Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет4/33
Дата01.07.2016
өлшемі2.26 Mb.
#170016
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Сабақтың мақсаты: 1. Өткен сабақтардан алған білімін тереңдету. 2. Ұлттық тәрбие беру. 3.Білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.Дауысты дыбыстар: а,у.оДауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, у. ш,й,қ,д,м,б с.ә) Сөз ойлау, сөйлем құрату.б) Сұраулы сөйлем, сөйлем соңына сұрақ белгісі қойылатынын түсіндіру. Адам ауамен дем ала ма? Дина сабаққа келді ме?в) Сөздік диктант.Бас әріп пен кіші әріпті жазу.Шш, Й, Ққ, Дд, Мм, Бб, Сс. Бақша, сай, қойма, дара, маса, бота, сана.г) Сөздерді буынға бөлгізу: сайман, саумал, қалта, сабақ,ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:

с

а

й




м

а

й




а

р

а




с

у

а

т



с

а

й

м

а

н

д) Тақтамен жұмыс: Көшіріп жазуға баулу. Сергіту сәті

ІҮ. Бекіту кезеңі:«Қай буынды жоғалттым» ойыны ...-ғат, са-..., са-..., ...-бақ, сап-...,қал-... .

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріптерді танып,білдік?
48.Сабақтың тақырыбы:Ы дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау. Ы дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету. 2.Жолдастық, достыққа тәрбиелеу. 3. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ1) - Мына суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? -Ыдыс не үшін қажет?-Оларды неден жасайды? 2) -Ыдыс сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасайық

Ы- дыс

1-ші буыны-ы Ыдыс сөзінде 4 дыбыс бар.

2-ші буыны- дыс 2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.

3) Ы дыбысын дыбыстатып, жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту.



дыбысын 3 рет айтқызу. - ы қандай дыбыс?Сөздің қай буынында жазылады.

ә) ы дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ы –бас әрпі, ы- кіші әрпі.

б) Сөздің өзгеру тәртібімен таныстыру.Қайық-қайығы. Қап-қабы. Тарақ-тарағы. Топ-тобы

в) Ыдыстарды басқа бұйымнан ажырата білуді үйрету.Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.



Ү. Жаңа білімді бекіту. . Дәптермен жұмыс Ы ы әрпін жазып үйрену.

Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз, Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз, Көркем етіп жазамыз.



ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?
49. Сабақтың тақырыбы:Ы дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау, тиянақтау. Сөзді, мәтінді оқуға жазуға үйрету. 2. Салауаттылыққа баулу.3. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау. ә) Сөз құрап оқу.б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Бағандағы сөздерді хормен оқыту. 2. «Қақпашы» мәтінін оқи отырып түсіндіру.3. Өмірмен байланыстыру. 4. Денсаулық жайында әңгіме, пікір алысу.5. Ы дыбысына қатысты өлең оқыту.

Ыждахатшыл Ырысты, Ынталана кірісті.

Ыстық сумен ыдысты, Ырысжанға жуысты.6) ы дыбысына сөз ойлап, сөйлем құрату. 7) Тақтамен жұмыс:Ыдыс, шыны, оқушы, қауын, ырыс, ынтымақ.

Ү. Жаңа білімді бекіту.-Ы дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

Мақал-мәтел үйрену. Ырыс алды –ынтымақ.Дәптермен жұмыс: Ы ы әрпін, ыдыс, ырыс, ынтымақ сөздерін жазу. Сергіту сәті. Жұмбақ шешу.

Ызыңдап ән салып

Жұқа тақтай бөлшегі, Жұп- жұқа қанаты.

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш) Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. (шыбын)

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?
50. Сабақтың тақырыбы:Жж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Жж дыбысы және әрпін дұрыс оқуға, дұрыс дыбыстау жаттықтыру 2.Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру. 3 Оқушылардың тілін,ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ.І Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау.Жа, жу,жо. ә) Сөз құрап оқу. б) Тізбектей оқыту.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Ж әрпіне сөз ойлату. 2. Буындық талдау жасау.3. Сөйлем құрату: жолбарыс.жылқы, жануар, жәндік. 4. Дыбыстық талдау жасау. 5. 70-71 беттегі сөздерді оқыту. 6. «Жарыс» мәтінін оқытып,қанша сөйлемнен құралғанын аңғарту.7. Әр сөйлем неше сөзден құралған?

Ү. Жаңа білімді бекіту.а) Диктант жазғызу. Ж,ы әрпін жаз. Жа,жу,жо жаға, жота, жуан, жуас,ә)Бағандағы сөзді хормен оқыту. б) Жұмбақ шешу.Бос жер қалмай аспаннан, Түнде шашып тасталған.Моншақтың аты не? Қайсы әріптен басталған?в) Өлең шумағын оқып беріп, ж әрпі бар сөздерді атату.

Жағажай, Жағажайда Қамажай.

Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.

г) Жаңылтпаш айтқызу.

Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі сыбыс, Жоғалды бес шыбыш.

Дәптермен жұмыс: Ж жарыс, жорға, жарыс, Жарас жарысқа қатысты.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
51. Сабақтың тақырыбы:Жж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жж дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. 2.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3 Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау. ә) Сөз құрап оқу. б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Суреттерді көрсете отырып, буындық, дыбыстық талдау арқылы ж дыбысын сөз ішінен бөліп дұрыс айтқыза білу. Жарғанат, жолбарыс, жүзім, жүзік.2. Ж ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 3. Сөйлем құрату: жолбарыс, жылқы, жануар, жәндік. 4. Әріп таңбасымен таныстыру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.Кеспе әріптен сөз құрату. Бағандағы сөзді хормен оқыту.«Жусан» мәтінін оқытып, сөйлем санын анықтау. Дәптермен жұмыс. Ж ж әрпін жазу.Жұмбақ шешу.

Бөлінгенді табыстырып, Біріктірсе қабыстырып.

Жымдастырған жігің де, Байқаймысың түгін де. (желім)

Сергіту сәті.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?
52. Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ұ ұ дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Дауысты дыбыс екенін анықтау 2.Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру.3 Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Буынды пысықтау. ә) Сөз құрап оқу. б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ .Жаңа сабақ1. Суреттерді көрсете отырып, буындық ,дыбыстық талдау арқылы Ы дыбысын сөз ішінен бөліп дұрыс айтқыза білу. 2. ы жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту. 3. Сөйлем құрату:

4. Әріп таңбасымен таныстыру.



Ү. Жаңа білімді бекіту.Кеспе әріптен сөз құрату. Бағандағы сөзді хормен оқыту. Буындық талдау жасау. Ұн,ұршық бұлақ, ұшқыш «Құстар» мәтінін оқи отырып, түсіндіру.Сөздерді тұтас оқуға жаттығу.Дәптермен жұмыс: Ұ ұ әрпін жазу. Сергіту сәті.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?
53. Сабақтың тақырыбы:Ұұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ұұ дыбысына қатысты сөздерді дұрыс оқу. Сөйлем туралы түсінігін кеңейту. 2.Ұқыптылыққа баулу 3 Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) Мәтінді пысықтау. ә) Буыннан сөз құрап оқу. б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ. Жаңа сабақСөздерді хормен оқыту. 2.«Ұшқыш болу арманым» тақырыбына түсінік беру.

Дауысты дыбыстар туралы мәлімет беру А,о,ы,ұ- жуан дауысты.У- жіңішке дауысты дыбыс.



Ү. Жаңа білімді тексеру.Жуан дауысты дыбыстарды ата. У дыбысы туралы не білесіңдер?

ҮІ. Білімді бекіту.Жұмбақ шешу.

Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)

Жайнаған бақтың әншісі, Тамсанған оған сан кісі. (бұлбұл)

Талдың басында , Жемі бар қасында

Там тұр саялы, Достарға аялы. ( құс ұясы.)

Дәптермен жұмыс Ұ ұ әрпін жазу,ұшқыш ұлан, ұшақ.

Буын диктанты.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?
54. Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ң дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Ң дыбысы бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу. 2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3 Алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. - Ұ қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздік диктант: Ұ ұ нұр, ұл ұн, ұлу, ұлан, ұста.



ІҮ. Жаңа сабақ1. Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқу.2. Аң сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ң әріп таңбасымен таныстыру. 3. Ұшақ, ұста, құшақ, жұмыс, құлақ, жұмбақ сөздеріне дыбыстық талдау жасау.4. Сөйлем құрату.Сөйлемде неше сөз бар екенін айтқызу. Сұлтан ағаштан ұшақ жасады.























Сөйлем қалай жасалады? Сөйлем соңына не қойылады?

Ү.Жаңа білімді бекіту,пысықтау. Бағандағы сөзді жеке-жеке оқыту. Аңдар туралы жұмбақ шешу.Қаймықпайды күшті аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (піл)Жер қопарған тісімен.

Сескенесің түсінен (қабан) Дәптермен жұмыс ң әрпін жазу. Сергіту сәті.



ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті үйрендік? Ң қандай дыбыс?
55. Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1.Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу.2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3. Алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. - ң, е, ұ, ж қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант: аң, шаң, шаңғы, таң, тоң, ыс, қыс ,ау ұн ұқ.

ІҮ. Қайталау.1. Әр дыбысқа қатысты сөз ойлау, сөйлем құрату2. Ынта,жарық, ұшақ, аң сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 3. Кеспе әріптерден сөз құрату ыдыс , жаңа, ұста, қаңбақ.4. Жұмбақ шешу: Тамның үстіне тары жайдым.(жұлдыз) Атасы қисық ағаш, Анасы жайма төсек.

Баласы шырын шекер, Бір сабақта құж-құж жентек. (жүзім) 5.Жаңылтпаш жаттату. Шапшаң,шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң



Дәптермен жұмыс. Көшіріп жазу. Сергіту сәті.

ҮІ.Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті үйрендік? Ң қандай дыбыс?
56. Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Ң дыбысы қандай дыбыс? -Қай текшеге жатқызамыз ? -Сөздің қай жерінде жазылады? ә) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) – Емен,ер сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Е дауысты дыбыс екенін аңғарту. б) -Әріп таңбасымен таныстыру.3 рет дыбыстау Баспа түрі-Ее Хормен оқыту.Жазба түрі-Ее Тақтамен жұмыс: 1. Емен,еден, ел, ер, жел, жер, бел, бес,немере, немере.2. Сөйлем құрату. «Емен» мәтіні неше сөйлемнен құрылғанын аңғарту.

Ү. Білімді бекіту.1. Е-мен, е-ден сөздеріндегі –мен,- ден буындарының тұйық буын екенін аңғарту.

2.Е-дыбысынан басталатын киім атауын ата 3.-Қарамында үш е дыбысы бар қай сөз? -Терезе,текемет,кереге. Көшіріп жазуға үйрену. Есен, Ерлан, Естай. Емен -мықты ағаш



ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық? -Е қандай дыбыс?
57. Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:а) Өтілген Е дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтауә) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін есте сақтауын дамыту. б) оқушыларға дұрыс таза жазуға үйрету.



Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: кеспе суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Е дыбысы қандай дыбыс? Ол сөздің қай бөлігінде кездеседі?

ІІІ.Жан-жақты білімін пысықтау. Өтілген әріптерді пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақОқулықпен жұмысмен бес шешен ерте Ержан сен бесеу шебер ертең Ерлан суретке қарап әңгіме құрау. - суретке қараңдаршы. Балалар не істеп жатыр? -сурет салып жатыр? Ненің суретін салып жатыр? –табиғаттың -Оқушы не істеп отыр?- Оқушы хат жазып отыр. Ойнады сөзін жіктейік

Мен ойнадым Мен оқыдым

Сен ойнадың Сен оқыдың

Ол ойнады Ол оқыды.



Ү.Жаңа сабақты бекітуНе ? Неше? Нешеу? Бұл не? Неше алма алма нешеу?

Бұл алма Алты алма Алма алтау



ҮІ. Сабақты қорытындылауӨтілген Е дыбысы мен әрпі бойынша білімдерін пысықтау

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау
58. Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 К дыбысы, әрпі туралы білім деңгейін кеңейту. К дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2. Салауаттылыққа баулу . 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -К дыбысы қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант жазғызу. кесе, шеге, кеме, сен, сен, ол, кеше.

ІІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Сөздерді хормен оқыту. ә) Мәтінді оқыту,мазмұнына түсінік беру.

Мәтін қанша сөйлемнен құралған? б) Спортпен шұғылдану, шынығу адамға пайдалы екенін айту. Отыр, жатыр сөзіне түсінік беру.



Ү. Жаңа білімді тексеру.-Мектеп жанында не бар еді? -Онда нелер болды? -Жақында не болды?

ҮІ. Білімді бекіту.К дыбысына қатысты сөздер жазу: кел, кет,кек,кес,кесте

Сергіту сәті:

Бір, екі, ұш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жаздайық



Дәптермен жұмыс: Е е әрпін жазып жатттығу. Кебеже, кептер, текемет, еңбек.

ҮІ.Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта не істедік?
59. Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 К дыбысы, әрпі мен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2.Ұқыптылыққа баулу 3.Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Е дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабаққа дайындық: а) Кел ,балалар ойнайық , Ойнайық та ойлайық Қандай жұмбақ болса да , Шешпей оны қоймайық!

1. Көреді бәрін өзгенің, 2. Дегендей ешкім тимесін,

Көре алмайды өздерін. (Көз) Алыптып қадап инесін. (кірпі)

3. Қызықтап күнде сен Суретін көресің,

Оқисың одан сен, Әріптің төресін.

Ертегі, өлеңді. (Кітап)

ә) «Кітап» өлең оқып беру.

Жақсылықты жақтаймыз, Елімізде атақты Оқы, кітап

Әріптерді жаттаймыз. Ғалым ата не тапты, Оқы тыңда.

Кітаппенен дос болып, Бәрін-бәрін білесің, Шығарар ол,

Сенімдерді ақтаймыз. Оқи берсең кітапты. Биік шыңға.

Ү. Жаңа сабақ.-Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек? -Әріптерді . -Қандай әріптерді оқи

білеміз?1. Суреттегі заттардың атын атаңдар.2.Кітап, көйлек, көбелек, кие кереге сөздеріне

буындық дыбыстық талдау жасау.3. К әрпін жеке дыбыстату. 4. К-нің дауыссыз екенін аңғарту.

Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

Ү .Білімді бекіту. Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту, жеке оқыту . Сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс:

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?
60. Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 І дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру. Сөздерді тұтас оқуға машықтандыру. 2 Ұқыптылыққа баулу. . 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. а) -І дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант жазғызу. І і іші,ішік,ін, іс,ыс, тыс,тіс,іні,ірі, ыдыс.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) Кім? сұрағына жауап беруге үйрету. ( мамандығы бойынша) ә) Мәтінді оқыту, мазмұнына түсінік беру. «Ін» Мәтін қанша сөйлемнен құралған?б) Өлең жолдарын оқып беріп, сөз ішіндегі і әрпін тапқызу.

Іргебай інген іздеген,

Ілгері кетті ізбенен.в) Іргебай, ілгері, інген сөздеріне дыбыстық талдау жасату.































































Ү. Жаңа білімді тексеру.1.-Аңдар қайда мекендейді? -Борсық пен суыр не істейді? -Қоректерін қайда сақтайды?2. Ы,і дыбыстары бар сөздерді топтау.

Ыдыс ішік Тыс тіс

Ыс іс Ынта тіл

Ырыс ілгіш Айырмашылығы қандай?



ҮІ. Білімді бекіту..І дыбысына қатысты сөздер жазу. Суретші, етікші, мұғалім, кесіртке,кекілік, елік.Ойын: «Қай әріпті жоғалттым» т...л, т...с, т...к, ...р..., к...с..., ...н... .Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс: тіл, тіс, із, ін, і, І .

ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
61. Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. І дыбысы, әрпімен таныстыру. І дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту. 2.Таза, көркем жазуға үйрету. 3. Білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет