Бұрышты былай белгілейді:
- бұрыштың төбесі болатын бір әріппен, яғни ∠B және оның оқылуы: В бұрышы;
- немесе үш әріппен, мұндағы шеткі әріптер – бұл бұрыштың қабырғаларында жатқан нүктелер, ал ортаңғы әріп – бұл бұрыштың төбесі. Мысалы, ∠ABС, ∠СBA және оның оқылуы: ABC бұрышы немесе CBA бұрышы.
Ереже. Қабырғалары түзу құрайтын бұрышты жазыңқы бұрыш деп атайды.
∠KOР – жазыңқы бұрыш.
Бұрыштың өлшем бірлігі градус деп аталады, ол жазыңқы бұрыштың
бөлігіне тең. Оны «º» деп белгілеп, «__ градус» деп оқиды. Мысалы, 30º «отыз градус» деп оқиды.
Бұрыштың градустық өлшемі – берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан.
Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі 180º-қа тең, ал толық бұрыш 360º-қа тең.
Тең бұрыштардың градустық өлшемдері тең болады.
Градустық өлшемі үлкен бұрыш үлкен болады.
|
Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.
|
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
|