Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім



бет11/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 
Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады? 
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ? 
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді? 
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады ? 
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды? 
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?


Ф. «Бір ғана тілек»
Топ өкілдерінің жауабына кері байланыс береді, тек жақсы тұстарын ғана атап өтеді.


ЖЖ/Т/Ж. Оқушылар топта өлең жолдарын өздеріне бөліп алады.
1. Оқушылар шығармадағы ақын ойын көркем тілмен жеткізген құбылту мен айшықтау (троп пен фигура) түрлерін тауып, дәптерге жазып алады.
2. Ақынның бұл көркемдегіш құралды не үшін қолданғанын зерттеп, мәнін түсіндіреді.
3. Өз ойын әсерлі жеткізу үшін метафора не өзге де ұқсастықтарды мейлінше мол қолданады.
Оқушылар өлең жолдарында кездесетін төмендегідей көркем сөз қолданыстарына назар аударады:
Әсірелеу, романтиканың астаса келуі;
Қайталау, қаратпа сөздер;
Метафоралардың молдығы;
Өлеңдегі ащы шындық, өкініш, сүйініш, болашаққа сенім, үміт, сес көрсету, асыра мадақтау, әсірелеулер.
Орындаған жұмыстарын алдымен жұпта, соңынан топта талдайды.
Топ өз ішінде талқылаудан өткен жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Өзге топтар автор стиліне баға береді.
Өзара бағалау.
Теңеу – заттың құбылыстың қасиетін, сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыра сипаттау.
Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз.
Метафора – затты немесе құбылысты екінші ұқсас нәрсемен ауыстыру, балау, салыстыра суреттеу.
Эпифора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану.

https://www.google.kz/search?q=махамбет+баймағамбет+сұлтанға+айтқаны&rlz=1C1GCEA



Сабақтың соңы
5 минут



Кері байланыс: «Бүгінгі менің ...»





Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы кемшіліктерім

Оның себептері













Үй тапсырмасы:



А4 парағы

Қосымша ақпарат






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет