Сабақ жоспары Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»


Түрі: поэма 6. Оқиғаның басталуы



бет3/4
Дата30.01.2024
өлшемі105.36 Kb.
#490238
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақ жоспары МағжанЖұмабаев

5. Түрі: поэма
6. Оқиғаның басталуы: батырлардың бас қосуы
7. Оқиғаның байланысы: Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
8. Оқиғаның дамуы: Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
9. Шиеленісуі: Қос ғашықтың елден қашуы
10.Шарықтау шегі: Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
11.Шешімі: Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы
ІІ топ: Кейіпкерлер жүйесіне талдау.
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр БаянАбылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.
ІІІ топ: «Т» кестесі арқылы поэмадағы тұрақты тіркестерді табу және оқиға желісін баяндау

Сөз тіркестер

Мағынасын ашу

Ақ киізге көтерді

хан сайлау

Айылын жимау

жасқанбау , сескенбеу

Бес саусақтай білу

жетік білу

Жер қабу

өлу, қайтыс болу

Кеудесіне шайтан кіру

алдану

Қабырғасы қайысты

қатты қиналу

Мұзға отырғызып кету

алдау


Оқушы дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар тыңдайды, ұғынады


3. Бұл тапсырма бойынша топтар постерда жұмыстанады, тақтаға шығап қорғайды


І топ: «Батыр Баян» поэмасына сатылай композициялық талдау жасайды,
1.Тақырыбы:
2. Идеясы
3. Авторы
4. Жанры
5. Оқиғаның басталуы
6. Оқиғаның байланысы
7. Оқиғаның дамуы
8. Шиеленісуі
9. Шарықтау шегі
10. Шешімі


ІІ топ: Образдарды сомдау. Кейіпкерлерді талдау, мінездеме беру.
Абылай
Батыр Баян
Қалмақ қызы
Ноян
ІІІ топ: «Т» кестесі арқылы поэмада-ғы тұрақты тіркестерді табады.
Ақ киізге көтерді (хан сайлау), айылын жимау (жасқанбау, сескенбеу), бес саусақтай білу (жетік білу), жер қабу (өлу, қайтыс болу), кеудесіне шайтан кіру (алдану), қабырғасы қайысты (қатты қиналу), мұзға отырғызып кету (алдау),

Мағынаны тану




  1. Оқытушының сөзі:

Ақынның Ноян деп алғаны - Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы-Қыстаубай. Ел есіндегі әңгімеге қарағанда Қыстаубай қалмақтың Лағда деген қызын алып қашса керек. Бұған Сары батыр қатты ашуланады.
«Қыстаубайды қуып жетіп, өлтір, киімін, қару-жарағын көзімше көм» - деп Баянды жұмсайды. Баян Қыстаубайды қуып жетіп бір қабат киімін алып, қозының қанына малып Сарыға алып келеді. Қыстаубайдың нағашылары кіші жүзде екен, ол солай қарай бет алып кетеді. Кейін бір соғыста «кіші жүз» әскерлерімен келген ұлын көріп Сары батыр Баянға қатты ренжіген деседі. Ақын нақты деректермен аңыздарды бұлжытпай қайталауды мақсат етпеген. Ақынның мүддесі батыр Баянның ұлы тұлғасын сомдау.

Бір оқушы оқиға желісін баяндайды
Оқушылар назар қойып тыңдайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет