4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, түгелдеу (студенттердің сабаққа қатысуын тексеру), аудитория тазалығына назар аудару, студенттердің сабаққа психологиялық дайындықтарын тексеру, кауіпсіздік ережесін естеріне салу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру кезінде ешбір оқушы үнсіз қалмауын қадағалау қажет. Барлығы сұраққа жауап беру тиіс.
а) «Кім жылдам?» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру кезінде ешбір оқушы үнсіз қалмауын қадағалау қажет. Барлығы сұраққа жауап беру тиіс.
1. Өлшем деп нені түсіндіреміз?
2. Өлшеу нəтижелері қандай белгілері бойынша сыныпталады?
3. Өлшеу нəтижелерін алудың жалпы əдістері бойынша қандай өлшеу түрлері қабылданған?
4. Өлшеу қателігі дегеніміз не?
5. Өлшеу қателіктерінің құраушыларын атаңыз.
б) «Kohoot» бағдарламасы бойынша, «Кім жылдам?» әдісі бойынша білімін тексеру:
1. Метрология дегеніміз не?
2. «Өлшеу», «өлшеу бірлігі» деген терминдер дегеніміз не?
3. Физикалық шама дегеніміз не?
4. Физикалық шамалар қалай белгіленген?
4. Физикалық шамаларды өлщеу әдістерін атаңыз ...
5. Негізгі ХБЖ бірліктерін атаңыз және олардың өлшемдерін жазып алыңыз.
6. Физикалық шаманың сапалық сипаттамасы қандай?
7. Қандай қателіктер өлшеу жағдайларына байланысты өзгереді?
8. Қандай қателіктер жүйелі деп аталады?
9. Қазақстан Республикасындағы метрология саласындағы қандай нормативтік құқықтық актілер күшіне енеді?
10. Өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нысаны қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
Тақырыбы: Технологиялық бақылау - өлшеу құралдары мен аспаптары.
1. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша, студенттердің білімін тексеру.
Өлшеу дегеніміз не? Өлшеуіш аспаптардың жұмыс істеу принципі...
Тікелей өлшеу дегеніміз не? Жанама өлшеу дегеніміз не?
Өлшеу құралдары түрлерін қандай? Өлшеу аспабы дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |