2.1.2. IP-адрестерінің негізгі үш класы ІР – адрес 4 байт ұзындығы бар және әрбір байттың мәнін нүктемен бөлінген ондық формасында ұсынатын төрт сан түрінде жазылады, мысалы:
128.10.2.30 – адрестің ұсынатын әдеттегі ондық форма,
10000000 00001010 00000010 00011110 – осы адресті ұсынатын қосаралнған формасы.
Ары қарай желінің класына байланысты ІP-адресі көрсетілген. .
Класс А
Класс В
Класс С
1
|
1
|
0
|
N желінің
|
N түйнектің
|
Класс D
1
|
1
|
1
|
0
|
multicast тобының адресі
|
Класс Е
Адрес екі логикалық бөліктен тұрады – желінің номері және желідегі түйнектің номері. Адрестің қай бөлігі желінің номеріне, ал қай бөлігі түйнектің номерне жататынын адрестің бірінші биттернің мәнімен анықталады: Егер адрес 0 басталса, онда желі А класына жатады, және желінің номері бір байтты қамтиды, қалған үш байт желідегі түйнектің номері ретінде интерпретацияланады. А класының желілері 1-ден 126 дейін номерлері болады.( 0 номері қолданылмайды, ал 127 арнайы мақсаттар үшін қалдырылған, бұл туралы төменіректе айтылған.) А класының желілерінде түйнектер саны 216 көп болуы тиіс, бірақ 224 аспауы тиіс. Егер адрестің екі биті 10 тең болса, онда В класына жатады және 28 - 216 санды түйнекті орташа өлшемді желі болып келеді. В класының желілеріне және түйнектің адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан бөлінеді. Егер адрес 110 тізбектемесінен басталса, онда бұл түйнегінің саны 28 аспайтын С класының желісі. Желінің адресіне 24 бит, ал түйнектің адресіне 8 бит бөлінеді. Егер адрес 1110 тізбектемесінен басталса, онда ол D класының адресі болып келіп,ерекше multicast топтық адресін білдіреді. Егер плакатта тағайындау адрес ретінде D класы көрсетілсе, онда бұндай пакетті осындай адрес берілген түйнектер алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |