Сабаќ жоспары «Бекітемін»


HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме



бет68/79
Дата18.05.2022
өлшемі0.68 Mb.
#457054
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
0000a2be-4a2c6420

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады.
Web – парақтар адрестері. Әрбір Webпарақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды.
World Wide Web – дегі ақпараттарды оқу. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web – құжат оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.
Web – құжаттарды оқуға арналған, өте кең тараған программаларға NetScape Navigator және Enternet Explorer броузерлері жатады.
Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, Интернеттің ақпараттық кеңістігіндегі бір Web – парақтан оның келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар. Олар: іздеу каталогтары және іздеу индекстері.
Іздеу каталогтары ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған.
Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет