Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Елжашева Айымгуль Бекболатовна №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



бет3/5
Дата24.01.2024
өлшемі43.85 Kb.
#489605
түріСабақ
1   2   3   4   5
1-сабақ М.Дулатов Бақытсыз Жамал романы Елжашева

3- тапсырма .Шығарма эпилогі екенін дәлелдеп жазыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Шығарма кейіпкері Жамалдың тағдырының соңы немен бітті?

  • Жамал өз басының теңдігі үшін кұресе алды ма, оқырманына нендей ой салып кетті?


Шығармадан үзінді

Сіздің пікіріңіз

«Бұл кім екен, неқылған адам екен», - деп тани алмайтұрғанда, біреуі: «Мұның қалтасында не бар екен» деп шапанының қалтасына қол салғанда, қарындашпен жазылған бір қағаз шықты. Оқып кѳрсе бұл Байжанның келіні Жамал екен, бұл қағазға Ғалиды жоқтап һәм басына келген зарын жазған екен. Елден кісі келіп,Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне бауыры суық қара жерге тапсырды. Манағы Жамалдың қалтасынан шыққан қағазды жолаушылар ѳздері оқып һәм солай деп мәнісін айтып, елдеріне таратқан еді.




Дескриптор:

  • Эпилогтің теориялық анықтамасын біледі;

  • Көркем шығармадан эпилогті тауып ажыратады;

  • Өзіндік сыни көзқарасын білдіреді.

Ықтимал жауап

Шығармадан үзінді

Сіздің пікіріңіз

«Бұл кім екен, неқылған адам екен», - деп тани алмайтұрғанда, біреуі: «Мұның қалтасында не бар екен» деп шапанының қалтасына қол салғанда, қарындашпен жазылған бір қағаз шықты. Оқып кѳрсе бұл Байжанның келіні Жамал екен, бұл қағазға Ғалиды жоқтап һәм басына келген зарын жазған екен. Елден кісі келіп,Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне бауыры суық қара жерге тапсырды. Манағы Жамалдың қалтасынан шыққан қағазды жолаушылар ѳздері оқып һәм солай деп мәнісін айтып, елдеріне таратқан еді.

«Бақытсыз Жамал» романының соңы Жамалдың боранды түнде, далада үсіп өлуімен аяқталды. Трагедиямен. Жамал сияқты қаншама қыздардың тағдыры осы трагедиямен аяқталған шығар деп ойлаймын. Жарық күнді аңсаған Жамалдың үмітін даланың суық аязды бораны өзімен бірге ұшырып әкеткендей. Романның аты айтып тұрғандай «бақытсыз» жандардың құрбаны болған надан саяси өмірдің құрбандары болған жандар қаншама?
Жамал - өз махаббаты үшін күресе білген жан. Ғали екеуінің пәк сезімін сақтай біліп, оны өзімен бірге әкете барды.
Ол - жаңа заманның өмірін, бостандықты аңсаған адам. Оның білімге деген құлшынысы, зеректігі соған дәлел.
Автор Жамалдың бейнесі арқылы болашақта қыз баланың құқығы қорғалып, ер азаматпен тең дәрежеде тұра алатын қыздардың образын ашқысы келді деп санаймын.



4-тапсырма. «Дұрыс / бұрыс» әдісі арқылы кестедегі дұрыс немесе бұрыс жауапты анықтауыңыз керек. Үзіндіден пролог пен эпилогті анықтап белгілеуіңіз керек.

Берілген үзінділерден эпилог пен прологті анықтаңыз

Дұрыс

Бұрыс

Бір күні түс кезінде кѳлдің жел жағынан шаңдатып шауып келе жатқан бір орыс, бір қазақ кѳрінді. Балалар қашып үйге тығылып, үлкендер бұл екеуі қайда тоқтар екен деп тұрғанда, барды да Бекжан деген ауылнайдың үйіне түсті.







Мир-Якуб - тѳмендердің аласасы, Сѳзімнің бар ма, жоқ па тамашасы. Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас, Қазақша бір роман жаза салшы.







Хан қызындай басымды
Бір жаманға тең еттің,
Ботасыз нардай боздатып,
Мінекей, мені еңіреттің,
Қаһарыңды жіберіп,
Тең құрбымнан кем еттің,
Мұндай зарлы, Ғали жоқ,
ісіне кѳндім құдіреттің!









- Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? - деп, ақырғы тіршілігінің минуты осы болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылды...







Дескриптор:



  • Көркем шығарманы оқиды.

  • Балалар «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы кітабынан, қосымша ақпарат көздерінен «Бақытсыз Жамал» романындағы эпилог пен прологті анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет