Сабақ жоспарлары мен кластан тыс шараларының үлгілері (бастауыш класқа арналған) Құрастырған: Аманова Шолпан



бет3/3
Дата20.06.2016
өлшемі447.18 Kb.
#149113
түріСабақ
1   2   3

Әмина:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

6 Бану :Дұрыс айтасың Әмина, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Балнұр: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Ән:Ұстазым Жанар мен Бану

Ғазиза: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.



Хор: Бастауышпен қоштасу

Бану:Өзімізге білім берген ұстаздарымызға арнауды қабыл алыңыздар.

Д.Жанар:Бізді білім нәрімен сусындатқан Шолпан апайға өзімнің жүрекжарды өлеңімді арнаймын.

Дүниетану пәнінен білім берген Төлеу Майра Самалқызына:

Селт етпейтін нық тұлғаң шындық мәнін ұқтырған.

Түлектерге біздердей жол сілтеңіз қашанда қалпыңызда тік тұрған

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нұрмахан Ләззат Қайырханқызына

Ләззат апай жайдарлы


Ақылмен кеңес береді.
Ұстаздардың ұстазы
Әлі де көп бізге берері

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Құрмашев Жасұлан Қуанышбайұлына:

Денеңді шынықтырып жүгіртеді, Әртүрлі жаттығуды үйретеді

Жасұлан ағай сізге рахмет айтамыз Бізден тілек шәкірттің ақ тілегі.

Ғазиза Музыка пәнінің мұғалімі Абдуллин Жасұлан Сәрсенғалиұлына:

Бала-үйдің базары ән-көңілдің ажары.

Ән үйреткен біздерге Жасұлан ағай музыканың маманы.

Оралхан:Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі Жұбаева Ардақ апайға:

Әріптерді жаттадым

Ардақ апай үйреткен

Рахмет сізге айтамын

Шәкірттік пәк жүректен.

Хормен: Білім берген біздерге

Рахмет ұстаз сіздерге



Келесі тыңдайтын ән ұстаздарға арналады.
«Ұстазым» Аслан, Нұржігіт

Қыздар тобының орындауында «Қолтырауын Генаның әніне шығарылған биін тамашалаңыздар.



Аслан: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.



Әмина: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

  1. Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.



Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!



Ән: «Мектебім» Ғазиза мен Жанар

Слайд аналар Жүргізуші: Менің анам алтын

Ж.Жанар: Менің де анам алтын

Әмина: Аналарды құрметтеп

Қол соғыңдар жалпың

Барша аналарға арнап «Мама» әнімен Нұржігітті ортаға шақырамыз

Бану: - Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Олай болса, Аслан мен Нұржігіттің орындауында «Жан анам» әнін қабыл алыңыздар.

Класымыздың «Көз тимесін » квн командасын қошеметпен ортаға шақырайық.

«Бір теңге»

«Бәрі свежий»

«Қу жігіт»



Д.:Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.



« Ана, Әке» Әмина

«Бетпе-бет кездесу келген өзінен көрсін»

«Құлап түссем не болады?»

«Өнерлі тотықұс»

«75 пайыз»

Нұржігіт:Әкешім, тілеуіңді тілеп жүрген

Аумайсың жарығы мол ашық күннен

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін

Ақылды балаларың оны білген.



«Әкешім-анашым» әнін Асланның орындауында қабыл алыңыздар

«Ауылдың жігіті»

«Әскерде»

«телефон қоңырауы»



8 Жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз


«Жан анам» Аслан, Нұржігіт

Хор: Кластастар, құрдастар

Хормен: Қош бол, балғын шақ

Қош бол бастауыш сынып.



Мұғалімнің сөзі:Құрметті ата-аналар! Міне, балаларыңыздың ең алғашқы қолға ұстағалы тұрған естеліктерін салтанатты түрде тапсыру үшін мектеп директоры Ерік Әбдірашұлын ортаға шақырамыз. Осы сәтті пайдалана отырып, өзімнің ата-аналарға әзірлеген алғыс хатымды да тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Қымбатты шәкірттерім бүгінгі әзірленген тамаша кештеріңізге көп - көп рахмет. Болашақтың барысы, келешектің қожасы – сіздерсіздер және мына өлең жолдарын шәкірттеріме арнаймын!

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен- ду қол шапалақ.

Сендер алдағы уақытта да үлгілі тәртіптеріңмен, жақсы білімдеріңмен көріне беріңдер. Жаңа оқу жылына жаңа жігермен, ұшқыр оймен марқайып келулеріңе тілектеспін.


Келесі сөз кезегін 4-кластың ата-аналар кеңесінің төрайымы ..... береміз.
Тақырыбы: Өнегелі отбасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», «Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес», Ата-асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ», «Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар» карточкалар, мультимедиялық проектор

Түрі: танымдық сайыс, пікір талас

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнегелі отбасы » тақырыбындағы сайысымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.

Отбасы дегеніміз не? Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын



Айсұлу ханым қыздары Ғазиза және Жанармен ортаға шақырамыз, Лаура ханым баласы Асланмен, Ләззат ханым қызы Әминамен, Ардақ ханым қызы Балнұрмен, Гүлжайнар ханым ұлы Нұржігітпен, Халида ханым қызы Банумен, Айнұр ханым қызы Жанармен ортаға шақырамыз. Керемет. Сіздер сүйікті ұлдарыңызбен және қыздарыңызбен біздің ортамыздасыздар. Қазір «Есімдер галлереясын» өткіземіз ол үшін шеңберге тұрып әркім өзінің атын жарнамалайды. Тамаша, қол соғып қояйықшы.

Ата-ана, оқушыларды жұптап орналастыру

Сайыстың әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

І- ІІ-


ІІІ-

Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары.

2Қол соғып қошеметтеп отырайық

Аналар бүгін міне сайысады

Сайысқа қош келдіңіздер!

Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.
І бөлім Сөз анасы-сәлем Таныстыру.

Әрбір қатысушы өздерін нақты, түсінікті етіп таныстыруы тиіс..

Қазылар алқасынан бағаларын сұраймыз.

ІІ бөлім. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағлым алмаған ұл жаман» Мұнда аналардың балаға еңбектің түрлерін үйрете отырып, түсіндірілуі, шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз.

Қазылардан баға



ІІІ бөлім. Тіл өнері деп аталады. Мұнда аналарымызға жеке-жеке мақалдар беріледі, сол мақалдың жалғасын тауып, мағынасын ашып беруі керек. Осы мақалдың мағынасын балаға қалай түсіндіресіз?

  1. Жақсы адам ...............белгілі. (жолдасынан)

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

Қарты бар үйдің ............ бар. (қазынасы)

  1. Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  2. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  3. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  4. Жақсы адам -.............ырысы, Жақсы сөз- .........тынысы. (елдің,жанның)

  5. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( атыңа ауыр жүк артпа)

  6. ....... – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

Қазылардан бағасын байқап көрейік.

ІҮ бөлім. Өнерлі отбасы. Мұнда әрбір отбасының өнерге деген бейімділігін анықтаймыз.

Шығарма-эссе «Менің отбасым», «Менің анам» оқушылардың шығармаларын тыңдау.

Келесі V бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

Ата-анаға:



  1. Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

  2. Қызыңыз кешкі астың дастарханын жинап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

  3. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?

  4. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

  5. Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

  6. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көзқарасыңыз қандай? Әлде өзіңіз осы пікірге қосыласыз ба?

  7. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұрап тұрса, Сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Оқушыға:

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?

  3. Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді. сен не істейсің?

  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  5. Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

  6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көзқарасың қандай?

  7. Сен бақ ішінде келе жатыр едің, ағаш бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрдің. Сенің әрекетің қандай?

  8. Жаз айында сен достарыңмен ауыл сыртындағы бұлаққа келдің. Бұлақтың көзі қалдық шөптермен, қоқыстармен бітеліп қалған. Сен не істейсің?


Келесі VІ бөліміміз Ас мәзірі. Бұл кезеңде аналарымыздың балаларына астың қай түрін, қалай үйрететінін байқаймыз.

Осы кезеңнің бағасына назар аударайық

Әділ қазылар әділ бағасын айтқанша флэш-тренингке назар салайық.

Флэш-тренинг «Бәрі сенің қолыңда».

Баланы тәрбиелеу, әрине өз қолымызда.

Қорытындылау: Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Марапаттау кезеңі. Слайд Ата-анаға естелік..

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе, қатысқан аналарға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін.Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін! Уақыт бөліп, қатысқандарыңызға рахмет.

Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Оқушыларды жаңа б дыбысымен таныстыра отырып, тілін дамыту,

өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру. Дыбыстау кезіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буыннан сөз , сөзден сөйлем құрауға дағдыландыру.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Сабақтың барысы:

I.Алғашқы ұйымдастыру



ІІ. Психологиялық дайындық

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену

Еңбектену арқылы білімге қол жеткізу.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) «Е» дыбысын қайталату мақсатында «е» дыбысы кездесетін адам аттарын айтқызу. Ерік, елемес, Әселім, Еркебұлан, Көркем, Сержан Елемес, Берік

Үй тапсырмасын сұрау. «Асқар» мәтінін оқыту

Ойын: Буыным қайда?

Ой қозғау.

Шеп-шеп, шөжелерім

Сары алтындай балапаным

Тез жетіңдер, жем берейін,

Дәнге толы алақаным

-Өлең не туралы?



-Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Балапан сөзін буынға бөліңдер, неше буын бар? Ба-ла-пан

-Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Айтып көрейік, б б б



Жаңа сабақ –Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Б дыбысы мен әрпі.

Оқулықтағы берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру, сөздік жұмысын жүргізу.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Бақа ол суда тіршілік етеді

Балық- өзендерде тіршілік етеді.

Бота түйенің баласы

Болат-берік, қатты деген сөз,

бөрік-бас киім

көрік-келбет, яғни адамның әдемілігіне қатысты айтылады.

Дәптермен жұмыс. Б дыбысының баспа және жазба түрімен таныстырып, б дыбысының бас және кіші әрпінің салу ережесін түсіндіру.

Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламамымызды қоямыз. Төмен қарай сәл көлбеу сызықты астыңғы сызыққа жетпей жоғары қарай жарты доға жасай отырып иеміз. Енді сәл имегі бар түзу сызықтан тұратын қалпағын кигіземіз. Кіші әрпін салу үшін жазу жолының ортасынан сәл жоғары қаламымызды қойып, оңнан солға қарай иіп, үлкен жолдың ортасына дейін созып оңға қарай сәл сызамыз.



Мазмұнды суретпен жұмыс.

-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Олар қай жерде жүр?

-Қолдарында не бар?

-Қандай тақырып қоюға болады?

« Көл жағасында»



Мәтінмен жұмыс. Интербелсенді тақтадан мәтінді оқу.

–Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көкөністер мен жемістер қай мезгілде піседі?

-Ендеше, күз болды, бақта өсіп тұрған алмаларымызды жинап алмасақ не істейді? Үсіп кетеді, слндықтан үсіп кетпей тұрғанда жинап алайық.



«Алма жинау» ойыны.

-Қане, кім еңбекқор екен, ол үшін әрбір алманың артында сөздер бар, соны оқыған бала алманы мына себетке салады. (көрік, қағаз, шелек, тарақ)

Суретпен жұмыс. «Бақшада» тақырыбына сөйлем құраймыз.

Қорытындылау. –Сонымен, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Б дыбысы қандай дыбыс?

-Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Мадақтау. Қызыл гүл, сары гүл, көкөністер.

Пәні :Ана тілі

Тақырыбы: Қазақстан байрағы. Буын.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту, өлеңді дұрыс, саналы, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды сөзді буынға бөліп айтуға жаттықтыру, сөздегі дауысты дыбысқа қарай буынды ажырату және буындардан сөз құрай білу қабілеттері мен тіл байлықтарын жетілдіру.

Түрі: ойын сабақ

Типі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: слайд, сызбалар, үлестірме парақтар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

-Арайлап таң атып келеді. Не дейміз?

-Қайырлы таң дейміз

-Күлімдеп күн шығып келеді. Не дейміз?

-Қайырлы күн дейміз.

-Күнге қарап қандай тілек айтамыз?

-Күніміз сәтті, көңілді болса екен дейміз.

-Ендеше, балалар, «Көңілді күн» әнін үнтаспадан тыңдап көңілімізді көтерейік.

ІІ. Үй тапсырмасын «Бәйге» ойынын ойнау арқылы тексеру.


  1. «Отан» өлеңін жатқа айт.

  2. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?

  3. Ақын Отанды кімдерге және нелерге теңеген?

  4. Дыбыстар үйшігінде қандай дыбыстар тұрыпты?

  5. Біздің Отанымызды танытатын қандай белгілерді білесің?

Мұғалім: Бәрі болған қазақ деген көне елде

Ел белгісі де, ерлік, өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, ту болмады дегенге?!

Тудың қабылданған күні-1992 жыл 4-маусым. Ресми түрде тұсауы кесілген күн 1992 жыл, 6 маусым, Алматы қаласы, Авторы: Ш.Ниязбеков

ІІІ.Ой қозғау.

-Балалар, біздің туымыздың түсі қандай?

-Туда нелер бейнеленген?

Туды біздің халқымыз қалай атайды?

-Ендеше балалар, біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы Қазақстан байрағы.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді тізбектеп оқыту, мазмұны бойынша түсінгендерін сұрау. Әрі қарай өлеңді көрнекілік бойынша саналарына жеткізе жатқа айтып, мазмұнын түсіндіру.

Автор туралы мағлұмат беру.

Ақын

прямая со стрелкой 6


блок-схема: альтернативный процесс 2
1прямая со стрелкой 3прямая со стрелкой 7923 ж туған Павлодар облысы

Шарбақты ауданы



прямая со стрелкой 5Маралды ауылы

Жазушы
Өлең соңындағы сұрақтарға жауап бергізу.



Аспан, қыран, бүркіт сөздерін созып айту арқылы бөліктерге бөл.

-Созылып айтылып тұрған қай дыбыстар?

-Дауысты дыбыстар.

-Сөз неге бөлінеді?

-Буынға бөлінеді.

-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысал келтіру.



Суретпен жұмыс. Суретте бейнеленгендердің атын буынға бөліп жаз.

74-жаттығу. Бағанның сол жағына нелер жазылған? Оң жағында ше?


Жалауша, ұстады бай бүр қы

көк бала кіт рақ ран


Сөздерден сөйлем құрап жазу. Буындардан сөз құрап жазу.

Сергіту сәті.

Ойын: «Сөзбе-сөз», «Ұйқасын тап»

Өзінше ноян, Бата алмас түлкі

Қорқақ не?.....(қоян) Үсті тікен не? (Кірпі)

Бәрі бірдей жұмысқа

Шығатын не? ..... (құмырсқа)

Ойын: «Буыным қайда?»

Товал 10оппен жұмыс.

Іовал 11-топ.



овал 9

овал 12овал 13овал 14овал 15овал 16

ІІ-топ.



овал 20овал 23овал 24овал 25овал 26овал 27овал 28

Ойын: Кел, ойланайық, балақай!


Туымыз көкте ...................

Еш жамандық ..................

Тыныш болып ................

Бейбіт өмір ...................

Керекті сөздер: болмасын, еліміз, самғасын, орнасын.

Сабақты қорытындылау. Ту бейнесімен берілген сөздерді буынға бөліп оқу.

-Сөз неден құралады?

-Буынға бөлінбейтін сөздер бар ма? Мысал келтір.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. 75-жаттығу.



Пәні: Математика

Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 6 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын арттыру, ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Оқушыларды мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға, әдептілікке тәрбиелеу.



Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өзіндік және ұжымдық жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: Слайд, диск, сандар қатары, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейміз ешқашан

Талап, жігер бойымда

Білім алу ойымда.

Қызығушылықты ояту. Үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдатып, қосылып айтқызу.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар.

-Бүгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісінде болмақ.

-Ендеше, кім осы ертегіні баяндап береді?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Мақта қыздың тапсырмасы.

Оқулықтағы №4 тапсырманың орындалуын тексер! Бұл тапсырманы оқушылар үйден орындап келген еді, ендеше мақта қыздың айтуы бойынша есепті оқып тексерейік.

2.Сиырдың тапсырмасы. «Өткенге көз жүгіртпей, жаңаға ұмтылма!»

-Ендеше, сиырдың бұйрығы бойынша өткенге көз жүгіртіп, еске түсірейік.

Өткенді еске түсіруге тапсырмалар орындатылады.

ІІІ.Жаңа сабақ. Ағаштың тапсырмасы. «Білгеніңнен көп екен білмейтінің,

Анық оны білмесең, жүрмейтінің».

-Ағаштың тапсырмасына мысыққа енді мен көмектесейін. Көрнекі құралдың көмегімен 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіру.

3. Қыздардың тапсырмасы. №2 тапсырманы орында. Кестені жаз және жатта.



Сергіту.

4.Дүкеншінің тапсырмасы. Есепті толықтыр және шығар.

Бұтақта 7 құс қонып отыр. 2 құс -------------? Неше құс ---------?

Ш: Бұтақта-7 құс

Ұшты-2 құс

С: Қалды-? Құс

Ш: 7-2=5

Ж: 5 құс қалды.

5.Тауықтың тапсырмасы: математикалық диктант. Топтық жұмыс.

І-топ ІІ-топ

10+0 10-5 7+2 9-3

5+4 8-2 5+0 6-2

1+5 6-4 4+3 5-3

Сергіту сәті: Кім тез есептейді? Ойыны. Логикалық есеп.

10 асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?
Бесбайда бар 5 іні

Естайда бар 2 іні

Қоссаң 5 пен 2-ні

Неше болар шешуі?


6.Тышқанның тапсырмасы. Артық па, кем бе, әлде айтшы тең бе?

Тапсырманы орындағанда «Спорт» сөзі шығады.

ІҮ. Сабақты бекіту. Допты лақтыру арқылы 6 санын қосу мен азайту туралы білімдері тиянақталады.

-Енді балалар мысық келген жолымен кері қайтып келе жатса, алдынан доп лақтырып ойнаған бір топ балалар кездесіпті. Олар бүгінгі білген-түйгендерін ортаға салып жатыр екен. Мысық балаларға біраз қызыға қарап тұрып, тауыққа қарай бет бұрыпты. Әрі қарай жалғастырылады.

Ү. Қорытындылау.

-Бүгінгі саяхат сабақ ұнады ма?

-Саяхат сабағымызда санға нешені қосу мен азайтуды үйрендік?

ҮІ. Бағалау



Үй тапсырмасы №5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет