Сабақта қоладанылатын көрнекіліктер мен жабдықтар
|
Интербелсенді тақта, суреттер, қима қағаздар
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
|
Басталуы
1 минут
2 минут
2 минут
3 минут
|
Раппорт орнату.
Жағымды психологиялық ахуал орнату.
Әрбір адам – туысың,досың,жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену,ұғу,ұлағат.
Әрбір ісім – тірлік,тірек,адамдық,
Әрбір сөзім- шындық,бірлік,адалдық.
Үй тапсырмасын сұрау
«Ханталапай» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.Ортаға сұрақ жапсырылған асықтар тасталады.Асықты жылдамдықпен алған оқушы сұраққа жауап береді.
Оқушыларға салт-дәстүрімізге байланысты бейнеролик көрсетіп, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Оқу мақсаттары және бағалау критерийімен таныстыру:
.Ән мәтініне талдау жасайды және ондағы көтерілген мәселені түсіндіреді.
- Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау:
Мәтінге талдау жасайды және ондағы көтерілген мәселені түсіндіреді дегенді қалай түсінесің?
Жинақы мәтін дегеніміз не?
|
Ортасы
10 минут
8 минут
7 минут
|
Тапсырма №1. Топтық жұмыс. Тыңдалым тапсырмасы.
Мақсаты: Ән мәтінін талдау, көтерілген мәселелерді түсіндіру.
Дескрипторлар:
Ән мәтінін мұқият тыңдайды.
1-топ. Дара диаграммасын толтырып, көтерілген мәселені түсіндіре алады.
2-топ. Берілген сурет қиындыларынан салт-дәстүрлерді табады. Фотоколлаж құрастырады..
3-топ. «Балық қаңқасын» толтыру арқылы көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады.
Тапсырманы орындау барысы. «Қазақтың дәстүрлері» әні тыңдатылып, ән мәтініндегі мәселелер талқыланады.
І топ. «Дара диаграммасын» толтырып, ән мәтіндегі көтерілген мәселені түсіндіреді.
ІІ топ. Берілген сурет қиындыларынан ән мәтініне қатысты салт-дәстүлерді тауып, фотоколлаж құрастырады.
ІІІ топ. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы ән мәтінінде көтерілген мәселелерді өмірмен байланыстырып айтады
Қалыптастырушы бағалау. Топтар бірін-бірі дескриптор арқылы бағалайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Бұл тапсырмадан не үйрендік?
Мәтінді талдауда қандай қиындықтар болды?
Мәтіндегі көтерілген мәселені қалай түсіндіруге болады?
|
Достарыңызбен бөлісу: |