер, соның ішінде жаһандық жылыну эффектісі - барлығы адам санының күрт өсуі мен олардың тынымсыз әрекеттері әсерінен орын алуда. Кедейшілікпен күрес, табиғатты қорғау мәселелері қолға алыну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет