Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім


Т/Ж2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы



бет24/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

Т/Ж2.
Әдеби шығарманың тұжырымдамасы



Сабақтың мақсаттары

9.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

Бағалау критерийлері

Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісі, шығарманың жаңашылдығы, зерттеу
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: ұрпақтар сабақтастығының көрінісі байқалады, заманауи тұрғыда салыстырар болсақ, жырдың жаңашылдығын байқай аламыз, т.б.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, мәтін стилін анықтаған болатын

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 мин

1.Ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. (Психологиялық тренинг)
«Оқиғаны жалғастыр» тренингі
Оқиғасын бастап айтқан оқушының ойын келесі оқушы жалғастырады
Топқа бөлу.
1-топ. «Алғырлар» тобы
2-топ. «Тапқырлар» тобы
Cабақтың тақырыбымен,оқу мақсаттарымен,бағалау критерийлерімен таныстыру






Сабақтың ортасы
30 минут



803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында Нарын құмында дүниеге келген адуынды ақын, жалынды жауынгер Махамбет Өтемісұлының көпшілік өлеңдерінің басты қаһарманы – Исатай Тайманов. Махамбет ақын Исатай бастаған көтеріліс жайында, әсіресе Исатай батырдың бейнесін, тұлғалық ерекшелігін басым жырлаған. Махамбет толғауларында Исатайды атап өтпейтін бірде-бір өлең кездеспейді. Мәселен: «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Исатай деген ағам бар», «Бағаналы терек» т.б. өлеңдерін атауға болады. Солардың ішінде «Мұнар күн» және «Бағаналы терек» өлеңдеріне тоқталып өтсек. Деректерге сүйенсек, Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі 1838 жылдың 12 шілдесіндегі Исатай өлімінен соң шығарылса керек. Бұл сөзімізге өлеңдегі «Біздің ер Исатай өлген күн, Он сан байтақ бүлген күн.» – деген жолдар айғақ. Өлең сөздерінің көбі метафораға құрылған. Өлеңде әр жол сайын қайталанып отырған «күн» сөзі – ауыр заман, қиын уақыт деген мағынада қолданылып тұр. Ақын өлең арқылы Исатай батырдың өлімін, халықтың жеңіліс тапқанын үлкен өкініш білдіре шебер жеткізе білген. Ал толғаудың соңында ел билеушілердің қанауынан туған нәтижені, халық басына төнген боранды күндер арқылы суреттейді. Бұл жерде де Махамбет: «Оң қанатын теріс жайып, Лашын қуға төнген күн. Желпілдеген ала ту Жиырылып ойға түскен күн.» дей отырып метафора құралдарын шебер қолдана бейнелейді. Махамбет Өтемісұлының «Бағаналы терек жарылса» өлеңі көбіне Исатай батырдың ізбасар мұрагерлеріне арналған. Яғни, Исатай батырдың ерлігін үлгі етіп, болашақ ізбасарларына үлкен үмітпен қараған ақынның жан сыры десе де болады. Өлең: «Бағаналы терек жарылса, Бақыраш жамап болар ма?!» – деген жолдармен басталады.Яғни, ақын сынған нәрсе қайта қалпына келмейді, елге жаңа ерлер керек деген ойын білдіріп отыр. Өлеңнің соңын: «Қарадан бір – ақ тусайшы, Халықтың қамын қусайшы, Артымыздан біздердің Ақырып теңдік сұрарға» – деп болашақ ұрпаққа аманатын айтып аяқтайды.
Сөздікпен жұмыс
«Бағаналы терек» өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқытып, түсініксіз сөздерді теріп аламыз.
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Туырлықсыз тұл үйге
Ту байласа тұрар ма?!
Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?!
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші,
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға.
Қаптама – суықта киетін тысталған қалың киім.
Туырлық – киіз үйдің түңлігі мен үзгінің арасын қосатын, уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабатын киіз.
Бақыраш – қаңылтыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет