Жеті жұмбақ.
-
Ғ.Мүсіреповтің қазақ арасына «бесінші» түлік әкелгені жайлы шығармасы. («Талпақ танау»)
-
«Батпақ қараның айы мұндай арсыз бола ма? Шығырық атып аспанға шығып алады да, ыржалаңдайды да тұрады. Күннің өзі шыға алмаған биікке шығып алғанына масаттанып жүргендей». Қай әңгімеден үзінді? (Шұғыла)
-
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің арасындағы туыстық қатынас. (Ағайын)
-
«Мен бе асылатын!
Сақ бол өзіңе де!
Арыстаным келеді-астында қалма! Жолбарысым келеді-жолында қалма! Қыраным келеді – көзіне түспе! Көзіне түссең – іліндің, іліндің – жұлындың! Өз басыңды қорғай біл!» Кімнің сөзі? (Баян)
5. ( Арнайы сұрақ. Мұғалім Д.Қосаман).
Ғ.Мүсірепов Пресногорьков жоғарғы-бастауыш мектебін бітірерде еркін тақырыпқа орысша шығарма жазған. Орыс тілінің мұғалімі Ғабитке 10 бет әңгімесінен 150 қате шыққанына, басқа оқушылардың жарты сағат талағанына қарамай, екі ауыз сөз айтып, қасында қызыл плюсі бар «5» қойған.
Мұғалімі не деп дәлел айтқан? (Жазушы болады).
6. «Аманкелді» кинофильмінде Аманкелдіні сомдаған қазақ актері кім? (Е.Өмірзақов)
7. «Шіріген түбірдің түбіне өрімдей тал несіне шықтың екен ... Кім қызықпасын, кімнің әлі жетпесін саған... бұтағыңа бұлбұл қонатын шынарым едің, енді мынау, шіріген түбірдің исі-қоңысы бойыңды улап, құрт-құмырсқасы жапырағыңды жайлағалы тұр. Панасыз елдің шетіне несіне шықтың – несіне төгіліп бой жаздың?» – деп мұңайған кім. (Баяаның анасы Күнекей).
8. «Ұлпан» романының басты кейіпкерлерінің бірі Есенейге Ғабиттің атасы мен әжесінің қандай қатысы бар? (Атасы Мүсіреп Енесейдің билерінің бірі, құдасы, досы. Әжесі Шынар Ұлпанның жақын сырласы)
9. (Арнайы сұрақ) Ғабит Мүсірепов қай ақынға қандай шығармасы үшін алтын қаламын сыйлады? (М.Мақатаевқа «Аққулар ұйықтағанда»)
ІҮ. Асық ойыны.
1.«Бүк» жағы. (Драмалық шығармалардан)
1) «Ол баю жолында ешқандай қылмыстан жеркенбеді, ешқашан моральдық заңға мойын ұсынбайды. Өзінің психологиясы, характері жағынан буржуазиялық қоғамның өкіліне жатады,!» - деп Т.Ахтанов кімді айтып отыр?
А) Қодыр. В) Қарабай. С) Жантық.
2) Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» драмасына арнап кейін шағын киносценарий жазады. Ол қалай аталады?
А) «Жауыздық пен махаббат».
В) «Махаббат туралы аңыз».
С) «Махаббат қызық мол жылдар».
2. «Шік» жағы. (Әңгімелерінен)
1) Ғ.Мүсірепов қай әңгімесінде қазақ халқының басынан өткен нәубат жылдар суреттелген?
А) «Талпақ танау». В) «Шұғыла». С) «Қос шалқар».
2) Ғ.Мүсіреповтің «Қос шалқар» әңгімесіндегі зұлым бай кім?
А) Қанапия В) Дәулетпек С) Қосым
3. «Әлші» жағы. (Өмірінен)
1) С.Мұқановтың Ғабиттің анасымен қандай жақындығы бар?
А) Туған апасы. В) Кіндік шешесі С) Нағашы апасы
2) Ғ.Мүсіреповтің арғы бабаларының бірі Қуат жылқы арасында ұйықтап жатқан бір жігітті тауып алып, ат қойып, өзіне бала қылып алады. Қандай ат қояды?
А) Еламан В) Мүсіреп С) Жолғұтты
4. «Тәйке» жағы. (Романдары)
1) «Жат қолында» романының басты кейіпкері.
А) Кенжеқара Берікқарин.
В) Қайрош Сарталиев.
С) Торсан Тілемісов.
2) «Атқа сұлыны тәуір берсе, жұмысты жақсы істейді» - деп есептейтін Ғабиттің кейіпкері кім? (Ушанов)
Ү. «Жорға».
1. Ғабиттің отбасында неше бала тәрбиеленген? (6)
2. Екінші әйелі. (Райса Мұхамедиярова)
3.Орынбордағы жұмысшылар факультетіне қай жылы оқуға түсті? (1923ж)
4. Анасының аты? (Дина)
5. Поэмасы. («Кездеспей кеткен бір бейне».)
6. «Ақан сері - Ақтоты» қандай драма? (психологиялық)
7. «Қазақ салдаты» романындағы бас қаһарман? (халық)
2.
1. Ғабиттің ұстазы кім? (Б. Өтетілеуов)
2. 1956-1966 жылы қай журналдың бас редакторы болды? («Ара – Шмель»)
3. Ғабиттің алғашқы көлемді шығармасы? («Тулаған толқында»)
4. 1928 жылы жазылған алғашқы әңгіме? («Қос Шалқар»)
5. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» драмасына қазақ жазушыларының ІІІ съездінде жоғары баға берген кім? (М.Әуезов)
6. «Қазақ солдатындағы» Қайроштың прототипі? (Қайырғали Сұмағұлов)
7. «Оянған өлке» романындағы Сүгірәлі қандай кейіпкер? (жағымды)
ҮІ. Шешендік өнер. Екі оқушы өздерін толғандырып жүрген мәселе бойынша өз пікірлерін айтады.
Тақырыбы: Н.Байғаниннің «Нарқыз» поэмасы
Мақсаты:
Білімділік:Ақын туралы толық мағлұмат беру, шығармаларымен таныстыру, поэманың мазмұнын игерту, идеясын ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, ерлікке тәрбиелеу ;
Дамытушылық: Ой өрісін кеңейту, тіл мәдениетін дамыту, көркем әдебиетке қызығушылығын тудыру.
Көрнекілігі: Ақын портреті, нақыл сөздері, буклеттер.
Түрі: «Ең үздік оқырман» зияткерлік ойыны
Әдісі:Сұрақ-жауап
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Ойынға кіру үшін қойылатын сұрақтар:
1. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры қандай жыр? (Лиро-эпостық)
2. Аягөз қайда барасың кімнің өлеңі? (Д.Бабатайұлы.)
3. Махамбеттің “ Тарланым ” өлеңі кімге арналған? (Исатайға)
4. Абай оқыған Семейдеге медресе қалай аталады? ( Ахмет-Риза )
5.Абайдың қара сөздері қанша? (45)
6.“ Маса ” жинағының авторы? ( А.Байтұрсынов.)
7. “ Бір адамға ”өлеңі кімдікі? (С.Торайғыров.)
8. Ж.А. “ Әнші ” әңгімесіндегі Әмірханның прототипі? ( Ә.Қашаубаев.)
9. Жамбыл қай жылы туған? (1846 ж.)
10. Жамбылдың ұстазы? (Сүйінбай)
11. “ Сыр сандық ” кімнің өлеңі? (С.Сейфуллин.)
12. І.Ж “ Әнші ” өлеңіндегі әнші кім? (Әсет Найманбаев)
13. “ Сүйемін ” өлеңінің авторы? (М.Жұмабаев.)
14. М.Әуезов туған облыс? (Семей)
Табалдырық
1. Күдіреген жоталы, ашулы Көксерек тағы да жортуылға шықты. Белгілі жемтік біткеніне екі күн болған. Содан бері аш еді. Жорта-жорта, баяғы.....-дан шықты.
(Қарадырдан. М.Әуезов. „Көксерек„)
-
Үстіне гүрілддеген қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып бір жұмылды. Басына таман арандай ашылып кле жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс ...... көрінді. Бұл кім және не көрді?
( Құрмаш, Көксеректің құлағын көрді.)
-
Бекбердінің бір әйелінен Ұлпа дейтін қыз туып, аса көрікті боп өседі. Осы қызға...... дейтін жігіт ғашық болады. Қай шығармадан, авторы кім? Кім жайлы айтқан?
(Шүректің Мұратбегі, С.Мұқанов. “ Есіл бойында ”)
-
Ораз жұмсаған жаққа балалар ж,гіріп кетеді де, шуласа кеп жылыстың ішіне кіреді.Талдардың не шіліктердің арасындағы бар аң..... ғана ма, болмаса ең қорқағы солар ғана ма, әдетте шудан үркіп, ағаштан шыға қашатын...... болады.
(Қоян , С.Мұқанов. «Саятшы Ораз»)
-
Уа, Жалпақ Ергенекті елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналып едің. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің,„-деді би. Бұл қай бидің сөзі? Қай әңгімеден? Авторы кім?
( Бала би. “ Ананың анасы ” Ғ.Мүсірепов)
-
Бес жасар баласын піштіртіп сонда қожасы құрғыр баладан сүндет атыңды айт деп сұрағанда, иттің ғана баласы менің ...... атапты дейд. Енді, міне, баланың аузына құдай салған шығар, атын берсін, қалған қалың малымды кештім депті. Қай шығармадан? Авторы кім? Нені сұраған?
(“ Боранды түнде ” Ғ.Мүсірепов, Күрең белімді )
-
Ашуын бер арыстанның
Жүрегін бер жолбарыстың
Күллі әлемгің ашу кегі
Орна менің кеудеме кеп
Жау жолына атам сенііі
Бомба бол да жарыл, жүрек.
Кімнің сөзі, қай шығармадан, авторы кім?
(Қасым Аманжолов, “ Ақын өлімі туралы аңыз ”
8.Тақсыр-ау, түсінбесең әзілімді,
Тілімнен таптым дермін жазығымды
Ашынсаң Мекке таңын өшірерсің,
Қағбаны Самарқандға көшірерсің
Кімнің сөзі? Қай шығармадан?
(Хафиздің сөзі “ Ақсақ Темір мен Ақын ” Қ.Бекхожин.)
9. Шах барма шеткен ақын қадіріне,
Құрсауға түсті басым қазір, міне.
Сөздері дүниеге алтындай таң
Қаңғыртты кімді? Махмұд сұлтан
(Фирдаусиді. Қ.Бекхожин. “ Ақсақ Темір мен Ақын ”)
10. –Қош бол, жолдас,-деді Ержан қарлыққан тарғыл үнмен.
Политруг... қарап басын игендей болды. Содан кейін еңсесін көтеріп алып
окоп ішіне тізіліп тұрған аз ғана жауынгерлерңне тіке қарады.
Кіммен қоштасты? Қандай шығармадан? Кімдікі?
(Клочков, «Окоп үстіндегі айқас» Т.Ахтанов)
Әудемжер
(Н.Байғаниннің «Нарқыз» атты поэмасы бойынша)
-
Балуан еді даңқы арттық
Жауырыны жерге тимеген
Талай мықты балуанды
Не құрлы көрмеген.
Жығылуды білмеген,
Тұмақ құрлы
-
Бәйгесіне ат алған
Алғыс алған, ат алған
Кім жасынан
Балуандығы асқан соң
Нарқыз болып атанған.
Айша сұлу
3. Әмірі қор Мәмбет хан
...
Сейітке күш сөз айтқан.
Хан айтқан соң амал жоқ,
Көнбейтұғын заман жоқ.
Хан қандай сөз айтты?
( Қыз берсін деп ағама )
4. Мен Мәмбет хан болғалы,
Хандық бақыт қонғалы,
Абыройымды ешкім төкпеген,
Бұрын-соңды алдымнан
...
( Ешкім кесе өтпеген )
-
Бес жігіт күні тарылды
Қол қусырып бағынды.
Не деп
Ер Нарқызға жалынды?
( “ Өзің біл, – деп, –ағатай! )
-
Малы семіз, халық шат,
Аман шығып сол қыстан,
Көп дәулетке көңіл мас...
Күзінде өлген ... ,
Осы байдың асына
Сауын айтып халыққа
Берілген болды сыйын-ас.
Кімнің асы?
-
Астың көні жеткенде
Бәйбішелер байсалды
Бай асына саба артты
Алшын, Жаппас, көп Шекті,
...
Жолдың шаңын боратты.
