Сабаќ жоспары


Лепті сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады



бет20/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Лепті сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:

    1. Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады.

Мысалы: Ол жетіп келмесі бар ма! Даусы мұнша зор болар ма!

  1. Сөйлемде ақ, ау, ғой, ай шылауларының қатысымен жасалады.

Мысалы: Аты ат-ақ екен! Үйіңе бара ғой! Абайжан-ау, қайдағыны айтқыздың-ау! (М.Ә.)

  1. Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы:

Па, шіркіннің сөзі! Уһ, шаршап қалыппын ғой!

  1. Көтеріңкі дауыс ырғағы (интонация) арқылы жасалады. Мысалы: Жау жойылды! Жау жойылды! Лепті сөйлемді айтқанда, дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады.

С ызбасы: .
!

Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Кейбір сөйлемдер әрі лепті, әрі сұраулы болып айтылады. Мұндай сөйлемнің соңына әрі сұрақ, әрі леп белгісі қатар қойылады. Мысалы: Жанып тұрған от! Болайын деп тұр! Жібермесем сағы сынады-ау! Тәуекел, жіберсем бе екен?!


ІV .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
24-жаттығу
1. Мәтіндегі сұраулы және лепті сөйлемдерді ажыратып, жасалу жолдарын айтыңдар.
2. Сұраулы және лепті сөйлемдер қандай сезім толғаныстарын білдіріп тұр? Сұраулы сөйлемдер жауап беруді тілей ме? Қатар қойылған көп нүктеге назар аударыңдар.
3. Ақбілектің сөйлесуі диалогке жата ма, монологке жата ма? Неге? Түсіндіріңдер?
4. Ақбілекке психологиялық мінездеме беріп көріңдер.
- Мынау - өзен. Өзен бойындағы ел қайда? Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді?! Жиегінде жол жатыр ғой!.. Ойбай-ау, жақын жердегі ел шаттағы орыстардан басып кеткен екен ғой! Мал-жанын да билік қылды ма?.. Талай қызы мен сияқты соры қайнады ғой!.. Бірақ тап мендей болғаны жоқ шығар. Қостарына әкелген әйелдер көрінбеді ғой. Әлде өлтіріп тастап жүрді ме? Орыс шіркін адамды аямайды екен-ау! Құрғырдың атын атамайыншы, тағы келіп қалар!
Олар неғып қайтпайды? Әлде бірдеңеге ұшырады ма? Олар кіммен соғысып жүр екен? Әлде төңіректегі қазақтармен. Қой, қазақ бұлармен не ғып соғыса алсын?! Не қауқары бар?! Әлде қазақ біткенді қырып тастап, малдарын, қыз-келіншектерін тартып алғалы жүр ме?! Онда бәрі бірдей неге кетті? Бес-алтауы барса да, мылтықтарымен тайпа елді жусатпай ма?! Өздері қорыққан кісіше, асығып-үсігіп, алды-артына қарамады ғой. Әлде, бір күшті жауы келіп қалды ма? Олардың жауы кім? Ойбай-ау! Әлгі әкемдер «ақтар, қызылдар» деп отырушы еді! Сонысы ма, әлде?! Қызыл да орыс па екен?! Олар да қыз алып қаша ма екен?! Орыс болса... Қара мұрттай-ақ болар. О да мені «өлтіріп кетем» деді ғой. Апырым-ай, , апырым-ай! Жасаған-ай! Енді қайтейін!.. – деп, тамсанып-тамсанып қойды.
(Ж.Аймауытов.)

26-жаттығу


Мәнерлеп оқығаннан кейін хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріңдер.



  • Сен әнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанамын. Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!.. –деді.

  • Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! – деді.

  • Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт. Өнерлі боп, сол өнерін ұстай біліп қадірлі болады. «Өнерпаз болсаң, өр бол» деген, Біржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшілік емес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң, ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадірлі болмасқа тиісті деп, Абай өз қасында отырған Әйгерім мен інісі Әмірге қарап, бір түйін тастағандай болды.

  • Осының бәрі рас, Абай! Жігіт қадірі өнерімен өлшенсін!-деді, әдейі ойнақыланып, серпе сөйлеп. – Пәлей! Мақұл-ақ. Ал, ендеше, мен нені айттым? Менің айтқаным да, істегенім де, түгел. Тобықты бәріңе танытам дегенім де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау?! Кедейшілігіме қарама, кісілігіме қара демеп пе ем?! Өй, тәйір-ай, іші терең жігіт десем, сен де осындай үстірт пе ең, Абай?! Саған осыны ұғындыру үшін сонау Көкшетаудан, исі Арқадан тек Біржан ғана келу керек пе еді?!-деп, назбене, ойын пішінмен сақ-сақ күлді...

(М.Әуезов.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет