ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
«Ой қозғау»
1. Оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлерін білесіздер?
2. Жер шарында алғашқы ағзалар қайда және қашан пайда болды деп ойлайсыздар?
(Осындай сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына шығуға болады. Сонымен қатар, оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін атау арқылы «биоалуантүрлілік» терминінің ұғымын түсінеді).
Бейнеролик «Ағзалардың алуантүрлілігі»
https://www.youtube.com/watch?v=oGkeHyzr-YA
Бейнеролик негізгі идеясы қандай?
«Биоалуантүрлілік» қалай түсінесіздер?
Мұғалімнің түсіндірме бөлігі:
Оқушыларға алғашқы ағзалардың қашан және қайда болғанын айту, терминдерді түсіндіру.
Биогеография – өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестіктері – биоценоаздардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді.
Ағзалардың алуантүрлілігі – біздің ғаламшарымыздағы тірі ағзалардың түрлері (жануарлар, өсімдіктер, экожүйелер) және олардың жіктелуі. Алғаш бұл терминді Г.Бейтс 1892 жылы енгізді.
Флора – өсімдіктер әлемі
Фауна – жануарлар әлемі
22 мамыр – Дүниежүзілік биологиялық алуантүрліліктің күні. 1992 жылдан бері аталып келеді. Басты міндеті: қоғамның зейінін ғаламшарымыздағы жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерге аудару.
Халықаралық ұйымдар:
Дүниежүзілік жануарларды қорғау ұйымы;
|
PowerPoint
үлестірмелі материалдар
бейнеролик
«Ағзалардың алуантүрлілігі»
https://www.youtube.com/watch?v=oGkeHyzr-YA
|
20 – 25
25 – 40
|
Тапсырма № 1 (Жеке жұмыс)
Оқушылар суреттер бойынша жануарлар мен өсімідіктерді дәптерлеріне жазбаша жіктейді:
Мәселен келесі суреттерді беруге болады:
|
Достарыңызбен бөлісу: |