е = -1.6∙10-19 Кл.
б) Мұғалім үйкеліс арқылы электрленуді демонстрациялайды.
Оқушылар тәжірибеге қорытынды жасайды: олар үйкеліс кезінде екі дене де электрленетінін және тегі әртүрлі зарядтарға ие болатынын түсінулері тиіс. Мұғалім теріге (немесе жібекке) үйкелген шыны таяқшада пайда болатын электр зарядын оң, жүнге үйкелген янтарьда (немесе эбоните) пайда болатын электр зарядын теріс заряд деп атау қабылданған айту тиіс.
Электр зарядтарының екі тегі бар:оӊ заряд
(таӊбасы оӊ +) және теріс заряд (таӊбасы -)
Бірдей таӊбадағы зарядтар аттас зарядтар деп аталады. Әр түрлі таӊбадағы зарядтар әр аттас зарядтар деп аталады.
с) Индукция көмегімен электрлену құбылысын демонстрациялаңыз
Тәжірибе нәтижесін талдай отырып, денені үйкеліс арқылы және индукция көмегімен электрлеуге болатынын атап өтіңіз.
д) Эбонит таяқшасын изоляцияланған штативке жібек жіппен іліп қойыңыз.
Теріс және оң зарядтардың бар екенін түсіну үшін электрленген эбонит таяқшасының дәл сондай электрленген эбонит таяқшадан тебілетінін, ал электрленген шыны таяқшаға тартылатынын бақылауды ұсыныңыз. Тәжірибелердің нәтижесін талдай отырып, оқушыға аттас зарядтардың бір-бірінен тебілетінін, ал әраттас зарядтардың бір-біріне тартылатынын түсіндіріңіз.
е) Зарядталған электроскопты қолданып, дененің дененің электрді өткізетінін немесе өткізбейтінін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету
электроскопқа шыны таяқшасын жақындатыңыз, электрлік күйі өзгермейді
металдар жақындатыңыз, электрлік күйі өзгереді.
4.Сабақты бекіту
1. Жіпке үш жұпты шариктер ілінген.
Қай жұптағы шариктер зарядталмаған?
2. Суретте электрленген шарлардың үш жұбы көрсетілген.
Қай жұптағы шарлар бір біріне тартылады?
Дескриптор:
- зарядтардың тегін ажыратады
- аттас және әр аттас зарядтардың өзара әрекеттерін түсінеді
тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
Бағалау дескрипторын ұсыну
|
Презентация
Слайд 1-4
Слайд 7-10
Слайд 12
Слайд 14-16
Слайд 17-18
Слайд 19-20
Слайд 21-22
Слайд 23
|