Сабақ жоспары Пәні Ішкі аурулар Тобы е-18-1 Күні



бет2/4
Дата21.01.2022
өлшемі29.76 Kb.
#454728
түріСабақ
1   2   3   4
гелминтоз11.11

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Балаларға ішекқұртты анықтау үшін нәжіс талдауы және энтеробиозды анықтау үшін қырынды алу жиі тағайындалады. Нәжісті зерттеу (копрологиялық зерттеу) неғұрлым жиі таралған талдаулар түріне жатады. Себебі ішекқұрттардың көптеген түрі адам ішегін немесе ағзасын, олармен байланысты түтіктерді мекендейді, сондықтан нәжіс арқылы сыртқа шығады.

Олардың жұмыртқаларын анықтау үшін паразиттер көбейген сәтті дәл табу керек. Ол үшін үш реттік талдауға нәжіс тапсыру керек. Паразитті құрттарды немесе олардың бөлшектерін (гельминтоскопия), ал ең бастысы гельминт жұмыртқаларын анықтау үшін (гельминтоовоскопия) зерттеу макроскопиялық немесе микроскопиялық түрде жүргізіледі.

Нәжісті зертханаға таза шыны ыдысқа немесе сіріңке қорабына салып әкеледі. Әр қорапта зерттелушінің аты-жөні, жасы және мекен-жайы жазылған қағаз болу керек. Талдауға әкелінген нәжіс бір тәуліктіктен кеш болмауы керек. Осы тәртіптер бұзылатын болса, диагноз қою қиындық тудырады немесе тіпті мүмкін болмайды, себебі жұмыртқалар мен құрттардың сырт қалпы бұзылады. Зерттеудің нақтылығын арттыру үшін күн сайын бірнеше рет немесе 1-3 күн өткізіп, қайталап талдауға нәжіс тапсыру керек.

Жабысқақ таспа әдісін энтеробиозды анықтау үшін пайдаланады. Жабысқақ мөлдір полиэтилен таспаның 4-5 см-лік бір үзігін жабысқақ жағымен көтен арқылы көтен айналасына қатысты (перианустық) қыртыстарға жапсырады да бірден жұлып алып, заттық шыныға жапсырады. Осылайша алынған заттарды микроскоппен қарайды.

Ілеспелі талдаулар да гельминтозды анықтай алады, мысалы, дисбактериоз (ішектің дұрыс таяқшаларының езілуі) бен қанның жалпы талдауы (гемоглобиннің төмен болуы, ЭШЖ (СОЭ) мен эозинофилдар санының артуы). Гельминттердің негізгі түрлеріне иммуноглобилинді анықтау үшін қан тапсырған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет