Сабақ жоспары Пән: Технология Сынып: 7 Тақырыбы: «Майлық



жүктеу 40.31 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі40.31 Kb.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернаты» КММ

Технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Смаханова Мадина Мынжасаровна


Сабақ жоспары

Пән: Технология

Сынып: 7

Тақырыбы: «Майлық «Шаршы»»

Мақсаты: Оқушыларға майлық жайында түсінік беру;

Міндеті: Оқушылардың тоқыма өнері жайында білімдерін толықтыру;

Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шеберліктерін дамыту;

Оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсырмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд материалдары, таратпа материалдар, нұсқау карталар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Сабаққа қатынастарын анықтау;

- Назарларын сабаққа аудару.



ІІ. Өткен сабақты қайталау

  1. Тоқыма өнері жайында не білеміз? (Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер);

  2. Тоқыма құралдарына қандай құралдар жатады? (Ілмек біз, тоқыма сымдары, иірім жіптер);

  3. Тоқу үшін ілмекбіз бен жіпті қалай таңдаймыз? (Жіп пен біздің жуандығына назар аударамыз)

  4. Ілмек бізбен іліп тоқудың қандай шалуларын білесіздер? (Бос шалу, шалмалы, шалмасыз);

  5. Ілмек бізбен қандай бұйымдар тоқуға болады? (Киім – кешек, сөмкешелер, т.б.)

ІІІ. Жаңа сабақ

Майлық (орыс. салфетка, фр. serviette)- тамақтану барысында ерін, ауыз және қол сүртуге арналған төртбұрышты мата немесе қағаз тілімі. Дастарқан жабдығының міндетті заты. Майлықтың дастарқан жабдығына қажетті түрі және үй тұрмысында қолданыстағы басқа түрлері және атаулары бар.

Мата майлық зығыр және мақта маталардан жасалынады. Түстері бірыңғай ақ немесе басқа түсті, шеттері кестеленген, өрнектелген және басқа да ерекше белгілермен безендіріледі. Пішіні - төртбұрыш, көлемі - әр түрлі.

Деректерге сүйенсек майлықтарды ертеректе інжір жапырағынан жасаған. Олармен ауқатты адамдар, басшылар ғана қолдана алған. Матадан жасалған майлықтар Ежелгі Римде тарала бастаған, ортағасырларда Европаға да жеткен. Бір қызығы майлықпен сақал – мұрты бар ер адамдар көп қолданған, ал сақал – мұртсыз ер адамдары көп елдерде майлық аса кең тарамаған. Сонымен қатар майлықтың орынына адамдар ұзын жеңді киімдерді немесе дастарханның бұрышы, шеті қызмет еткен. Кейін келе – келе майлықтар жалпылама қолданысқа ие бола бастаған. Ең алғаш итальяндықтар майлықты тағам қабылдау кезінде қажет бұйым ретінде енгізген. Өнеркәсіп, өндіріс дамыған сайын, майлықтар да матадан, шілтеріден, қағаздан жасала бастады, оларға әрлеп, кестелеп әшекейледі. (Суреттерін көрсету)

Қазіргі таңда майлықтардың матадан да, қағаздан да жасалған түрі қолданысқа ие. Өнеркәсіптің дамуна байланысты өрнекті, шілтерлі, ерекше әсем майлықтарды кездестіруге болады. Біз әр уақытта да білеміз, қолөнер бұйымдарының жоғары бағаланатынын. Өз талғамымызбен жасалған бұйым әрдайым тартымды және өзімізге жақын болады. Сол сияқты бүгін біз әрқайсысымыз өзімізге қарапайым майлықтың шетін шілтерілеп, әсем қолөнер бұйымына айналдырып алайық.



IV. Кіріспе бөлімі

Ол үшін бізге үйден шетін торлап дайындап әкелінген майлығымыз, «Ирис» жібі, соған сәйкес ілмек бізі қажет.

Жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп кетейік:


  • Ілмек біз қорапшаларда сақталуы керек;

  • Тоқу кезінде оқыс қимылдар жасауға болмайды, жарақаттануымыз мүмкін;

  • Ілмекбіздің ұшы тым үшкір болмауы тиіс;

  • Жіп пен ілмек бізді дұрыс таңдаған жөн, олар сәйкес болмаған жағдайда, біз жіпті түтіп жібереді;

  • Жұмыс аяқталған соң құралдарды орналастыруымыз керек.

- Нұсқау карта тарату;

- Нұсқау картаны талдау;

- Жұмыс орнын ұйымдастыру.



V. Сарамандық жұмыс

- «Шаршы» майлығын тоқу;

- Оқушыларға тоқылу жолдарын көрсету;

- Оқушылардың жұмыстарын қадағалау;

- Қауіпсіздік ережесінің сақталуына мән беру.

- Қателіктері болса, түзету.



VІ. Бекіту бөлімі

- Оқушылардың жұмыстарын талдау;

- «Сәйкестендір» ойынын ойнау (Экранда бір бағанада шалу түрлерінің суреті, келесі бағанада атауы жазылады, оқушылар сызық арқылы сәйкестендіпулері қажет);

- Бағалау;

- Үйге тапсырма: Тоқыманы аяқтау, жобаға тақырып таңдау.

VІ. Жұмыс орнын жинау

- Оқушылар жұмыс орындарын ретке келтіру;



- Кезекшілер міндеттерін анықтау;

- Сапасын тексеру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет