Көмірсутектердің термохимиялық езгерістердің механизмі.Мұнай фракцияларының термиялык өзгерістері күрделі химиялык процесс болып саналады. Жоғары температуралық процестің нәтижесі жөнінде түзілетін өнімдердің (газ, бензин, кокс) шығымы немесе топтық қосылыстар мен бензиннің компоненттік кұрамы арқылы айтуға болады.
Алкандардың ыдырауы. Алкандарды (пентаннан бастап) жоғары температурада ыдыратқанда С-С байланыстары үзіліп, нәтижесінде қысқа алкан мен алкен түзіледі:
Түзілген алкен ары қарай алкен мен алканға ыдырайды: төменгі молекулалық көмірсутектердіц - этан, пропан және бутандардыңдегидрленуі мүмкін:
СnH2n+2→CnH2n+H2
Нәтижесінде сутегі жинақталады. Алкандардың бөліну механизмі С-С және С-Н байланыстарының диссоциациясының түрлі энергиясында негізделген. С-С байланысының диссоциация энергиясы кем болады, сол себептен қалыпты алкандар деструкциясы, әдетінше, С-С байланысының үзілу салдарынан іске асады. Үзілу орны негізінен қысым жәие температураға байланысты болады. Температура неұрлым жоғары, ал қысымнеғұрлым төмен болса, молекуланың үзілу құбылысы жақындатылады. Осылайша, деструкция жүйесін басқаруға мүмкіндік туады:
Жалпы күйінде:
CnH2n+2→CmH2m+CpH2p+2,
мұндағы,m+p=n
3. Өз бетінше шығарылатын есептер
1. Құрамында көлем бойынша: 90% СН4; 4% С2Н6; 3% С3Н8; 2% С4Н10; 0,5% N2; 0,5% СО2 бар 500 л табиғи газды жағуға қанша көлем ауа (ауадағы оттектің көлемдік үлесі – 0,2 болса) жұмсалады?
2. Массасы 1 кг көмірді (құрамындағы көміртек мөлшері 92%) жаққанда түзілген көміртек (IV) оксидін әк суы арқылы өткізді. Түзілген тұнбаның массасы мен зат мөлшері қандай?
3. Массасы 5 кг антрацитті жаққанда, 8,96 м3 көмірқышқыл газы (қ.ж.) түзілді. Антрациттегі көміртектің массалық үлесін есептеңіздер.
4. Азот пен пропанның 4 л қоспасын жаққанда түзілген өнімдерді кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізгенде, 16 г карбонат және 25,9 г гидрокарбонат түзілді. Газ қоспасындағы пропанның көлемдік үлесін анықтаңыздар.
5. Көлемі 33,6 л (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңыздар.
6. Массасы 9 кг глюкозаны спирттік ашытқанда түзілетін этил спиртінің көлемін есептеңіздер. Этанолдың тығыздығы 0,789 г/мл.
7. Массасы 9,2 г оттекті органикалық затты жаққанда 17,2 г көмірқышқыл газы және 10,8 г су алынды. Бұл заттың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 23. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыздар.
8. Мөлшері 1 моль этиленгликольді натриймен әрекеттестіргенде қандай көлем (қ.ж.) сутек бөлінеді?
9. Массасы 15,5 г екіатомды спирт алу үшін қандай органикалық қосылысқа калий перманганатының ерітіндісін қосу керек және көмірсутектің массасын табыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |