IV. Үйге тапсырма беру: V. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VI. Сабақтың аяқталуы.
Сабақ жоспары 1.Пән аты: Қазақ тілі 2.Сыныбы: 8 3.Күні, айы, жылы: 4.Тоқсан: ІІІ 5.Мұғалім:Омарбекова Мерейлим Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:оқушыларға сөйлемнің құрылысы туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту. 2.Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған дидактикалық материалдар арқылы адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу. 3.Дамытушылық:оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту. Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер. Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау