ЖЖ. «Кейіпкерді зерттеу»
Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін анықтайды, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.
1. Ақынның кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
2. Кейіпкер мінездерін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
4. Кейіпкерлердің қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
5. Кейіпкерлер бойындағы ұнамды/ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.
Ж/ЖЖ. «Сегіз қырлы ой» тәсілі кейіпкерлердің әртүрлі көңіл күйі, табиғатқа көзқарасы, әрекеті, дыбыстар мен көзқарасын анықтай отырып, өлең табиғатын тануға
(Гарднер бойынша көп қырлы зияттың 8 жолы)
Сан
|
«Екі тарлан бөрі», «бір қазақпен тең» сандары арқылы ақын нені айтқысы келді?
|
Сөз
|
Өзіңізге ерекше әсер еткен сөздерді белгілеп, себебін түсіндіріңіз.
|
Адамдар
|
Өлеңде заттанған сын есімдер қандай маңызға ие?
|
Көңіл күй
|
Ақын бойында қандай сезімдер басым, себебін түсіндіріңіз.
|
Табиғат
|
Ақынның «Еділдің бойы ен тоғайға ел қондыру», «жағалай жатқан сол елге мал толтыру» арманының Асан Қайғының Жерұйықты іздеуімен байланысы бар ма?
|
Әрекет
|
Өз ойын жеткізуде етістіктерді көп қолдануының мәнісі неде?
|
Дыбыстар
|
Өлеңді тыңдағанда құлаққа сол заманнан қандай дыбыстар келеді?
|
Көзқарас
|
Лирикалық кейіпкер, қосалқы кейіпкерлер туралы өз ойыңызды білдіріңіз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |