Жаңа сабақ
8 минут
|
Бисер өнері қолөнердің бір түрі. Бисердің Отаны- ежелгі Египет. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тығыз байланысты. Әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын ашқан Финикия елі деген аңыз бар. Бисерден көптеген кез келген нәрсе жасауға болады. Мысалы: киім кешекті сәндеуге, әшекей бұйымдар, әмиян, сөмке, сыйлықтар, картиналар, тіпті аяқ киімді де әшекейлейді.Қазіргі кезде бисерлерді, негізінен, әшекей бұйымдар жасауда кеңінен қолданады. Соның ішінде алқа, білезік, моншақ, шашқа тағатын әшекей бұйымдар т.б.
Бисермен кестелеу және бисермен тоқымашылық екеуі екі түрлі орындалатын әдіс.
1) Бисермен кестелеу үшін жұмысты матаға орындайды. Ол үшін керекті құралдар негізінен бір түсті мата, кергіш, сурет, бисер инесі және жіп қажет.
2) Бисермен тоқымашылық жұмысын орындауда леска немесе сым қолданамыз.
Екеуінің айырмашылығы осында.
Бүгін біз сабақта шашқа тағатын әшекей жасаймыз. Ол үшін бізге ине-жіп, қайшы, қара мата, қара түсті резеңке және әр түрлі моншақтар.
Бисермен жұмыс кезінде сақталатын санитарлық – гигиеналық талаптар
1.Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болу керек.
2.Жұмыс үстелінің бетіне түкті мата жабылуы керек.
3.Сапасыз моншақтарды қолдануға болмайды.
4.бисермен жұмыс кезінде көз тез шаршайды сондықтан көзді демалдырып, жаттығулар жасап тұру қажет.
5. Жұмыс кезінде денені тік ұстау керек.
6.Көз бен бұйым арасы 30 см қашықтықта болу керек.
7.Күндіз терезеден жарық сол жақтан түсу керек, кешке үстелдік шамды қосу керек.
8. Бисерді тәрелкеге немесе жайпақ ыдысқа салып қойған дұрыс.
|