Сабақ жоспары Сыныбы: 5 Пәні: Қазақ әдебиеті Тақырыбы : Абай Құнанбайұлы



Дата10.06.2016
өлшемі38.06 Kb.
#126331
түріСабақ
БҚО, Казталов ауданы ,

С.Есетов атындағы ОЖББ мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазиуллин Ақжол Жасқайратұлы

Сабақ жоспары

Сыныбы: 5

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы : Абай Құнанбайұлы «Қыс» өлеңі

Мақсаты :

  • Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенттері Абай өмірімен таныстыру,білім мен ғылымға баулып,Абайдың табиғат лирикасының сырларын терең ұқтыру. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету.

  • Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау, танымын кеңейту.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды Абайдың өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы қоршаған ортаны, табиғат ананы сүюге баулу, Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін сезіндіру.

Күтілетін нәтиже:

а) Абай Құнанбайұлы туралы мағлұмат алады.

ә) Ақынның "Қыс" туралы өлеңін мәнерлеп оқиды.

б) Шығармашылық ізденісте болады.

Не арқылы бағаланады: топтастыру,түртіп алу,автор орындығы

Көрнекіліктер:Абай суреті, слайд-шоу, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Кезекші мәліметі

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4. Үй тапсырмасын тексеру

Ыбырай Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады"

Жұмбақ:
Қоймасын қыс ақтарып,


Жерді жапты ақ мамық.
Бұл қай кезде болады?.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата?
- Қыс несімен сендерге қызықты?
Абай Құнанбайұлы кім?

Абай шығармалары жөнінде не білесіз?

"Қарға мен түлкі", "Қасқыр мен қозы" мысалдарымен таныс оқушы бар ма?

Қазақ әдебиетіне әкелген орыс,шет шығармаларымен танысып па едік?

Акын Сазгер



Аудармашы Ойшыл

Куйші
III. Мағынаны тану
1.Абай Құнанбайұлының өмірі

Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.

Биыл Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы аталып өткізілмекші.


Абай шығармалары

176 өлең


3 поэма

45 қара сөзі

27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
Өлеңнің шығу тарихынан.

-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.

 Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қыс.

Ақ киімді , денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе қар жауып, мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдатпай, теріс айналды

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды.

Кейіптеужансызды жанды түрінде суреттеу
3.Іштей оқу. Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
4.Сөздікпен жұмыс:


  • Шидем- қой жүнінен тоқылған киім.

  • Бұрқ-сарқ- қатты дауыл, боран.

  • Боран долданғанда- аяз, жел тым күшейгенде.

  • Домбығып-суықтан ісіп,қызарып.

  • Ұшпа- бұлт (шоқ бұлт).

  • Қондыбай , Қанай – адам аттары.



IV. Ой-толғаныс
Автор орындығы (Бір ұсыныс, бір пікір айтылады)

Көрініс бойынша әңгіме құрау



Өлеңді жалғастыр:

Жұптық жұмыс

  • Қар жауады...

  • Ойнауға жақсы-ақ.

  • Осындай...

  • Кім үйде жатпақ?



Тауып оқу.

-Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып  оқиды?

-Малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?

Балалар туралы айтылған тұсты кім  тауып оқы.


V. Бекіту сұрақтары

  • Ақын қысты кімге теңеген?

  • Ақын қыстың күшін қалай бейнелеген?

  • Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген?

  • Қыс мезгілі сіздерге ұнайды ма ұнамайды ма?



VI.Үй тапсырмасы:

Абай Құнанбайұлының өмірі бойынша қосымша іздену, қыс өлеңін жаттау, қыс тақырыбына сурет салу
 VII.Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет