Сабақ жоспары: Теориялық бөлім



бет5/15
Дата12.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#462455
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практ. ТОТОВ

Практикалық сабақ №3,4

Тақырыбы: Көмірсутекті шикізаттар өндірісінің теориялық негіздері және оны химиялық өңдеуге дайындау




Сабақ жоспары:

  1. Теориялық бөлімі

  2. Есептер мысалы

  3. Өз бетінше есептер шығару

Барлық көмірсутек газдарының шығу тегі бойынша екі үлкен топқа бөлуге болады: Біріншілік көмірсутек газдары – жер қойнауынан тікелей өндірілетін газдар. Жер қойнауында таралуы және құрамы бойынша олар табиғи және мұнайға серік газдар болып бөлінеді. Табиғи газдарға таза газ кен орындарының құрамындағы жеңіл газдары мен газконденсатты кен орындарының газдары жатады. Газконденсатты кен орындарының газдары жер бетіне аз мөлшерде, 200-3000C-қа дейін қайнайтын ауыр көмірсутектерді шығарады.Серік газдар – мұнай кен орындарында мұнаймен бірге өндірілетін газдар.


Екіншілік көмірсутек газдары – мұнайды өңдегенде табиғи мұнай көмірсутектерінің термокатолиздік түрленуі (деструкциялануы) есебінен түзілетін жеңіл көмірсутектер. Бұл газдардың құрамында, әдетте, метаннан пентанға дейінгі көмірсутектер болады, олар қаныққан немесе қанықпаған болуы мүмкін.
Екіншілік қаныққан көмірсутектер газдары – мұнайдың біріншілік дистилляциясы, мұнайда еріген серік газдың қалдықтарының десорбциялану нәтижесі ретінде және артық сутегі атмосферасында өтетін катализдік процестер, яғни гидрокрекит, гидротазалау, изомерлену, катализдік риформинг кезінде түзілетін құрамында тек қаныққан көмірсутектер бар газдар.
Ректификациялық колоннаның жұмысын анықтаушы негізгі параметрлеріне –
қысым; жоғары және төмен температуралары, шикізатты колоннаға берілу температурасы,
қайтару берілуінің қысқалығы. Газ фракциялаушы қондырғыларда салқындатқыш агент
ретінде су қолданады,қысқы t=16-20,жазғы t=24-300С болады. Жоғары өнімнің
температурасы конденсацияланады да 400С-та теңеседі, ауа салқындататын
қондырғылардың температурасы 10-120С.
Қайта беру (орошение) сыйымдылығында абсолютті қысым келесідей анықталады:
х1П1 2П2 3П3 + ... + хnПn=P
хіПі
мұндағы: х1, х2, х3 ... хn – компоненттердің молярлық концентрациясы
П1, П2, П3 ... Пn – компоненттің қаныққан будың абсолюттік қысымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет