Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»


Мемлекеттік тілде оқытылатын 8-сыныпта өткізілген қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабаққа талдау



бет2/2
Дата16.09.2024
өлшемі0.66 Mb.
#503654
түріСабақ
1   2
ашық сабақ

Мемлекеттік тілде оқытылатын 8-сыныпта өткізілген қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабаққа талдау.

Сабақтың тақырыбы «Адам жанының құпиясы» бөлімінде М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы.
Оқу мақсаты 8.3.2.1 шығармадағы рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Сабақтың мақсаты Рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді
Сабақтың басында оқушылар ортаға шығып, шаңыраққа байланған ленталардан мақал-мәтелдің үзінділерін таңдады. Таңдалған үзінділермен топқа бөлінді. Сыныпта 15 оқушы бар. Сабаққа қатысқан оқушылар-15. Сынып үш-үштен бес топқа бөлінді. Бес топқа бөліну себебі әр топта қаншалықты аз оқушы болса,оқушылардың барлығының сабаққа қатысу мүмкіндігі көп болады.
Әр топ өздерінің мақал-мәтелдері бойынша топтарға бөлінгеннен кейін, сабақ мақсатын осы мақалдардың тақырыбына қарай өздері болжады. Әр тапсырма дескиптор арқылы 10 баллдық жүйемен бағаланды.«https://learningapps.org»платформасында кейіпкерлердің іс-әрекеттерін сәйкестендіру жұмысы болды. Сәйкестендіру жұмысында әр топтан бір оқушы шығып, жауап берді. Барлық сұрақтарға жауап берілді. Әр тапсырмада оқушылар бір-біріне кері байланыс беріп,толықтырып отырды.
Роман бойынша сабақ мақсатына орай сұрақтар құрастырылған болатын. Ол тапсырманы оқушылар «Қабырғадағы» жұмыс әдісімен орындады.Әр топ қабырғада тұрып орындап,келесі топ жұмысына кері байланыс жасап отырды.
Оқушыларға тапсырмалар сараланып берілді. Сыныпта бес оқушыға кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру бойынша ауызша сұрақтарға жауап беру болды. Ал қалған оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетіне ,рухани құндылығына, жаңашылдығына баға беріп, авторға немесе кейіпкерге хат жазды. Бұл тапсырмаға да оқушылар әрқайсысы әр түрлі кейіпкерлерге, авторға хат жазып, рухани құндылық пен жаңашылдығын салыстырып,баға берді.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, өз ұпайларын есептеп, мұғалімнің мадақтау және ұсыныстарын алды. МАқсатқа жеттік.Барлық т апсырмлар орындалды.
Пән мұғалімі Кайнарбаева А.О
Ашық сабақ сәттерінен көрініс



«Ворбдол» платформасында оқушылар кейіпкерлерді таңдау үстінде



«learningapps» платформасындағы сұрақтарға жауап

Жеке тапсырмлар Топқа бөліну сәті

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет