Сабақ жоспары Мерзімі : 10. 10. 2014жылы Сыныбы: 10



Дата30.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#168435
түріСабақ

Тұңғышпаева

Заура

Мұқашқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, жоғары санатты.



Қазақ тілі пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі : 10.10. 2014жылы

Сыныбы: 10

Сабақ тақырыбы: Атамекен. Тұйық етістік.

Мақсаты : Оқушыларды атамекен, туған жер ұғымдарының мәнін түсіндіру, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақ барысы.

Кезең

Жұмыс түрі.

Жаттығулар

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру формасы.

Бағалау формалары.

1.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жағымды тілектер білдіреді.


2 мин.

Балаларға сабақтың алтын ережесін сақтауды ескертемін.




Балаларды ауызша мадақтау.

2.

3.

4.


5.

6.

7.


8.

9.
10.
11.

Миға шабуыл: Сұрақ-жауап арқылы

1. Сен қай мемлекетте тұрасың?

2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

3. Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?

4. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздігін алды?

Топтастыру стратегиясы.

1.Тақырыпқа сәйкес сөйлемдерді екі топқа бөлу.

Интерактивтік тақтада берілген тапсырманың дұрыс жауабы жазылады.
Топтық жұмыс

1-ші топқа: Келген қонақтармен оқушылардан сұхбат алу.

2-топқа: Астананың көрікті жерлеріне саяхат (видеофильм)

3топқа: Қазақстан картасын пайдаланып, толық мәліметтер жинап келу.

Сұрақ-жауап: Қалай ойлайсыңдар, осы тақырыптың ортақ мазмұны не, сендер не туралы әңгіме қозғадыңдар?
Жақсы, сонда біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай болмақ?
Мәтінмен жұмыс. ЖИТСО әдісі бойынша.

Сөздік жұмыс. Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру (тән болып,бүкіл ауқымында, терең ілтипатпен, айқын сезіледі, кіндік қаны тамған, тамыры терең )
Топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқып,топ спикерлерінің сұрақтарына жауап береді.



Бағалау: Топ спикерлері бағалау парағы бойынша пікірлесе отырып, топты бағалайды.
Интерактивтік тақта арқылы «атамекен» сөзінің синонимін табу.
Дәптермен жұмыс. Грамматикалық тапсырма.

1. Мәтіннен түйық етістіктің жұрнағы бар сөздерді теріп жазыңдар.

2. "Білу" сөзін септеп, "қастерлеу" сөзін тәуелдеу.

Ауызша сұрақтар: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білесіңдер?


Рефлексия
Қорытындылау.
Үй тапсырмасы: «Менің Атамекенім» тақырыбына эссе жазу.

3мин

5 мин.


10 мин

10 мин


2 мин
5 мин

Берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы естеріне түсіртеді


Критериалды бағалауды таныстырады.


Үш топтың жұмысын бақылайды.

Балалардың жауабын тыңдап, мадақтау.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушылармен келісіп, сабақтың тақырыбын анықтау.

Балалардың топтағы жасап жатқан жұмыстарын бақылай ды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдайды, бақылайды.

Интерактивтік тақтаға дұрыс жауабымен таныстырады.

Осы біздің тақырыпқа байланысты қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер ?




Берілген сұрақтарға ауызша жауап береді

Топ спикері топ бойынша бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Балалар топтарымен өз жұмыстарын қорғап, келесі топтың жұмыстарын бағалайды, өз көзқарастарын айтады.
Топ спикерлері ауысып отырып, мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Дәптерлеріне сөздердің мағынасын ашып жазады.

Оқушылар тақтаға шығып, синонимдерін жазады.

Дәптермен жұмыс. Грамматикалық тапсырмаларды орындайды


Балаларды ауызша мадақтайды.

Топтық бағалау.


Бірін-бірі бағалау.

Балаларды ауызша мадақтайды.

Бірін-бірі бағалау

Өзін-өзі бағалау

Сабақ ұнады ма?

Кімнің жауабы ұнады?



Тәжірибе барысында бағалаудың жетістігі

36 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тұңғышпаева Заура Мұқашқызы



Ұстаздың еңбек жолы өте күрделі, сондықтан оны алдын ала болжап, боларын білудің қажеттілігі күмән тудырмайды. Ең бастысы – ұрпақ тәрбиелеп, оқыту үшін адамның өзі қандай болу керектігін ұғыну керек.

Е.В. Селезнева.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Мен жаңалыққа қарай, cапалы oқытуға қарай ұмтылдым, coнымен қатар бiлiм cалаcына ocындай қарқынды өзгерicтер қажет екенiн түсіндім. Осы өзгерістерді мақсат тұта отырып, мектебімізде коучинг сабақтарын өткізуді жоспарладым. Әрине, әр мұғалім өзінің әлсіз жақтарын толықтыруды ойлайды, мысалы менің тәжірибемде формативті бағалау туралы (Оүб) бұрын жеткілікті білмегенім өзіме белгілі болды. Яғни, не істеу керек, бағалау туралы мәліметтерді жинастырып, өз тәжірибеме еңгіздім, оқушылармен бірлесе отырып, бағалаудың түрлерін сабақ барысында қолданып, теориялық жағынан терең ұғына бастадым, топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгердім, ынтымақтастықта жұмыс істеуге бағыт алдым, формативті бағалаудың тиімділігіне көз жеткіздім. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету — аталмыш теорияның негізгі мақсаты. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына негізделеді. Қазіргі уақытта ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді. Сонымен қатар біріншіден, оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді.Әрине, бұл жерде әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Сабақтың рефлекция бөлімінде оқушылар бірін-бірі бағалайды және топпен жасаған жұмыстарына қорытынды керібайланыс жасай отырып, тіл шеберліктері де арта түседі деп ойлаймын. Жалпы, бағалау оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін факторы. Өз тәжірибемде бағалаудың бірнеше түрлерін қолданамын. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, берілген жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек.

Мұғалім берген шығармашылық тапсырманы оқушылар шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын ауызша талдап, тіл байлығын еркін жеткізе білсе, ол жұмыстың жоғары бағаланатынын оқушылар біліп отырады. Көбіне біз мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданып, оңай жолына бағынып кетеміз. Ал, егер күнделікті формативті бағалаудың 12 түрін толық қолданып, алдағы отырған оқушыларымызды да оған икемдеп үйретіп алсақ, оң нәтижелерін берері сөзсіз. Тоқсанның соңында сынақ сабағы ретінде әр топ күрделі тақырыптарға портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, қорытынды сынақ сабағын тапсырса, жиынтық бағалау үдерісінің беретін жемісін көресіздер және оқушының мұғалімге деген сенімі артып, көзқарасы өзгереді. (жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. )

Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті болады. Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс. И.Герберттің айтуы бойынша «қызығушылық» оқу уәжінің синонимі екенін есте сақтау керек. барлық оқытуды тізбектесек: «қалаймын- орындаймын- қызығушылықпен орындаймын-жекелеп-әрқайсымызға маңызды» (И. С. Якиманская), осы құрылымның ортасында және қызығушылық тұрғанын байқаймыз. Осы түсінікті оқушыларда қалыптастыру үшін, оқушының белсенділігін арттыруымыз, өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етуіміз керек. Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.



Қыдырмоллаева

Бибігүл

Төлегенқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, жоғары санатты.







Қазақ тілі пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: А. Құнанбайұлы. «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз» өлеңдері.

Мақсаты : Оқушыларға алгоритмдік талдау бойынша өлеңнің мазмұнын түсіндіру, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.


Кезең

Жұмыс түрі.

Жаттығулар

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру формасы.

Бағалау формалары.

1.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар өздеріне ұнаған түстер арқылы топқа бөлінеді, шеңберге тұрып, бір-біріне жағымды тілектер білдіреді.

2 мин.

Балаларға сабақтың алтын ережесін сақтауды ескертеді.

Топқа бөлініп, бір-біріне тілек білдіреді.

Балаларды ауызша мадақтау.

2.
3.

4.

5.


6.

7.

8.

9.


Миға шабуыл.

1Бәріміз тақтаға көңіл аударайық, тақтада кімнің портреті?

2.Абай Құнанбаев кім?
Топтастыру стратегиясы.

Флипчартпен жұмыс.

1. Интерактивтік тақтада берілген тапсырманы толықтырып жазады.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Топтық жұмыс

1-ші топқа: Абайдың өмірбаянымен танысып келу.

2-топқа: Абайдың шығармашылығымен танысып келу. Слайд

Сұрақ-жауап: Қалай ойлайсыңдар, осы тақырыптың ортақ мазмұны не, сендер не туралы әңгіме қозғадыңдар?

Жақсы, сонда біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай болмақ?

Сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?
Мәтінмен жұмыс. ЖИТСО әдісі бойынша.

Өлеңнен мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру ( азап, қайғы алу, шапқат, күндестік, көкірек, бойкүйез, баянды еңбек)
Топтық жұмыс

1-ші топқа:



Өлеңді берілген алгоритмдік талдау бойынша талдап, постерға түсіріңдер.

1. Өлеңді мәнерлеп оқы.

2.Абай қандай жақсы қасиеттерді айтады, мәтіннен теріп жазыңдар.

3.Өлеңдегі кілтті сөздерді атаңдар.

4"Сен де - бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!"-деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

5Ақын идеясы қандай, өлеңнен дәлелдеңдер.
2-топқа:

1. Өлеңді мәнерлеп оқындар.

2.Өлеңдегі кілтті сөздерді теріп жазыңдар.

3.Абай қандай адамдарды сынға алады, өлеңнен теріп жазыңдар

4.Өлеңдегі көркемдегіш сөздерді атаңдар.

4.Қандай мақал-мәтелмен өлеңді қорытуға болады.

5.Ақын идеясы қандай, өлеңнен дәлелдеңдер.

Бағалау: Топ спикерлері бағалау парағы бойынша пікірлесе отырып, топты бағалайды.
Рефлексия. Абайдың екі өлеңдеріңде ортақ ұсастық, айырмашылық бар ма? Топпен ақылдасып, венн диаграммасына түсіріңдер.
Қорытындылау.

«Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау



Үй тапсырмасы:«Абай- ұлы ақын» эссе жазып келу.

3 мин

5 мин.


10 мин

10 мин

2 мин

5 мин


Тақтаға шығып, шеңберді толықтырып жазуларың сұрайды.


Критериалды бағалаумен таныстырады.
Үш топтың жұмысын бақылайды.
Балалардың жауабын тыңдап, мадақтайды.

Оқушылармен келісіп, сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.

Балалардың топтағы жасап жатқан жұмыстарын бақылай ды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдайды, бақылайды.

Топпен венн диаграмасын қорғайды.

Тақтадағы Абайдың портретін ашып, суреттеп тақтаға жазады.


Балалар мұқият тыңдап отырады.

Берілген сұраққа ауызша жауап беріп, шеңберге жазады.

Топпен шығып, өз жұмыстарың қорғайды,топ спикерлері әр топтың жұмыстарын бағалайды
Оқушылардың жауабы.

Дәптерлеріне сөздердің мағынасын ашып жазады.


Оқушылар тақтаға шығып, постерларың қорғайды.




Балаларды ауызша мадақтау.

Топтық бағалау.


Бірін-бірі бағалау.

Балаларды ауызша мадақтау.

Бірін-бірі бағалау

Өзін-өзі бағалау
Қорытындылап топ спикерлері әр оқушының жұмыстарын бағалайды

Өткізуші мұғалім: Қыдырмоллаева Б.Т.



Коучинг тақырыбы: Бағалау . Мерзімі: 11. 09. 2014 ж. Коучингтің мақсаты: Тыңдаушыларды негізгі бағалаудың түрлерімен таныстыру, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде қолданылатын критерийлерін анықтау. Міндеттері: Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау. Коучинг түрі: тәжірибе алмасу. Құралдар: Интербелсенді тақта, А-3, маркер, фломастер, қарындаш, өшіргіш, желім, бағалау парағы, бағалау туралы мәліметтер. Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТОҮ, Бж К, ОүБ, диалогтік оқыту, мозайка.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кіріктірілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру


3 мин

Оқыту мен оқудағы жаңа тәілдер

1.Жағымды психологиялық ахуал тудыру. ( көз, аяқ, мойын, шаш, тырнақ, ерін, ауыз, құлақ, мұрын,бет,бой)

2.Топқа бөліну.(түрлі-түсті санағыш арқылы) 3.Топ ережесін еске түсіру.



1. Көршісінің ұнайтын жерін тірек сөздерді айу арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

2.Мозайка әдісі арқылы топқа бөліну.

3.Топ ережесін еске түсіру.


БІЛІМ

8 мин

АКТ СТОҮ

Интербелсенді тақтада жұмыс жасау. 1.Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

2. 1. Бағалау не үшін қажет?

2. Қандай бағалау түрлерін білесіздер?

3. Оқушының еңбегін бағалауда қандай әр түрлі әдістерді пайдалана аласыздар?




1.Берілген сөзжұмбақты шешу арқылы «Бағалау» сөзін шығарады.

2. Топпен сызбаға түсіру.




ТҮСІНУ

10 мин

АКТ, СТОҮ бағалаудың қағидаларын

Оқыту.



Бағалау критерийі слайд көрсету




ҚОЛДАНУ

8 мин

СТОҮ Диалогтік оқыту

«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»


1- топқа:

Бірінші қағида: «Маңыздылық».

Екінші қағида: «Дәлдік»

2-ші топқа:

Үшінші қағида: «Объективтік», Дәлелділік».

Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі».

3-ші топқа:

Бесінші қағида: «Жариялылық». Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық».




ТАЛДАУ

7 мин

Көшбасшылық жас ерекшелігі

1.Оқушылардың тексерілген диктанттары таратылады.

Қатысушы мұғалімдер бағалау шкаласын құрастырады.


СИНТЕЗДЕУ

5 мин

Жас ерекшелігі дарындылық пен шығармашылық

1.Топтардың спикерлері постерді қорғайды, ойларын дәлелдейді.




БАҒАЛАУ

4 мин

СТОҮ дарындылық пен шығармашылық Бж К, ОүБ,

А) Бағалау сөзіне бес жол өлең жазу.

Б) Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім- көрсетеді, ұлы мұғалім- шабыттандырады" дегендей оқушыларымызды оқуға деген ынтасын шабыттандырайық. Дайын бағалау шкаласымен өлең жолдарын бағалау.



Тақырыпты бекітеді.

Бағалауға байланысты 5 жолды өлең жазады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет