Сабақ жоспары: Теориялық бөлім



бет3/15
Дата12.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#462455
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практ. ТОТОВ

§2. Молекулалық масса
Мұнай фракциясының молекулалық массасы мен қайнау температурасы арасында белгілі бір қарым-қатынас бар: неғұрлым молекулалық масса (мұнай фракциясының) үлкен болса, соғұрлым қайнау температурасы жоғары болады. Осы қатынасты ескере отырып Б.М.Воинов мұнай фракцияларының молекулалық массасын (М) анықтауға келесі формуланы ұсынды:
(7)
мұндағы t–фракцияның орта молекулалық қайнау температурасы, 0С; a,b және с–коэффициенттер.
Соның ішінде парафинді көмірсутектер үшін Б.М.Воинов формуласы ке­ле­сі­дей:
М=60+0,3t+0,001t2
немесе М=52,63-0,246Т+0,001Т2 (8)
Бұл формула жеке бензин фракциялары үшін қолданылады.
Сипаттамалық факторды формулаға енгізгеннен кейін (8) формуласы келесі түрде болады:
М=(7К-21,5)+(0,76-0,04К) tорт.мол+(0,0003К-0,00245)t2орт мол (9)
(8) формуламен 3500С температураға дейін қайнап болатын фрак­ция­лар­дың молекулалық массасын анықтауға болады (дәлдігі 2-3%).
Молекулалық масса аддитивті қасиет болып табылады. Орташа моле­ку­лалық массаны қоспаның әрбір компонентінің мольдік үлесі мен молекулалық массасын біле отырып анықтауға болады:
(10)
мұндағы -қоспадағы компоненттер мөлшері, мольдік үлестер; -қоспа ком­по­­нен­тінің молекулалық массасы.
Бірнеше мұнай фракцияларының орташа молекулалық массасын келесі формула бойынша анықтауға болады:
(11)
немесе (12)
мұндағы m1, m2, m3, ..., mn-қоспа компоненттерінің массасы, кг; М1, М2, ..., Мn- қоспа компоненттерінің молекулалық массасы; -компоненттің массалық %-ы.
Мұнай өнімінің молекулалық массасын сонымен қатар Крэг формуласы бо­й­ынша анықтауға болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет