Жаңа сабақ
15 минут
|
Жұмбақ :
Құлпырса, қадірлейді, аялайды.
Құраса сыпырғышқа жарамайды. - Бұл не? (гүлдер)
Гүлдер туралы тақпақтар.
Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар).
Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И.Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт).
Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айыралады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар.
|
1. Өз ойын ашық жеткізе білді
2. Толық мәлімет берді
3.Өмірден байланыстыра алды
|
Сабақты бекіту
18 минут
|
Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд
Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).
1.Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3.Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір-бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.
|
Өз ойын дәләлдеп берді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |