IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз сендермен одан әрі тасымал бойынша берілген тапсырмаларды орындаймыз.
V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 70-жаттығу1.Сөздерді оқыңдар.Жиналыс, жұлдыздар, музыка, жіңішке.2. Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.Үлгі: Му-зы-каМу-зыка , музы-ка3. Үш буынды сөздердің екі түрлі тамысалданатынын байқаңдар.71-жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар.Әр сөзде неше буын барын анықтаңдарбалықшылар, бейбітшілік, балапандар.Осы сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.Үлгі: ба-лық-шы-лар: ба-лықшылар,балық-шылар,балықшы-лар3. Төрт буынды сөздердің үш түрлі тасымалданатынын байқаңдар.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.Отан Өлеңді мәнерлеп мұғалім өзі оқып, талдап береді.
VII.Бекіту кезеңі: Өлеңді талдау,
Үйге тапсырма, бағалау:Отан өлеңін жаттап келу.
№46сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Қазақстан Республикам менің
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Д.Әбіловтың өлеңі туралы түсінік беру.Тасымал туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындатуә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту б) Ұқыптылыққа, тазалыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:«Отан» өлеңін мәнерлеп оқыту
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«кім жылдам?»ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
IV. Мақсат қою кезеңі:Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымал.Яғни өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтейік.Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» өлеңімен таныстырамыз.
V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 72-жаттығу
Сөздердің буын санын анықтату.Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазғызу.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқату.Құрылысшылар Теміржолшылар Кітаптарымыз дәптерлеріміз . Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу. «Қазақстан-Республикам менің» өлеңін оқып беру, түсіндіру.Дихан Әбілов туралы мағлұмат беру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.
VI.Жаңа материалды пысықтау:-Тасымал дегеніміз не?- Мысалдар ойлап айтқызу
VII.Бекіту кезеңі: сөздік диктант жазғызу.Сөздерді тасымалдап жазыңдар.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:73-жаттығу, «Қазақстан-Республикам менің», ережелерді қайталау.Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.
№47сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Қазақстан картасы. Мақал.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту.Е.Өтетілеуовтың «Қазақстан картасы»өлеңімен таныстыру.Мақал жаттау.ә) есте сақтау, ойлау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту. б) тазалыққа, ұқыптылыққа, елін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қазақстан картасы, кесте
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:73- жаттығудыорындағандарын тексеру.2.«Қазақстан-Республикам менің» өлеңін мәнерлеп оқыту3. Ережелер сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Жеміс жинау»ойынын ойнату арқылы сабақ алған білімдерін жан-жақты тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Қазақстан картасы өлеңімен танысып, Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат аламыз.Тасымал туралы түсінікті кеңейту мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз
V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмысТасымал туралы түсінгендерін сұрай келе жаттығулар орындату. 74-жаттығу Сөздерді оқыту , й әрпінен басталған буындарды тапқызу.Сөз бөлігін и әрпінен бастап тасымалдату.Жай-йылым, тү-йе, қа-йық, сү-йек, ме- йірімді Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат бере келе «Қазақстан картасы» өлеңімен таныстыру.Өлеңді оқып беру, түсіндіру.Картадан қала-да көрсету.Өлеңді мәнерлеп кезекпен оқыту.Жер аттарын дәптерлеріне жаздырып, естеріне сақтату.Өздерінің облыстары туралы әңгімелету.Ж.Жабаевтың «Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай» мазмұнының мағнасын түсіндіріп, жаттату.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сұрақтар жазылған карточкалар үлестіріп беріп, сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материал бойынша меңгергендерін тексеру.
VII.Бекіту кезеңі:Мына өлеңдегі даланың, ұлымын сөздерін тасымалдап жаздыру арқылы білімдерін бекіту.
Мен даланың ұлымын
Жас түлектің бірімен
Көкірегін аймалап
Көктеп шыққан гүлімін
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:1.«Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқу 2.75-жаттығу 3. Өлеңдегі жер аттарын жаттау
№48сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Біздің ту
Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін кеңейту,тасымалдауға болмайтын сөздермен таныстыру, әдеби мәтін бойынша түсінік беру ә) есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту. б) тазалыққа, қамқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:тудың сурет,автордың суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқыту2. 75-жаттығуды тексеру 3. Өлеңдегі жер аттарын жатқа айту, картадан көрсету.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
«тез айт» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру
IV. Мақсат қою кезеңі:Тасымалдауға келмейтін сөздер туралы білесіңдер.Тұманбай Молдағалиевтуралы біліп, «Біздің ту» өлеңімен танысамыз және туды кім жасаған, яғни тудың авторы Шәкен Ниязбеков туралы білетін боламыз.
V. Жаңа сабақ:Қазақ тілінде кейде жазып келе жатқанда тасымалдауға болмайтын сөздер де кездеседі.мысалы:1.Бір буынды сөздер2.Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер
3.Тасымалданбайтын екі буынды сөздерОндай сөздерді ешқашан да тасымалдауға болмайды.Оларды тұтастай жазу керек.Енді осыны тереңірек түсіну үшін жаттығулар орындаймыз.76-жаттығу Өлеңді оқыту, өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазу.Тасымалданбайтын сөздерді тапқызу.Бір буынды сөздердің астын бір,бір буыны бар екі буынды сөздердің астын екі сызу керек.
Бар менің мысығым
Көрсең оның пысығын
Қақпақылдап ойнайды
Ол әжемнің ұршығын
Сөздерді қалай тасымалдайды?Бір буыны бар сөздердің тасымалданбау себебінсұрау.77-жаттығу Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту
Әдеби мәтін тапсымасымен жұмыс тудың суретін көрсету, авторы Шәкен Ниязбеков .Ту туралы қысқаша әңгімелеп беру.
Біздің бүгінгі танысатын өлеңіміздіңаты «Біздің ту» авторы Тұманбай Молдағалиев.Автор туралы қысқаша мағламат бере келіп, өлеңді мәнерлеп оқып кезекпен өлеңді оқыту
VI.Жаңа материалды пысықтау:
Сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау.
VII.Бекіту кезеңі:1.Сөздік диктант.2.Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сызғызу.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқуТасымалданбайтын сөздер туралы біліп, есте сақтап келу.Оқушы белсенділіктерін бағалау.
№50сабақ. Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы. Елтаңба
Сабақтың мақсаты: а) сөздегі дауыссыздардың жуан айтылуы туралы түсінік беру.Дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.Әдеби мәтін бойынша түсінік беру. ә) сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайтуб) үлкенді тыңдауға, достыққа, адамгершілікке тәрибелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: елтаңбаның суреті,автордың суреті, кесте
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1. «Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқыту2. Тасымалданбайтын сөздер туралы сұрау3. Авторлар туралы сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест жұмысын жүргізу
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін дауыссыздар сөзде қай кезде жуан айтылатыны туралы білеміз және Т.Молдағалиевтың «Елтаңба» өлеңімен танысамыз.Елтаңба авторы кім екеніні білетін боламыз.
V. Жаңа сабақ:Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады.Кестемен жұмыс. Жаттығулар орындату78-жаттығу. Өлеңді оқыту.Дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді тапқызу79-жаттығу Жаңылтпашты жаттату.
Ақ матадан ақ мақта ақ па?
Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
Сөздердегі дауысты жуан және дауыссыз дыбыстарды атап, олардың біркелкі жуан айтылғанын байқатуӘдеби мәтін тапсырмасымен жұмысЕлтаңбаны көрсетіп, ол туралы қысқаша әңгімелеу.Авторлары Шота АманУалиханов, Жандарбек Мәлібеков туралы түсінік беру.Өлеңді мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Карточкаларға жауап беру, тапсырмалар орындату арқылы жаңа материалдарды меңгергенін тексеру.
VII.Бекіту кезеңі«Әдеп» тақырыбында диктант жаздыру
VIII.Үйге тапсырма, бағалау1.Жаңылтпашты жаттау 2«Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқу
3Ережелер жаттау4Белсенділіктеріне қарай оқушыларды бағалау.
№51-52 сабақтар. Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы. Гимн.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөздегі дауыссыздардың жіңішке айтылуы туралы түсінік беру.Әнұран туралы түсінік беру. ә) сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) ұқыптылыққа, әдептілікке тәрибелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: әнұран суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1. Жаңылтпашты жатқа сұрау2. «Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқыту3. Ережелер сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Гүл жинау» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін сөзде дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы туралы білетін боламыз, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен танысамыз.Гимні авторларымен де таныс боламыз.
V. Жаңа сабақ:Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса ,ондағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады.Кестеменжұмыс
Жаттығулар орындату 80-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту.Дауыссыз дыбыстары жіңішке айтылған сөздерді тауып, көшіріп жазуМіне, сенің мектебің, зейін, тентегім.81-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыту.Дауыссыз дыбыстар қай сөзде жіңішке айтылғандықтарын салыстыруҚазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен таныстыруӨлеңнің сөзін оқып беру, сөзін жазғандар ж.Нәжімединов, Н.Назарбаев әнін жазғандар Ш.Қалдаяқов Өлең шумақтарын талдап, түсінік беру Гимнді орындау
VI.Жаңа материалды пысықтау:«кім көп айтады?» ойынын арқылы жаңа материалды меңгергенін тексеру
VII.Бекіту кезеңі:«Сәбіз» тақырыбында диктант жаздыру.Дауыссыздары жуан айтылғансөздердің астын бір рет, дауыссыздары жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сызғызу.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:1.Гимнді жаттау2.Ережелерді қайталауБелсенділіктеріне қарай оқушыларды бағалау.
№53 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.І.Жансүгіровтың өмірбаяны мен өлеңдерімен таныстыру ә) сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.б) Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Суреттер І.Жангүровтың суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1.Гимнді жатқа сұрау2.Ережелерді жатқа сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест сұрақтары арқылы білімдерін тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Заттың атын білдіретін сөздермен» танысамыз.Оларға қандай сұрақтар қойылатынын білеміз.І.Жансүгіров туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
V. Жаңа сабақ:Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру -мынау не?
-Парта -Мынау кім?- Мынау не?Заттың атын білдіретін сөздерге кім?не? сұрақтары қойылады.Жанды мысалы: адамдарға кім? Жансыз заттарға не? Деген сұрақтар қойылады.
82-жаттығу Сөздерді оқу.Әрқайсысына ауызша сұрақ қойғызу. Аю-не? Бүркіт-не? Сүт-не? Тігінші-кім?83-жаттығу Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап тапқызу.Әр сөзге сұрақ қойғызу.Көп нүктенің орнына заттардың атын жазғызу.
Кім? Не?
Бала ит
Асқар күшік
Әсем тау
Оқушыларға көктем мезгілі туралы әңгімелеу.Оқушылардың өздеріне әңгімелету.
І.Жансүгіровтың суретін көрсетіп, өмірбаяны туралы мағлұмат беру, мазмұнын түсіндіру.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктантКім?не? сұрақтары бойынша екі бағанға бөлініп жазғызу.
VII.Бекіту кезеңі:«Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау84-жаттығу Не? Сұрақтарына жауап беретін сөзді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу«Жазғұтырым» өлеңін жаттап келу.
№54 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Келіңдер құстар. Жұмбақ
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Қ.Ыдырысовтың өлеңімен таныстыру ә) Ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.б) Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Суреттер Қ.Ыдырысовтың суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:84-жаттығуды тексеруЗаттың атын білдіретін сөздер туралы сұрау.Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үлестірмелі карточкалар таратып, тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап беріп білімдерін тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерімізді кеңейту мақсатында жаттығулар орындаймыз.Қ.Ыдырысов туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
V. Жаңа сабақ:Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап жберетін сөздер адамның , жануарлардың және заттардың атын білдіреді.Айсұлу, қоян т.б85-жаттығу Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаздыру.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.Көрікті көктем келді.Қар ери бастады.Жылы жел соқты.
86-жаттығу.Түсініп оқыту.Мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу.
Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу .Қ.Ыдырысовтың оқып беру, түсіндіру.Өлеңді мәнерлепоқыту.
Жұмбақ шештіру, жаттату.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктантКім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарыбойынша екі бағанға топтап жаздыру.
VII.Бекіту кезеңі.«Гүл теру» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:Келіңдер құстар өлеңін жаттау.Ережелер жаттау.Оқушыларды бағалау.
№55 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен көкек. Жұмбақ.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту.мақсатында жаттығулар орындату. Ертегімен таныстыру.Жұмбақ шеше білуге үйрету. ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту б) Достыққа, көмек көресте білуге, қамқорлыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1.«Келіңдер құстар» өлеңін жатқа сұрау.2.Ережелерді қайталап өту.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өткен тақырыптар бойынша шағын толықтыру кестесін алу.Мыс: сөйлемдегі нүктелердің орнына қандай заттың атын білдіретінін сөз қоюға болады?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін сендермен «Ертегі» деген жаңа ұғыммен танысып, «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқимыз.Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
V. Жаңа сабақ: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін еске түсіре жаттығулар орындау87-жаттығу. Сөйлемдерді оқыту.Осы сөйлемдердің ішінен кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазғызу. Айжан, Мұрат, Серік, Мақсұт.
Әдеби мәтін тақырыбы бойынша бізге «Сауысқан мен көкек» ертегісі беріліпті.
Ертегі дегеніміз адамдардың ой-қиялынан туған шығарма.Ертегінің түрлері өте көп.Солардың ішінен бүгін біз құстар туралы ертегімен таныс боламыз.Сауысқан мен көкектің суретін көрсетіп, таныстырамын. Ертегіні мәнерлеп оқып бер, мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқыту.Түсінгендерін тексеру. Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не? Көкектің қандай ойы болды? Сауысқан ұяны қалай салды? Көкек қандай құс екен. Сауысқанның ұя салу әдісін ертегіден тауып оқыту. Ал енді балалар, мына жұмбақтағы сөздер осы құстардың қайсысына ұқсайды екен? (жұмбақты оқыту) Яғни бұл жұмбақтың шешуі не к\екен? Көкек
VI.Жаңа материалды пысықтау: Ертегі дегеніміз не? - Біз қандай ертегімен таныстық? Ертегіден біз не үйрендік?
VII.Бекіту кезеңі: «Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау: 88-жаттығу Ертегіні оқу.
№56 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Бәйшешек. Жауқазын
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттын атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек пен жауқазынмен таныстырып, өлеңдерді оқып беру. ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту,есте сақтау қабілетін арттыру б) Әдемілікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Сауысқан мен көкек ертегісі туралы түсінгендерін сұрау. суреттерді бағалау 88-жаттығуды оқыта отырып тексеру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Карточкалар үлестіру.Берілген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін Көктемнің алғашқы жаршысы Жауқазын мен бәйшешек туралы білетін боламыз.Кім?кімдер?Не Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы білетін боласыңдар
V. Жаңа сабақ:89-жаттығу Сұрақтарға жауап беру.Машинаны кім жүргізеді? ЖүргізушіКөмірді кім қазады?шахтерЭлектрді кім жөндейді? –монтерТүсінік беріп өту.
Кім?Кімдер? сдеген сұрақтар адамға байланыстықойылады:аға,ат,ұшқыш,
Не?Нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады.Тоқылдақ, қайың, машиналар. 90-жаттығу Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.Оқыту арқылы түсіндіру.Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.Қазір қай мезгіл?Көктем
Көктемде қандай өзгерістер болады?Қар ериді,бүршік жарады, жер көктейді.т.б.
Ал ендеше осы көктемде бізге көктемнің алғашқы хабарын жеткізетін бәйшешек, жауқазын деген гүлдер өседі екен.(Олардың суретін көрсетіп ұқсастықтары мен өзгешеліктерін көрсету).Осы гүлдер туцралы жазылған Н.Әлімқұлов пен Н.Айтовтың өлеңдерімен танысамыз.Екі өлеңді мәнерлеп оқып беру.Түсіндіру.Осы гүлдерденбасқа қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?
VI.Жаңа материалды пысықтау:Қосымша әр түрлі тапсырмалар орындату
VII.Бекіту кезеңі:Сөздік диктант жазғызу
VIII.Үйге тапсырма, бағалау : Екі өлеңнен ұнағанын жаттау.91-жаттығу
№57сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.Апама.Анаға сыйлаймыз.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға 8-наурыз аналар мерекесі туралы өлеңдермен таныстыру. ә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау,қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайту. б)ананы сыйлауға,қадірлеуге , тыңдауға , әдемілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Өлеңді мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау
салған суреттерін тексеру 91-жаттығуды тексеру
Ережелерді сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Саңырауқұлақтар жинау» ойынын ойнату арқылы білімдерін пысықтау
IV. Мақсат қою кезеңі-Біз бүгін 8-наурыз аналар мерекесі туралы біліп, «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеідерімен танысамыз.заттың атын білдіретін сөздер туралы тереңірек білу мақсатында жаттығулар орындамыз
V. Жаңа сабақЗаттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті бір қайталап өту.Жыл мезгілдері туралы сұрау, атау.92-жаттығу Көктем мезгілі туралы әңгімелеу.Мәтінді оқыту.Көктем ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызғызу.
Көктем болды.Ағаштар бүршік жарды.8-наурыз халықаралық аналар мен қыздар мерекесі.Бұл мереке көктемде болатын алғашқы мереке.Бұл күні барлық адамдар өз аналарын, әпкелерін, жеңгелерін, құттықтайды.Ал енді сендерге жаттап алып аналар мерекесінде айтсын деп «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеңдері беріліпті.Ендеше сол өлеңдерді тыңдайық.Өлеңдерді мәнерлеп оқып беру.Түсіндіру, өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |