Ұқсастықтары
|
Айырмашылықтары
|
1.Табиғат мезгілі – күзді суреттеуге құрылған.
2.Күз табиғаты жеке суреттелмей халық тіршілігі қоса берілетін: Абай: Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Т.Жароков: Беттері қызыл алмадай, балалары ойнаған
|
Абай суреттеуіндегі күз – қоңыр күз: аспандағы сұр бұлт, жерді басқан дымқыл тұман, жапырағы түскен ағаш.
Т.Жароков суреттеудегі күз – алтын күз: албырап піскен алма, сарғылт тартқан жапырақ, көктегі сұрша бұлт, алтындай егін алқабы.
|
Келесі шығармашылық жұмыс – аталған шығармалар бойынша сурет салғызу. Бұл жерде ұстаздың іс- әрекеті оқушыны бір сәт ойландырып, қиял дүниесіне бет бұруға, осы шығармалар арқылы оқушының қиялында туған бейнені сөзбен жеткізуін басқаруға бағытталады. Оқушы сөзбен мүсіндеген бейнені тіпті сала алмауы мүмкін, дегенмен қандай сурет салатынын тілмен жеткізеді ғой. Баланың өзі үшін тапқан жаңалығы, табысы міндетті түрде бағаланып, мақталуы тиіс.
Оқушыларды шығармашылық процеске үзбей қатыстырудың негізгі жолы – шығарма жаздыру. Абайдың “Жазғытұры” өлеңі бойынша жазба жұмысын ұйымдастырмас бұрын шығарманың оқушы сезіміне әсер ету жағы көбірек ескеріледі. Ол үшін өлеңді мәнерлеп оқуды ең алдымен әдемі ашық үнмен көктемгі табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілік сезіммен бастаймыз.
“Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі” – деп осындай әсем көрініске оқушылардың назарын аудару сезімін тебірентерліктей әсер ету үшін:
“Жан – жануар адамзат анталасы,
Ата – анадай елжірер күннің көзі” – деп дауысты құбылта оқып (тақтадағы көктемнің сұлу көрінісі бейнеленген плакатқа оқушының назарын аудара) дауыс интонациясы арқылы оқушының көз алдына сұлу көктемді елестетуге тырысамыз.Сондай – ақ ,
“Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып бұрандап ағады су” – деген үзіндіге
“түйе боздап” деген сөзден кейін сәл кідіріңкіреп, “қой қоздап” тіркесінен кейін де сәл үзіліс жасап, дауысты көтере “қорада шу” дейміз. Енді дауысты сәл бәсеңдетіп “көбелек пен құстар да сайда ду-ду ” деп бөгеліп, ойланған сезіммен “гүл мен ағаш майысып қарағанда” өзіне тән нәзік сезіммен қараған гүл мен ағаштың назарын аударғандай су да сыбдыр қағып бұрандай аққаны ерекше нәзік еркелеген сезімге толы дауыста оқимыз.
Осындай жұмыстардан кейін мәтіндегі ақын қолданған көркем сөздерді тірек сөздер ретінде алып, шығарма жазу тапсырылады. Жалпы, Абайдың табиғат мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі шығарма жазуға тірек болатын көркем сөздерді төмендегі сызбадан көруге болады:
“Жазғытұры”
өлеңі бойынша
|
“Жаз” өлеңі
бойынша
|
“Күз”өлеңі бойынша
|
“Қыс” өлеңі
бойынша
|
Масатыдай құлпырған жер, күннің көзі, түйе боздап, қой боздап.
|
Көкорай шалғын, күркіреп жатқан өзен, көшкен ауыл, шалғыннан жоны қылтылдаған жылқы.
|
Сұр бұлт,
дымқыл тұман,
жапырағынан
айырылған ағаш.
|
Ақ қырау, қар
жауып, долданған боран,
беті-қолы домбыққан балалар.
|
Шығарма жазуға оқушылар бірте-бірте жаттығады. Ол үшін алдымен осы тірек сөздерді пайдаланып жауап бере алатындай сұрақтар дайындалады.
Қорыта келе айтарымыз: бастауыш сынып оқушысы Абай әлеміне әкелу, ақынның кестелі шығармаларынан сусындату оңай емес. Дегенмен бала жүрегіне жол табу – мұғалімнің парызы.
Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Блұ болса, кәсіби шеберлікпен ұйымдастырылатын мектептің тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептің сыныптан тыс тәрбие жүйесі сол мектептің өзіндік ерекшелігі негізінде жасалған тәрбие тұжырымдамасы бойынша айқындалады.
Жеке тұлғаның қалыптастып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |