Жаңа сабақ
15 минут
|
Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар:
1. Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды.
2. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.
3. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.
4. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады.
5.Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.
|
1. Өз ойын ашық жеткізе білді
2. Толық мәлімет берді
3.Өмірден байланыстыра алды
|