( 12 ата бай ұлы )
-
Ел билеген би, болыс
Ас беретін мырзаға
Ата жолы осы деп
... .
( Шәйіге жамбы орапты )
Қозыкөш
-
Талай топта күрескен
Шықты сонда балуан қыз.
Сипатына көзің сал,
Енді қапы қалмаңыз.
Қымқап шапан киінген,
Мақпал шапан зер салған
Қандай белбеу белінде?
Алып ұшып жүрегі,
Топта қызып сүйегі,
“ Келіңдер – деп, – балуандар! ”
Нарқыз қарап күледі.
( Түрме белбеу )
2. Мәмбет хан да ақырды
Балуандарын шақырды.
Топта озат бәйге алған
Шақырып алды қасына
“ ... ” батырды.
Шашылған даңқы ежелден,
Ат, түйені шығарған
Түскен құдық тереңнен.
( “ Алып балуан ” )
-
Ұстаса жүтіп Нарқызға
Хан балуаны сөйледі:
“ Атандың Нарқыз сен, – дейді,
Күреске келдім мен, – дейді,
. . . жолы үлкен,
Кезек бердім мен, –дейді”.
( Еркектен қыздың )
-
Хан балуаны тағы да
Жалпақ жаурын қара екен,
Бұл да айтудай бар екен.
Хан балуаны жығылса
Кімнен ар екен?
( Қарашадан )
-
“ Қара Мәмбет сен, – деді,
Нарқыз едім мен, – деді.
. . .
Меніменен тең бе еді?
Туғант інің – Арыстан
Не қылғаным көр, –деді. ”
( Қатыны өлген таз ағаң )
-
Арыстанды ұрады
Өкпесінен сығады
Мәмбет ханның алдына
Бұлғап-бұлғап ұрады.
. . . шарт етіп
Ортасынан сынады.
( Ортан жілік )
Беласар
-
Шырағым, Нарқыз, асылым,
Сөзімде жоқ терістік.
Халық болып сөйлесіп,
Мәмбет ханмен келістік –
Жолың ашық шырағым,
Енді өзің қарарсың,
Қалың елден қалаған
Өз теңіңді табарсың!
Кімнің сөзі?
( Бөктергі )
-
Жігіттер, құралсайлаңыз,
Бұрынғының үстіне
Нарқызды тағы байлаңыз.
Жамандықты аяма,
Еш жамандық қалмасын,
Бар амалды ойлаңыз.
Кімнің сөзі?
( Мәмбет ханның )
-
Атың Нияз әйгілі
Артық туған ер едің.
Ақық сұлу аруды
Құтқарғалы кеп едің
Дұшпаныңды мұқатып,
Талай басып жеп едің.
Кімнің сөзі?
( Нарқыз )
-
Келбетіңе қарасам,
Көрмеген бір нәсілсің,
Сөздеріңе қарасам,
Тұрған бойың ақылсың.
Жөніңді айтшы, азамат,
Сен, кім деген батырсың?
Кімнің сөзі?
( Нияздың )
Қосымша:
Жеттім Нияз, соңыңнан,
Қалап барған жауыңды
Ұстап бердім қолымнан,
Елдің малын бермеймін,
... кімге?
( Ұрыға айыл торыған )
Сөзімді тыңда Нияз ер,
Білімі артық кемеңгер!
Орта жүзде қай би,
Сол биге хабар бер
Кіші жүзде қай би
О да келсін бас қосып,
Кеңесетін болсын жер.
( Бала би, Шоңай би )
Шақырса барған кісіден
Мәнісін сұрап қарады.
Әбден жайын түсініп,
Неше кісі жолдаспен,
Нияз бенен Нарқыздың
Келсін деген еліне
Бала би кетіп барады.
( 12 кісі )
Ат сүрініп кеткенде
Қыз басынан тымағы
Ұшып түсіп қалады.
Нияз да жалт қарады.
Қос бұрымды қолаң шаш
Жауырынын жабады.
. . . –деп Нияз аң-таң қалады.
( “ Қыз болды ғой батыр,–деп ” )
Туысқан аға, інісі
«Арманда кеткен тумам!» деп
Үстіне кеп құлады.
Жамылып ымырт, күн батты,
Жұлдыздың алды шығады.
Әлсіреп жатқан бөктергі
..... шыға тынады ......
Не шыға тынады?
(Жұлдыз)
Рамазан, Төлеуге,
Кердері мен Керейтке,
Ат жетер жердің шегіне.
....... болыс еліне
Аян болған ас екен
Қанша болыс?
(16 болыс)
Жолайрық
Бала би мен Шонай би
Екеуін елге бас болып,
Елді тура жолдаңыз
Қайырсыз хандай болмаңыз
Жарлы менен нашарды
Жамандықтан қорғаңыз
Қара қылды қақ жарып
...............................,.........
Мойныңдағы сол қарыз
(Халыққа әділ болыңдар)
Билік айтсаң, екі ата,
Сөзің екі болмасын!
Не десең де көндім, - деп, -
Сіздер сенген Киязға
Мен де алаңсыз сендім!-деп
Нарқыз жауап береді.
Кияз жасқа тең еді
................................
Бала би мен Шоқай би
Тауып қосқан жереді
(Бір сұңқар мен аққуда)
Көмбе
Ел билеген би, болыс
Ас беретін мырзаға
Ата жолы осы деп
Шәйіге жамбы орапты.
Жамбы деген не?
Қорытынды: «Үздік оқырман» атанған оқушыны марапаттау.
10 сынып
Тақырыбы: Айттым сәлем, Қаламқас
Мақсаты:
білімділік- Абайдың жастық шағынан үзінді тамашалай отырып, ақынның ғашықтық тақырыбында жазған өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбын, идеясын таныту
тәрбиелілік:Жас ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелей отырып, салт-дәстүрден аттамаған қазақ жастарының өмірін үлгі ету.
Пәнаралық байланыс: саз өнері
Түрі: қойылым
Типі: дәстүрлі емес
Әдісі: Ұлттық ойын элементтерін, қазақтың әдет-ғұрыптарының бірі Бастаңғы түрінде өткізу. Абайдың әндерін, қара сөздерін, өлеіңдерін пайдалану
Крнекшілігі: Киіз үйдің жабдықтары, алтыбақан, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, видеокамера
Рөлдегілер:
Абай- Қыдыров Берік 11ә сынып
Тоғжан- Хайырманова Ағлен 11ә сынып
Ербол- Құлынбаев Ғизат 11ә сынып
Керімбала- Жұбашева Эльвира 11ә сынып
Тоғжанның жеңгесі- Қаленова Жұпар 11ә сынып
Бір топ қыз-жігіттер- Cражов, Қаратаева, Боранқұлова, Әмірова, Есетов
І-перде
Қазақы киіз үйдің іші. Абай дөңгелек үстел басында өлең жазып отыр. Аптығып сырттан Ербол кіреді.
Ербол: Сүйінші, сүйінші, Абай!
Абай: Аузыңа май, астыңа тай, қалағаныңды ал, асықпай түсіндірші әуелі.
Ербол: Жүрші, киін де, атыңды ертте. Жолда айтамын
(Екеуі асығып шығып кетеді)
ІІ-перде
Алтыбақан айналасына жиналған қыз-жігіттер. Абай мен Ербол аттарын ауыл сыртына тастап, алтыбақан теуіп жатқан жастарға келіп қосылады. Екеуі бірге амандасады.
-Кештерің көңілді болсын, құрбылар!
Тоғжанның жеңгесі:
-
Келіңдер,төрлетіңдер! Тоғжан аулының үлкендері көрші ауылға кеткен соң, жастарымыз жиналып бастаңғы жасап жатырмыз,-дейді.
-
Мынау, Абай ғой!- деді шеткірек тұрған қыздың бірі.
-
Иә, иә, Абайдың дәл өзі,- деді Тоғжанның құрбысы Керімбала да.
Абай Тоғжанның жанына келіп:
-
Амансың ба, Тоғжан!- деді. Тоғжан жәймен ғана:
-
Есенсіз бе? Абай!-деді. Осы кезде Керімбала келіп:
-
Ау, бұл не тұрыс, құрбылар! Қане ән бастайық,-деді. Тоғжанның жеңгесі де оны құптай кетеді. Ербол:
-
Жо-жоқ, алдымен ауылдың алты ауызы болмаушы ма еді, ін бастар сіздерден, әрі қарай қостау бізден болсын,-деді айналасына қулана қарап.
-
Еркежан, әнді өзің басташы, даусыңды естімегелі көп болды,-дейді жеңгесі Керімбалаға.
-
Жарайды, дегендерің болсын,- деп Абайдың `` Желсіз түнде жарық ай`` деген әнін орындайды. Ән орындалғаннан кейін:
-
Ендігі кезек сендердікі, қонақ кәде сұраймыз,- дейді Керімбала.
-
Бізде құр қол келмедік, қане Абай бүгін ғана туған әніңді шырқап жіберші, әлі сиясы да кетпеген,- деді Ербол Абайға қарап. Абай: ``Айттым сәлем, Қаламқас``әнін орындйды.
-
Ой, жарайсың, қандай керемет ән еді,- деген секілді мақтаулар естіледі, әр жерден.
-
Қане, қыздар, жігіттер менде бір ұсыныс бар, ``Ақсүйек`` ойынын ойнасақ, қалай болады?- деді Ербол.
-
Тамаша ұсыныс, ойнасақ ойнайық,- дейді қыз-жігіттер бір ауыздан қостап.
Ақ сүйекті Ербол лақтырады. Қалған қыз-жігіттер іздеуге кетеді. Осы сәтті асыға күткен қос ғашықта бірге кетеді. Абай Тоғжанға қарап:
-
Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,
Туса туар- артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас,- дейді.
Тоғжан:
Қиыстырып мақтайсыз,
Ойласаң не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлденеге бастайсыз.
Біз де әркімді байқаймыз,
Тап бергеннен тайқаймыз.
Сіздей асыл кез болса,
Қайтіп басты шайқаймыз.
Абай:
Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайрылмас.
Көрмесем де, көрсем де
Көңілім сенен айрылмас.
Тоғжан:
Ақылыңа көркің сай,
Сіз-жалын шоқ, бір-бір май;
Ыстық сөзің кірді ешке,
Май тұра ма шыжымай.
Қабыл көрсең, көңілім жай
Тастап кетсең, япырмай.
Ит қор адам болар ма,
Бұл жалғанда сорлыңдай?
Абай:
Сізде сымбат, бізде ыхылас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда
Қызығына жан тоймас.
Тоғжан:
Тілегімді бермесең,
Амалым не жерлесең?
Үйір қылма бойыңа,
Шын жақсы көрмесең.
Абай мен Тоғжан бірге ``Амалым қанша, амалым?`` әнін орындап, шығып кетеді. Шымылдық жабылады.
-
Қыз қуу ойыны 10-11кластар арасында үш қыз,үш жігіт қатысады.
Ең алдымен ойынға қатысу үшін шабандоздарымыз мынадай шарттардан сүрінбей өтуі шарт.Ұлы Абай атамыздың кез-келген өлеңінен бір шумақ жатқа айтуы тиіс.
Қыз жігіттер таңдап алынғаннан кейін баға беретін қазылар сайланады.Яғни екі мұғалім,екі оқушы.
Ойын шарттары:
1)Танысу. а)Бейтаныс қызбен танысуды неден бастар едіңіз?
ә)Қыздар бейтаныс жігіт сізбен танысқысы келеді.Сізде қарсы емессіз қалай танысасыз?
2)Танысқан қызы ұнады делік.Дос жігітіңмен қуанышыңды бөліскің келді.Досың қандай қыз,түрі қандай деп маза берер емес.Сіздің жауабыңыз?
Әдеби тілмен немесе Абайдың және басқада ақындардың сөз өрнектерін пайдалануға болады.
Осы сұрақ қыздарғада арналады.Құрбыңмен сырласып отырып,бір біріңмен танысқан жігіттеріңді қалай суреттер едіңдер?
3)Қызбен таныстыңыз,түр тұлғасы ұнап қалды.Яғни бір көргеннен ұнатып қалдыңыз.Ішкі сезіміңізді тұншықтырмай сыртқа шығаруыңыз қалды.Сезім сырын сүйген қызыңызға қалай шертер едіңіз?
Қыздар сіздер жігіт ұсынған жүректі қалай қабылдар едіңіз?
Ойын соңында қазылардан бағасы сұралады.Егер жігіттің жинаған ұпайы асса,жігіт қыздың бетінен сүйеді.Аз болса қыз жігіттің арқасына қамшымен дүре соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |